Талдықорған: +36°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАБЫС ТАРАЗЫЛАНДЫ

09.02.2020
КҮЛТӨБЕ
ТАБЫС ТАРАЗЫЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ  жұртшылық  алдында  есеп берді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары  Лаззат  Тұрлашов  қатысты.


Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Ауылшаруашылығы – аудандағы негізгі сала. Бұл салада жүзеге асқан жұмыстар аз емес. Мәселен, 2018 жылы алынған өнім 103 млрд. теңгені құраған. Былтыр бұл көрсеткіш 120 млрд. теңгеге жеткен.

– Мұндай табыстар бір жақтан келген жоқ, бәрі еселі еңбектің, маңдайдан төгілген тердің, жүйелі ізденістердің нәтижесі. Соңғы жылдары ауданда алма өсіру ерекше қарқын алды. Бағбандар заманауи технологияларды меңгеруге құлшынды. Ғылым мен практиканы ұштастыруға тырысты. Соның арқасында алма бақтың жалпы көлемі 6500 гектарға жетті. Оның 1550 гектары интенсивті бақтар. Алдағы уақыттарда оған тағы 800 гектар алма бағы қосылады, – деді Бинәлі Әбдіқапасұлы.

Әрине, бақтың көлемі артқан соң жеміс өндірудің мөлшері де көбейетіні рас. Алған өнімді ойдағыдай сақтау мәселесі туындайды. Бұл мәселе ауданда оң шешімін тауыпты. Жыл ішінде «Alma Mater Fields» компаниясы Тауқаратұрық елді мекенінде сыйымдылығы 3600 тоннаға лайықталған қойма жасап, іске қосты. Оның жалғасы ретінде «Феникс Групп» ЖШС Қорамда 7,9 мың тонналық, «Frosco» ЖШС Ақши ауылында 7000 тонналық, «Арнау-Агро» ЖШС Тескенсуда 5000 тонналық қойма жасауды қолға алды.

Аудандағы ірі қараның саны өз төлі есебінен 3,3 есеге, қой-ешкінің саны 1,7 есеге артқан. Экспорт бойынша өткен жылы сыртқа ет сату мөлшері 75 тонна деп белгіленсе, бұл жоспар толық орындалған. Сол сияқты 300 ірі қараны импорттық негізде сырттан сатып алу көзделген. Ол сан 1290 басқа жеткен. Аудан аумағында 2 тауарлы-сүт фермасы бой көтерді. 1000 басқа арналған ірі қара бордақылайтын алаң пайдаланылуға берілді. Ауылшаруашылығы саласын өркендету үшін 10 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылыпты.

Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2 млрд. 222 млн. теңгеге артқан. Сөйтіп 40 млрд. 536 млн. теңгені құрап отыр.

Өткен жылы өнеркәсіп бойынша бірқатар ірі жобалар белгіленді. Мәселен, «Жетісу Соя» ЖШС 25 000 тонна сояны қайта өңдейтін зауыт салуды қолға алған. Құрылысы биыл толық бітеді деп күтілуде. Бұл жобаға 1 млрд. 487 млн. теңге бөлініпті. Зауыт іске қосылған кезде 78 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.

Саймасай ауылдық округі аумағындағы «Ассорти Ранчо» ЖШС бөдене етін өңдеу цехын, «Алматы жол құрылысы компаниясы» ЖШС қиыршық тас шығаратын зауытты іске қосты. «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-не қарасты Бұғыты тау-кен байыту комбинаты көп кешікпей ел игілігіне беріледі.

«Жасыл энергетиканың» дамуы да ойдағыдай. Бүгінгі таңда аудан аумағында 4 гидроэлектр стансылары үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бұған жалғасып Шелек өзенінде қуаттылығы 40 МВт болатын ГЭС-тің құрылысы басталмақ. «Нұрлы ВЭС» ЖШС-нің жел электр стансысы іске қосылды. Күн тәртібінде тұрған жоспарлар мен жобалар аз емес. «Жасыл энергетика» барған сайын өз аясын кеңейтіп келеді.

Жергілікті билік шағын және орта бизнестің қарқын алуына барынша қамқорлық көрсетіп келеді. 2019 жылы аудан аумағында жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 19138-ге жетті. Кәсіпкерлер 100 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бөлшек сауда айналымы 55 млрд. теңгені құрады. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 17 жоба мақұлданды. Оған 1 млрд. 247 млн. теңге бөлінді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ұсынылған үш жоба байқаудан сүрінбей өтті. Аудан тұрғындарының кәсіпкерлікке деген құлшынысы артып келеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 14 млрд. 922 млн. теңгені құрады. Жыл ішінде 40,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «7-20-25» бағдарламасы арқылы «Альтаир» ӨК және «Силк Строй Инвест» ЖШС мекемелері көппәтерлі алты тұрғын үйдің құрылысын бастады. Есік қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жалға берілетін 60 пәтерлі үйдің кілті тұрғындарға тапсырылатын күн де алыс емес.

Есепті мерзім ішінде аудан аумағындағы барлық санаттағы жолдарды жөндеуге, талапқа сай күтіп ұстауға 3 млрд. 371 млн. теңге бөлінді. 122 шақырымға газ құбыры тартылды. Нәтижесінде Есік қаласының, Түргеннің, Шелектің тұрғындары көгілдір отынды пайдалануға қол жеткізе бастады.

Аталған мерзімде көпбалалы отбасылар үшін бюджет қаражаты есебінен 10 үй, демеушілердің күшімен 4 үй сатып алынды. Осындай отбасыларға арнап биыл 60 пәтерлік үш үй салынбақ. Оның жобалық-сметалық құжаттары толық әзірленді.

2019 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы 89,2 балға жетті. Десе де, аудан халқының демографиялық өсуіне орай мектептердің тарлық етуі байқалып отыр. Мәселен, облыста  үшауысымды мектептердің саны 38 болса, соның 4-уі Еңбекшіқазақ ауданында. Бұл тығырықтан шығудың жолдары жан-жақты қарастырылуда.

Аудан халқына медициналық көмек көрсету мәдениеті уақытқа сай жандана түсті. Соның арқасында жүрек-қан тамырларынан болатын өлім саны азайды. Вирустық гепатитке шалдығу деңгейі төмендеді. Сонымен қатар, жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтың 20,6 пайызға, ауыр қылмыс жасаудың 19 пайызға, мал ұрлығының 50 пайызға азайғандығын да айта кеткен жөн.

Жиында жарыссөзге шыққандар да өздерін толғандырып жүрген ой-пікірлерін ортаға салды. Есік қаласының тұрғыны Сүлеймен Мақсұтов ауданда газды қосып беру қызметінің құны тым қымбат екенін айтты.

– Ауданға газдың келуі, әрине, зор қуаныш. Оған бәріміз ризамыз. Десек те, сол көгілдір отынды үйге қосып беру қызметінің бағасы көңілден шықпай тұр. Яғни, әр үйге 350 мың теңге алады. Ал көрші аудандарда бұл қызмет түрі бізден әлдеқайда арзан екенін анықтадық. Осыған жұртшылық наразы. Сондықтан бұл мәселенің оң шешімін табуына жағдай жасалса дейміз. Әйтпесе, дәл осы бағамен аудан тұрғындары ешқашан жүз пайыз газға қосыла алмайды, – деді Сүлеймен Мақсұтов.

Қаратұрық ауылының тұрғыны Әшимжан Садыров Шелек ауылына іргелес жатқан біраз елді мекеннің адамдары әлі күнге дейін Есік қаласындағы емханада тіркеуде тұрғандарын айтты.

– Шелектегі аурухана күрделі жөндеуден өтті. Таяу күндері қайтадан есігін айқара ашатын болады. Сондықтан Қаратұрық, Лавар сияқты Шелектің дәл іргесінде орналасқан ауыл тұрғындарын осы медициналық мекеме өзіне тіркесе дұрыс болар еді, – деген пікірі көпшіліктен қолдау тапты.  
Жиынға қатысқан жұртшылық аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың бір жылдық есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.
Жиыннан соң Лаззат Махат- ұлы аудан тұрғындарын жеке қабылдап, онда айтылған ұсыныс-пікірлерге ден қойып, мәселенің дұрыс шешілуін қадағалайтынын ескертті. Осыған байланысты жергілікті билік өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.

Болат МӘЖИТ

Қатысты жаңалықтар

Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026
Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.