Талдықорған: +13°C
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

КОРОНАВИРУС: ДЕНЕ ҚЫЗУЫ ЖОҒАРЫ АДАМДАР ТАЛДЫҚОРҒАНҒА КІРГІЗІЛМЕЙДІ

27.03.2020
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
КОРОНАВИРУС: ДЕНЕ ҚЫЗУЫ ЖОҒАРЫ АДАМДАР ТАЛДЫҚОРҒАНҒА КІРГІЗІЛМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Сақтықта қорлық жоқ». Осы негізде сақтық шараларын күшейткен Алматы облысының әкімдігі жалпы аумақта 20 бекет орнатқан еді. Соның төртеуі облыс орталығына кіретін төрт жолдың бойында тұр. Талдықорған қаласындағы 4 санитарлық бекеттің жұмысы қалай жүріп жатыр? Осы сұраққа жауап іздеген «Жетісу» газетінің журналистері аталған төрт бекеттің жұмысымен танысып қайтты.

Алдымен Талдықорған – Алматы тасжолының бойында орналасқан бекетке бардық. Ол жерде тәулік бойы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген 4 мейірбике мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері жүр. Әр көлікті тоқтатқан полиция қызметкерлері облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандарына жүргізушілер мен жолаушыларды медициналық тексеруден өткізуге мүмкіндік беруде.

– Күнделікті ақпаратты жазып, басшылыққа есеп беріп отырамыз. Кезекшілік қойылған. Мысалы, таңғы сағат 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін мен кезекшілік етсем, кешкі уақытқа басқа қызметкер кезекшілікке шығады. Мереке күндері көлік аз болды. Бүгін жұмыс күні болғандықтан көлік те көп. Нәтижесінде, кептеліс те орын алуда. Бірақ бұл тек таңертеңгі жағдай, – деген Талдықорған қалалық жол-патрульдік полициясының инспекторы Абылай Саматұлының айтуынша, бір сағаттың ішінде 1000-ға жуық көлік өткен. Басым көпшілігі қалада қызмет ететін Бақтыбай, Н.Алдабергенов, Балпық би ауылдарының тұрғындары.

Ең алдымен сыпайы түрде аты-жөндерін таныстырып, қай жақтан келе жатқанын сұрайды. Содан кейін барып мейірбикелер тепловизор арқылы дене қызуын өлшейді. Автобустар кептеліс туғызбас үшін жол жиегіне бөлек тоқтатылады. Өйткені, оның ішінде 10-нан көп жолаушы болады. Әрқайсысының дене қызуын тексеріп шығады. Дене қызуы 37 градустан жоғары болса, «Жедел жәрдем» көлігін шақыртып, тұрғынды емханаға апарады.

Егер шалғай өңір мен қалалардан келсе, жеке куәлігі бойынша ақпарат пен байланыс нөмірлерін жазып алады. Түсіндірме қағаздарын да қолдарына ұстатады.

Ендігі бағытты Қаратал ауданынан кіреберісте, Үштөбе жолында орын алған бекетке бұрдық. Талдықорған қалалық емханасының учаскелік медбикесі Сәния Естебаеваның сөзіне сүйенсек, осы уақытқа дейін дене қызуы жоғары жан тіркелмеген. Орта есеппен күніне 1182 көлік, 3400-ден аса тұрғын Талдықорғанға кірген. Олардың арасында іргеміздегі Қарабұлақ ауылынан бастап Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына шейін бар.

Ескелді ауданы, Қарабұлақ бағытында орналастырған санитарлық бекетте орта есеппен күніне 3000-нан аса адам өтсе, Үшарал жолы бойында тұрған бекет арқылы шамамен 2500 адам кірген. Әуежайға жақын маңда орналасқан соңғы бекетте наурыздың 25-і күні таңғы 8-ден кешкі 20.00 аралығында 1088 адам өткен.

– Басқа аудан, облыстан келгендерді бірден тіркеп, мәліметтерді алып қаламыз. Содан кейін барып ақпаратты жергілікті учаскелік қызметкерге өткіземіз. Ол сол адамды өз бақылауына алады. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта бақылау бекетіндегі жағдай бірқалыпты, екі бағыттан да кіруге және шығуға тыйым салынбаған. Коронавирустық инфекция белгілері бар жағдайлар тіркелген жоқ, – дейді полиция капитаны Аслан Ибраимов. Оның айтуынша, Алматы, Шымкент, Өскемен қалаларының жолаушылары да өтеді. Бірақ барлығының жағдайы бірқалыпты.

Айта кетерлігі, санитарлық бекетке бекітілген мамандар ешқайда кете алмайды. Бірнеше асханамен келісімге отырған. Аспазшылар уақытылы тамағын дайындап, алып келеді. Күніне екі уақыт бекет іші және қызметтік көліктер дезинфекцияланады. Мамандар арнайы киім, қолғап, медициналық бетпердемен жүр. Тұрғындарға арналып ішінде дезинфекция құралдары да орнатылған.

P.S: Өкініштісі, кей жандар індеттің барына әлі сенбейтін сияқты. Мысалы, бекеттің бірінде тоқтатылған көлік жүргізушісі асыққаны сонша, қойылған сұрақтың өзіне мардымсыз жауап қатты. Жүргізушілер арасында ашулы дауыспен: «Қызуы көтеріліп, тұмаумен ауырған адамды коронавирус деп ауруханаға жатқыза ма?! Бостан-босқа көлік кептелісін туғызып… Өте алмай тұрғаныма 30 минут болды», — деп күйіп-піскендер де кездесті. Әрине, ұят жағдай. Әркімнің денсаулығы баға жетпес байлығы екенін естен шығармайық. Сала мамандары айтқан алдын алу шараларын сақтауға тырысайық!

Еңлік ҚАБДЕШ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жанұя» орталығы: отбасыға тірек, қоғамға демеу

«Жанұя» орталығы: отбасыға тірек, қоғамға демеу

10.04.2026
Жастарға үлгі болған ерлік жолы: Тәжік-Ауған ардагерлерімен кездесу

Жастарға үлгі болған ерлік жолы: Тәжік-Ауған ардагерлерімен кездесу

10.04.2026
«Ашық есік күні»: 30-ға жуық тұрғынға құқықтық көмек көрсетілді

«Ашық есік күні»: 30-ға жуық тұрғынға құқықтық көмек көрсетілді

09.04.2026
Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

09.04.2026
Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.