Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МӘҢГІЛІК ЖАДЫМЫЗДА

8 мамыр 2020
КҮЛТӨБЕ
МӘҢГІЛІК ЖАДЫМЫЗДА
WhatsAppTelegramFacebook

Жеңіс күні! Аға ұрпақтың жүрегі мен жадына қуанышпен қоса мұң ұялататын осы бір күнді аса қадірлі мереке ретінде атап өтіп келе жатқанымызға биыл 75 жыл толып отыр.  Тән азабы мен жан жарасын ұмыттырып жіберетін құдіретті уақытпен бірге үш ұрпақ ауысса да өзінің маңыздылығын жоймаған Ұлы Жеңіс әлі де жадымызда жаңғыруда.


Ресей жерімен қоса Орта Азия мен Сібірді жаулап алып, славян халықтарын еңбек күші ретінде пайдаланып, ал түркілер мен монғолдарды жер бетінен жойып жіберуді ойға алған фашистерге қарсы қазақстандықтар да сап түзеді. Деректер бойынша Ұлы Отан соғысына 1 млн. 366 мың қазақстандық аттанып, әрбір бесінші адам  қанқұйлы жауға қарсы ұрыс жүргізген.  Өкінішке қарай, 601 мың 815 жерлесіміз майдан даласында ажал құшып, жат өлкеде мәңгілік мекенін тапты.

Мыңдаған жылдық тарихында жерінің тұтастығы мен елінің азаттығы жолында бітіспес күрес жүргізіп келе жатқан Ұлы Даланың жауынгер жұрты бұл жолы да қолына қару алып, жанқиярлықпен күрескені белгілі. Жаудың алғашқы жойқын соққысына ұшыраған Брест қамалынан бастап, ең шешуші майдандарда жаужүрек ұл-қыздарымыз ерліктің өшпес үлгісін керсетті. Алматыда жасақталып, Мәскеуді тажал тырнағынан қорғап қалған генерал Панфиловтың 306-шы атқыштар дивизиясының ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылып қалды. Сан ғасыр Ұлы Дала төсінде қилы заман, қиын кезеңді өткерген батыр елдің ұрпақтары бабадан қалған ерлікті осы соғыста тағы көрсетті. Қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының қайталанбас бейнесі Мәскеу түбіндегі  Волоколамск тасжолында болған ұрыста сомдалып шыққанын білеміз. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған жаужүрек ұшқыш Талғат Бигелдинов, жалынға ораған ұшағын жаудың танк колоннасына бағыттаған Нұркен Әбдіров, ажал оғын сеуіп тұрған дұшпан дзотын кеуделерімен жауып, ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаров пен Сұлтан Баймағанбетовтардың қайсарлығы, Шығыстың ару қыздарының ішінде алғашқы болып Кеңес Одағының Батыры атанған пулеметші Мәншүк Мәметова мен сұрмерген Әлия Молдағұлова ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Ленинградты қорғаушылардың қатарындағы қазақ жауынгерлерін рухтандыру мақсатында жыр алыбы Жамбылға «Ленинградтық өренім» атты өлең жаздырып, оның бейнесі салынған плакаттарды қоршаудағы қаланың әр көшесіне іліп қойып, жауынгерлер рухын оятты.

Еліміздің ауқымды аймағы жау қолында қалғанда партизандық соғыс жүргізген қазақстандықтар қауіп-қатердің ортасында жүріп шынайы ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың қатарында атағы досқа мақтан, дұшпанға  сес болған Қасым Қайсенов туралы ертегіге бергісіз әңгімелер әлі де айтылып жүр. Қазақтың қарымды қаламгерлері Әди Шәріпов пен Жұмағали Саинның да партизандар қатарында соғысып, жауды ішінен күйреткені тарихтан белгілі. Ал дұшпанды өз ордасында талқандап, Рейхстагтың төбесіне ту тіккен  Рахымжан Қошқарбаев болғанын бүгіндері айдай әлем мойындап отыр.

«Уақыт жазбайтын жара жоқ!»  деп жатады жұртшылық. Әрине, жылдар өте келе тән жарасы тартылып, жанға түскен қайғы ұмытылуы мүмкін. Дегенмен, ешкім де, еш уақытта ұмытуға болмайтын, мәңгілік жадымызда жаңғырып тұруы тиіс Ұлы Отан соғысы салған қасірет екені даусыз. Сондықтан Жеңстің 75 жылдық мерекесін тойлай отырып, біз ең алдымен – сол соғыстың халыққа әкелген нәубетін, қыршынынан қиылған жастар мен ортасына түскен шаңырақтар жайлы ойлануымыз керек. Осындай жан түршігерлік соғыста болашақ үшін  жанын пида еткен ерлеріміздің ерлігі елге үлгі, ұрпаққа ұран болып қалуы шарт. Жеңіс күні дегенде келешек ұрпақ ең алдымен осыны ойға алғаны абзал!

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
 

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.