Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛТЫН ДІҢГЕК

30.04.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Әпкем айтқан әңгімелерден халқымыздың өткенін ұғып-білуші едік. Ол жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылы сәуір айында дүниеге келген. Отан соғысының зардабы мен кеңестік қоғамның қалыптасуын көзбен көріп, ауыртпалығын бастан өткізген. Мен әңгімелегелі отырған Қаратал ауданы Елтай ауылының тумасы Гүлжан Сәдуақасқызы. Алла тағаламның қалауымен Гүлжан әпкемен құда болдық. Көпшіліктің арасында құдағи деп, жеке отбасылық сыйластықта әпке  дейтінмін.


Балалық дәурені аумалы-төкпелі кезге тап келгендіктен ол кісінің құрбы-құрдастары балғын шақтың бал дәмін тата алмаған.Үй-шаруасына жастай араласып, үлкендерге қолқабыс еткен ол інісіне қамқор бола жүріп, оқуынан да қалмаған. Бала кезінде әкесінің сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан айырылып, сағынышпен өмір кешкен. Сондай қиындықтарды белі бекімей жатып бастан өткерген. Бірақ, мойымаған. Сол үшін де мен ол кісіні ерекше құрметтейтінмін. Әпкеміз өмірдің бояуын құбылтып, өрнек салып, жас ұрпақ санасына білім  дәнін сепкен абзал жан. Ол ұлағатты әңгімелері арқылы жан-жағындағыларға ой салып, адамдыққа тәрбиелейтін. Әр адам үшін жүрегін ашып, бойындағы асыл қасиеттерін беретін. Ұстамдылығына тәнті едім. Басымыз қосылып, әңгімеге жол бергенде өткен өмірден сыр шертуші еді. Ұйып тыңдайтынбыз. «Сөз сөзді қуады» демекші, әпкеміз бізді де тақырыпқа араластырып әкететін. Әңгімеге пікірімізді қалай білдіргенімізді білмей қалатынбыз. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болғандықтан ана тілімізге деген ілтипаты әр сөзінен байқалатын. Ел, жер, тарих жайлы әңгімені айтқанда ұйып қалатынбыз. Тірі болғанда Гүлжан әпке биыл 80 жасқа толатын еді.  Ол кісінің ізгі қасиеттері туралы ой толғау – сағынғандықтың нәтижесі. Әпкемді сағынып, сырласқым келіп шарқ ұрып іздейтін кездерім болады. Сәуір айында туған күні еді. Ол кісіге айтар жаңалығым көп. Соны қағаз бетіне түсіргім келді. Әпке, рухыңыз еститін шығар. Сізге біраз жаңалықты жеткізсем деп едім. 

Әпкетай, бүгінде 13 немере, 10 шөбереңіз бар. Жаратқан ием тіл-көзден сақтасын! Аллаға шүкір! Қара шаңырақтың иесі – Еділ отбасымен аман-есен. Бірінші сыныпқа өзіңіз жетектеп апарған Айболыңыз «Сүлеймен Демирел универститетінің тәлімгері.  Екінші ұл – Арсен «Қазақстандық халықаралық лингвистикалық колледжінің» мұнай-газ саласы бойынша ағылшын тілінің аудармашысы мамандығын меңгеруде. Мықты күйші!  Кенже немереңіз Алан білімді және өнерлі. Грузин халқының билерін тамаша билейді.  «ТЭМО» грузин би ансамблінің абыройлы мүшесі. Сонымен қатар, математика және ағылшын пәндеріне көңіл бөліп, оқып жүр. 

Гүлжан әпке, Айбол, Арсенмен сабақ пысықтап, сынып сағаттарына барғаныңыз жайлы айтып, немерелеріңізді мақтан тұтушы едіңіз. Жеті айлық болып, шала  туған немереңіз  Алан биыл төртінші сыныпта оқиды. Осы немереңіз туғанда: «Алла қаласа ертең-ақ ержетеді. Жеті айлық туғандар пысық болады» деп едіңіз. Айтқаныңыз айдай келді. Балақай пысық! Үш  ағасынан кейін дүниеге келген Дәния да ақылды. Данияның бір жасқа толған және  тұсаукесер тойын өткіздік. Тойға бауырыңыз  Ертөстік пен жары Сәуле де келді. Үлкен ұлыңыз  Жидебайдың кенжесі Мұхит үйленіп, өмірге  шөбере келді. «Әлгі Мұхитым қайда жүр екен? Келетін уақыты болды. Әлі жоқ», – деп жолын күтіп отыратын Мұхитыңыз да шаңырақ құрды. Бейбіт ұлыңыздың баласы Алмас үйленіп,  ұл бала дүниеге келді. Ұлыңыз  Мәліктің баласы Тимур отбасын құрып, қыз бала сүйді.  Аллаға шүкір! Әрқашанда қасыңыздан табылатын немереңіз  Анар бұл күні екі ұлдың анасы.  Абыройлы шаңырақтың алтын қазығы. 

Өткен  2019 жылдың желтоқсан айында ел Президентінің Жарлығымен Еділ Құдайбергенұлы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды.  Аллаға рахметімді айттым! Құдама: «Абыройың арта берсін! Ұрпағың арманыңа  жеткізсін!» – деп тілек-батамды бердім. Құдам  Еділ Құдайбергенұлын «Құрмет» орденімен еліміздің экономика, әлеуметтік және ғылым салаларына сіңірген еңбегі  үшін марапаттады. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін елінің өркендеуіне жұмсауы тиіс. Сіздің балаларыңыз әр салада еліне өзіңіздей қалтқысыз қызмет  етіп жүр. Ол сіздің арманыңыздың орындалғаны. Туған күніңізде сізге деген ілтипатымды жазғым келеді. Құдағи болсақ та туыстан артық сыйластық. Сізді әпке дегім келетін де тұратын. Мүмкін, біздің арамыздағы сыйластық басқаларға да үлгі болар. Көңіл қалыспай аралас-құралас болғанға не жетсін! 

Бұл жазған сағынышқа толы ойларым бір әулеттің алтын діңгегі болған әпкем Гүлжан Сәдуақасқызына арналады. Сіздің асыл бейнеңізді осылайша бір табан өзіме жақындата түсемін, аяулы әпке!

Мәңгі бақи жадымдасың! Жаның жаннатта, иманың жолдас болсын!

Құдаңыз Еслямбек Бекпайұлы
Нұр-Сұлтан қаласы

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.