Талдықорған: +41°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАЛАНТТЫҢ АТЫ — ТАЛАНТ

07.02.2020
КҮЛТӨБЕ
ТАЛАНТТЫҢ АТЫ - ТАЛАНТ
WhatsAppTelegramFacebook

Аманшылық болса, Тоқан (Қалимолда) жетпіске келеді. Алпысқа толғанда «Даналыққа дала жақсы» атты мақаламмен Жетісу» газеті арқылы ағалық пікірімді білдірген едім. Оны оқыған адамдар Байболовтың осыншама өнерін біле қоймаппыз деп риза күйге бөленген еді. 


Елімізде тоқырауды төпелетіп, жариялылық пен қайта құру саясаты қарқынды басталғанымен ақыры нәтижесіз болып, мызғымас одақ ыдырап тынды. Өндіріс орындары қаңырап, ұжымшар, кеңшардың көпшілігі шөккен түйедей қаңырап қалды. «Киелі орын иесіз қалмайды» дегендей, әр өңірдің қара базары қағынып шыға келді емес пе? Әйтсе де, көптеген ауылды мекендердің қайырлап қалғаны Үкіметтік құрылымдар тарапынан жіберілген өрескел олқылықтардың қолдан жасалғандығынан. Еңбегі жанып, игілігін көріп, жемісін жеп отырған шаруа қожалықтары жоқ емес, баршылық. Алайда «жұмыртқадан жүн қырқып» байығандары, барымтамен көлденең табысқа кенелгендері де жеткілікті. Мұндай әділетсіздіктің сорақысына төзімділік танытып отырған қазаққа айтар өкпең де жоқ, берер ақылың да мардымсыз. Мәселенің ақиқатына келсек, нарық пен экономика егіз ұғым, түбі тамырлас. Бір өзеннің арнасындай. Жағасын бекіте отырып дамыта білсең, ырысың артады. Қолыңнан келмесе арнасы бұзылған сайын жойқын судың астында қалып, барыңнан айырыласың. Ол туралы жеке көзқарасымды «Қаламгер сапары» атты туындымда жазғанмын. Бас кейіпкері – Ақсу ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы кеңшар директоры Тоқан Байболов пен бір топ еңбек адамдары.

Немерем Қуаныштың үйлену тойында Тоқан тойхана төрінен отыратын орнын таппай, аңырып тұр екен. Талғар ауданында ол Қалимолда Байболов есімімен танылып, елдің құрметіне бөленген тұлға ғой. Қалимолда – Жамал атты қонақтың қай дастарқанда екенін таппай тұрған батырың Нұрланға әдептілікпен: «Шақыру билетім үйде қалыпты, отыратын орным белгісіз» демей ме. Қонақтарды орналастыру тізімі Нұрланның емес, менің қолыммен жасалғандықтан Тоқан – Жамал төрдегі құрметті қонақтардың ортасында еді. Мұндағы айтпағым Байболов мырза мен үшін әрдайым Тоқан болып қала бермек. Сондықтан бұл жолғы Талғардың Қалимолдасы жайындағы пікірімді «Т» әрпімен басталатын сөздермен көмкергенді жөн көріп отырмын.

«Таланттың аты – талант» деген ұғым бар емес пе? Бұл негізінде өнер адамдарына берілетін баға. Жеке тұлғаға тән көркем шығармашылықтың белгілі бір саласындағы айрықша қабілет. Адамның бойындағы табиғи дарын, ерекше қабілет біреуге туа бітеді, біреуге жүре бітеді дейді білгіштер. Алған білімі, таңдаған мамандығы өскен ортасында қалыптасып, шыңдалады дейді кәсіби мамандар. Қалай болса да «таланттың аты – талант» теңеуі екінің-біріне бұйыра бермейтініне дау жоқ. Өйткені өмірде дарынсыз, қабілетсіз жан дегенді естіп, тіпті көріп те жүрміз. Бүгінгі теледидар арнасынан түспейтін жұлдызды ұл-қыздарымыздың жолы болсын дегенімізбен бәрін бірдей таланттылар қатарына жатқызу артық қарекет.

Кезінде талантты тұлғалар қатарына екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов, Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаев, Николай Головацский сынды ауылшаруашылығының тарландарын да жатқызған. Олардың бойындағы туабітті қасиеттері, көпті сүйсіндірген еңбекқорлығы, ұйымдастырушылық қабілеті, басшылық қызметте екінің-бірінің қолынан келе бермейтін әділдігі ақиқат тұрғысынан бағаланып, кеңінен насихатталған. Ең бастысы – таланттың тұлпарын тізгіндеген осынау қайраткер ағаларымыз баспасөз беттерінде «легендарная личность» деген мәртебеге ие болған абзал жандар. Тегіне тартып, дара туған ірі тұлғаларға еліктеп, жолын қуып елі үшін еңбек етуден жалықпаған еліміздің жасампаз жастары мыңдап саналған-ды. Солардың бірегейі – Ақсудың Тоқаны, Талғардың Қалимолдасы.

Енді «Талап» деген сөзді тарқатсақ. Алдымыздан ынта, ықылас, ұмтылушылық деген ұғым шығады. Адамның ішкі ізденісінен туындап ілгері ұмтылысы сипатталатын ізгі қасиет болса, осыны Тоқанның бойынан дер кезінде аңғарған адамдардың бірімін. Талабы таудай жас жігіттің іскерлігін алғаш аңғарған «Діңгек» кеңшарының директоры Круценко бас инженерлік міндетті жүктесе, Ақсу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ғалым Тұрғанбаев Тоқанды РТС директоры қызметіне бекіткен. Өндіріс орнындағы бірнеше талаптарды біріктіріп, істің жүйесін қалыптастыру шеберлігі осы мекемеде шыңдалып, аудан активіне танылғаны және ақиқат. Енді оны Шоқан Уәлиханов атындағы кеңшарды басқаруға күшпен апарғандағы менің мақсатым – құм ішіндегі елді мекенді Көшкінбай Жанатов, Зылиха Тамшыбаева сынды танымал басшылар басқарып отырған қала типтес ауылды мекендердің қатарына қосу еді. Сондықтан оның атқаратын міндеті де, жүктелген жауапкершілік те өскелең заман ағымына сай, тың талаптармен айқындалды. Оны қалай атқарғанын білгісі келген оқырман «Даналыққа дала жақсы», «Қаламгер сапары» атты туындыларымды оқыса өзіндік бағасын бере жатар.

Қазақ біреуге сүйсінсе, өзінің пікірін жасырып қалмай: «Сегіз қырлы, бір сырлы азамат екен» деп тамсанып жатады. Бұл сипаттама негізінде Төле бидің өсиетімен сабақтас. Мұқият назар аударыңыз. «Адамның басшысы – ақыл, шолушы­сы – ой, жетекшісі – талап, қор­ғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі сыйластық». Дана бидің осынау өсиетін бойтұмарға айналдырған аға буын өкілдері қазақ елінің абырой-атағын көтеріп, әлемге таныта отырып өскен ортасының сәніне, қоғамның көркіне айналғаны қандай ғанибет?!  Үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ түріп, ғибрат алған жастарымыз қаншама? Міне, мен білетін Тоқан Байболов та дәл осындай азаматтардың бел ортасынан.

Бағзы заманда да, компартия басқарған қызыл империя тұсында да, тәуелсіздіктің ақ таңымен келген бүгінгі өрлеу кезеңінің ағымды тірлігінде де басшылыққа негізінен білімді адамдар тартылады. Дұрыс шешім қабылдап, қиындықтан шығудың амалын табатын қарекеті ескеріледі. Мұндай адамдарды кезінде ақылға диқан еді деп мадақтаса, қазір көбіне инвестор, менеджер деп дәріптеледі. Ақылдың толған кемесі деген теңеу өмірде көргені көп, тәжірибесі мол, өте ақылды адамға қарата айтылғаны жарасымды. Осынау ерекшелікті кешегі өткен, бүгінгі жеткен заманның келбетінен көре білсек, Тоқанды айналып өте алмасың да анық.

Ой дегеніңіз көкейдегі жасырын сыр. Сөзбен берілетін пайымның ішкі мазмұны. Адам өресінің кеңдігі мен биіктігін, ішкі дүниесінің молдығын пайымдайтын процесс ой болғандықтан – ол адамның шолушысы болары ақиқат. Сөзден бұрын ой жүреді. Ой пернесін дөп басқан адам ойын сөзбен өріп баяндайды. Тоқан бір қарағанда сөзге сараң. Ойға терең. Өмірдің ыстық-суығы да ойдан басталады емес пе? Ой дариясына малтығып, бірнеше пайымдарды салыстырып, бір қорытындыға келіп, өзіне де өзгеге де қажетті дүниенің тұжырымын айтып, тиянақты шешім қабылдайды. Оның айтар сөзі ой елеуішінен өтпей әсте айтылмайды. Мұндай өнерін сезген адам «таланттың  аты – талант» деген тұжырымға келетіні хақ.

Өзіңе де, өзгеге де талап қою үшін басшы адам ең алдымен өзінің мақсатын айқындағаны абзал. Тапсырушы адамның орындаушы адаммен арадағы  міндет-жауапкершілігі тоқайласа ма, жоқ па? Орындалу мерзімі орындаушының ынтасын арттырып, ықыласын оятуға талап қоюшының тілегі қаншалықты әсер етіп, жетекшілік мұрындық болады. Бұл – үлкен өнер. Білімділік пен біліктілік. Дұрыс қойылған талап қана жетекшілік етеді. Оның құндылығын кешегі ұжымшар, кеңшарда жеткен жетістіктер дәлелдеп те кеткен. Бүгінгі таңда да өскелең талап алдыңнан шығады. «Талабыңа нұр жаусын!» деген әсерлі сөз емес, талапкер мен орындаушы арасындағы үйлесімдікке берілетін баға, басқаға үлгі боларлық бата. Талабына нұр жауған азамат Тоқандай болса, жетістігіміз де, табысымыз да толағай болар еді-ау, әрқашан.

Жауын-шашын жауған сайын жердің батпағы шығып, лайсаңға айналған көрінісін қазақ «сабыр» болды деп атайды екен. Осындай оқиғалар шаруашылық, өндіріс орындарында, әлеуметтік салада және адам өмірінде де жиі кездесіп тұрады. Мұның артын лайсаңға айналдырмай, болған іске болаттай берік болып, шыдамдылық танытып, тозағына төзген адамды қорғайтын  күш – сабыр. «Сабыр түбі – сары алтын» дегенді көпшілік жақсы біледі. Тоқшылықта да, жоқшылықта да алдыңнан шығатын қиыншылықты жеңіл-желпі шарамен ауыздықтай алмайсың. Шыдам-төзімін елге білдіріп асығыстық жасамай қарымта қайран жасаудың шеберін өмір көрген абыздар сабыр суын қауғалады дейді. Тоқан тиіп-қашты талапкер емес. Ол талғамы жоғары, істің алдынан гөрі артын ойлап, елді жұмылдыра білетін танымгер басшы.

«Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөздің тамыры тым тереңге бойлайды. Көпшілік қателеспейді, дәл, турасын, шындықты айтады деген ұғым. Ауыз әдебиеті, халық әнін, халық жыры мен салт-дәстүрімізді мойындаған адам халықтың талабы мен сынын өзіне қуат беретін, жебеп, жігерлендіретін алып күш деп мойындайды. Бұл хақтың ісі. «Критика – движущая сила» дегенді ескерген біздің заманда халықтың мұңын мұңдап, ел мүддесін ойлаған басшыны халықтың қамын жеген адам деп мадақтады. «Халқының қалаулысы, елінің елеулісі» деп әр деңгейдегі кеңестің депутаты, партия органдарының мүшелігіне сайлап абыройын асқақтатты. Басқаның еңбегімен күнкөретін олигархтарды біздің кезімізде «халық үстіндегі адам» деп табалады. Құдайдан бір жас кіші көпшілік анау-мынауды үстіне шығара қоймайды. Заман өзгергенімен халық қашанда білгенін іркіп қалмай ақиқатын айтады. 

Арман – жуыма, аулақ, жоғал, көрінбе көзге деген ұғымның түбірі болса, ол тіршілікте – әрмен деген сөзбен айтылады. Аңыз-әңгімеге ден қойып, мазмұнына қызықтаудан шыға алмаған сәби қиялға батады. Арманын арқалап, үмітін үкілеп өскен жігіт арманының жетегінде кетпей, көздеген мақсатына талпынып, арман қуып, дегеніне жетпей тынбайды. Тілегі орындалып, өзін де, өзгені де бақытқа бөлейді. Солай бола тұра адам баласының арманында шек болмайды. Үнемі алға жетелейді. «Асар асуың, шығар биігің бүгінгімен шектелмесін» деп үлкендер батасын беріп жатуы да арманның таусылмайтынын айғақтайтын болса керек, шамасы. Нұрсұлтан Әлімқұлов пен Әсет Бейсеуов:
Бәрің достар әр тарапқа 
                       кеттіңдер ме?
Әлде биік асулардан 
                 өттіңдер ме?!    
Әлде игі армандарға 
                     жеттіңдер ме?!
Армандастар, құрдастар, – деп әрқайсымызға сауал қоюына қарағанда адам баласының арманында шек болмасына дау жоқ.

«Адам үшін ең қымбат-  тысы – ар сақтау»,– дейді Төле би бабамыз. «Партия – заманымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы»,– дейді Ленин. Компартия мүшесі болған адамдар ай сайын мүшелік жарнасын төлерде амалсыздан партия билетінің бірінші бетіндегі осынау тұжырымды сөзді оқиды. Мүшелік жарнасын төлей отырып-ақ тапқан табысын, айлығының құнын алдымен өзі бағалайды. Еңбегі мен арын күзетіп, намысын қорғайды. Арын сақтау – адамгершілігін сақтау. Төле би мен Лениннің өсиетіне ден қойсаңыз ойлау және сөйлеу қабілеті зор, еңбек құралдарын жасап, қажетіне жарата білетін қоғамның саналы мүшесі адамға ең қымбаттысы – оның ар-ожданы болса, адамгершіліктің үлгісін көрсетіп келе жатқан Тоқан ары таза азаматтың бірі дегенді мен айтпасам, кім айтпақ?

Шыр етіп жарық дүниеге келген сәбидің алғашқы тіршілігі анасының емшегінен нәр алудан басталады. Еңбек пе? Әлбетте. Еңбектейді, қаз-қаз басқанда тұсауын кеседі. Ат жалын тартқанда белін буып аламанға қосады. Өсу, даму дегенің де осы. Осынау тағылымы мол, тамыры терең тарихтың бір кезеңін, адамзат тіршілігінің әр сатысын, бұйыртқан ғұмырын өмір атайды емес пе?! Оның ардақты болатыны ананың ақ сүтін ақтау. Бесік жырымен айтқан аманатын орындау. Бүгінде жетпіс, сексенді артқа тастаған адамдардың көпшілігі анасының бесік жырынан қуат алған жандар. Тоқанның анасы Рыстың жүрегінен шығып, ұлының жүрегіне жетер арман-тілегін бесік жырымен құлағына құйып, жүрегіне ұялатқан. Сол жырға бір сәт құлақ тосалық.
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп, 
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?
Кең балағын түріскен,
Ұлы топта күрескен,
Балуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шай ішкен,
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екенсің?
Ұзақ жасап, көбірек
Басты болар ма екенсің?
Енді анасының осынау аманатының қай үзігін орындамады деген сұраққа жауап іздеп көргін. Ақсулық ағайындары, талғарлық туыстарының айтар сөзі біреу. Тоқанның өмір жолы өзіне де, еліне де ардақты.

Төле би өсиетінің шапағатымен Тоқанды әр қырынан сипаттауға тырысып бақтым. Оның көбі, айтары жоқ, басқа замандастарымның да бойынан табылары сөзсіз. Күнделікті жүйелей айтылмайтындықтан аңғара бермейміз. Ал бірден аңғарылатыны – сыйластық. Төле бидің сөзімен айтатын болсақ, өмірдің тәттісі. Иә, сый-құрметке, қадыр-қасиетке иелік ету, әлбетте, қиын шаруа. Жасы үлкен адамды қадірлеу, алдынан кесе-көлденең өтпеу сынды ұлтымыздың құнды дәстүрі әр отбасында желі тартқанымен үнемі  жүйесімен сақтала ма? Ағайын арасындағы татулық, бала кезіңде ант берген андалық жалғасын таба ма, жоқ па? «Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді бәз біреулер. Насыбай тәтті емес, ащы болғандығынан ба, әлде оның басқадай сыры бар ма? Қазақта қонақ күту деген өнер бар. Біріне сыбағалы мүше салып, ет асып қошемет көрсетсеңіз, енді біріне қоюынан сұйығы көп көже ұсыну ләзім.

Тоқан Байболовпен сонау 1985 жылы қызмет бабында мұхит айдынында бір кемеде жүзген адамдардай социализмнің кемелденуіне атсалыстық. Ақсу ауданының алпыс жылдығын, Қуат Терібаев ақынның жүзжылдық торқалы тойын халық қаражаты есебінен өткіздік. Мердігерлік тәсілді дер кезінде ендірудің арқасында еңбегіміздің жемісін көріп, ауылшаруашылығы жетістігінің аудандық көрмесін үш жыл қатарынан өткіздік. Соңғы бесжылдықтың қорытындысы бойынша аудан шаруашылықтарының барлығы жоспарлы экономика талаптарына сай межелі көрсеткіштерін артығымен орындап, аудан жұртшылығы толағай табысқа бөленді. Үкіметтің арнайы қаулысымен келешегі шектелген Шолақ өзек, Өнім, Ойтоған, Қарасу сияқты елді мекендерге мектеп, балабақша, дәрігерлік пункт салдыртып, атақонысынан аумай отырған елдің тұрақтануын қамтамасыз еткеніміз жетістіктің үлкені. Білген кісіге, әрине. «Көрмес – түйені де көрмес» сипатындағылар ел ішінде әлі де кездесіп қалар. 

Тоқырауды тіліне тиек еткен Горбачевтің қайта құру сандырағы біздің ауданды айналып өткендей ме деп ойлайсың кейбір сәтте. Тәуелсіздіктің ақ таңын Ақсу ауданында бірге қарсы алдық. Аудан тұрғындары арасында қарым-қатынас бірауыз сөз – сыйласымдылықпен сипатталған кезеңді бастан өткіздік. Аудан әлеуетіне әл қосқан, әр қосқан әріптестерім аудандық партия комитетінің хатшылары Серік Серпербаев, Сәбит Қорғанбаев, бөлім меңгерушілері Жеңіс Сахметов, Сымжан Қалабаев, Ажар Сенкібаева, Жекен Молдағалиев, Жанат Тойшыбеков, келешегіміздің кепілі жастар ұйымына жетекшілік еткен Ләззат Сүлейменова, Асқар Оспанов, Нағима Нарышева және экономиканың дамуына тікесінен тік тұрып еңбек еткен ауылшаруашылық басқармасының бастығы Асқар Жазылбеков, кеңшар директорлары Серік Садвақасов, Сабыржан Мұқанов, Амантай Зияданов, Тынышбай Чабдарбаев, Сыдық Баяманов, Төлеген Әбдіғалиев, Қырықбай Орысбаев, Нұрсейіт Жапаров, Әсет Дүйсембаев, Арыстан Жиенбаев, Есімжан Рахманов, Жансұлтан Рғалбеков, Қуантай Әбілқасымов, Тоқан Байболов сынды азаматтар өзара сыйласымдықтың нәтижесінде өмірдің тәттісін тыңғылықты да, тиянақты еңбегімен татқан, ләззатын бірге сезген жандар.
Жасыратыны жоқ, өндіріске қайбір жаңалықтарды ендіру үшін күшке салу да ұшырасқан болар. Хатшымыздың мінезі беймаза, талабы қатал болды дегендердің де пікірін аңғарып, қажеттісі назарға алынған. Оның барлығы ел игілігі үшін жасалды. Қайбір азаматтарды жауапкершілігі үлкен қызметке зорлықпен әкеліп, нардың жүгін арқалаттық. Ауырдың астында шыңдалғандары небір асулардан асып, биікке көтерілді. Сыдық Жамбыл ауданының, Тоқан мен Әсет Ақсу ауданының әкімі болса, Ләззат бүгінде сенатор, ал милиция қызметіне лейтенант болып барған Асқар Оспанов Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының бастығы болды. Генерал майор Асқар қазір республика көлемінде жас сақшылардың ұстазына айналды. 

Қазақта «Қалмады баста бөрік, белде белбеу, жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай» деген құлаққа жылы естілер, жанға жайлы сөз бар. Тоқан қазірдің өзінде Ақсу асып, Жамалдың төркіні Сарқан бара қалса, алдынан «Тілектес, келдің бе?» – деп жасы сексеннен асқан жеңгелері жымың қағып қарсы алады. Алматыдан ат терлетіп Асқар келсе бірі «Аманбысың Асқарым», екіншісі «Асик, сенбісің?»  деп 1990 жылғы комсомол мектебінің түлектері, Ақсудың аққулары жайраң қағады. Ләззат Жетісу жеріне келсе, сөз жоқ, аяғы жерге тимейді. Қай-қайсысының да болмасын сенімді ақтағаны болар, күні бүгінге дейін сәлемінен жаңылған жоқ, сыйласымдықтың арқауы үзілген жоқ.

Өмір мектебінен өтіп, кәтепті қара нарға теңелген Тоқан Байболов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған «Игілік баршаға: Сабақтастық, Өрлеу, Әділдік» бағдары аясында тіршілік етуде. Оны орындау еліміздің болашағы жастардың міндеті деген Президент тұжырымы жер-жерде қолдау тауып отыр. Әр заманның жаңарып, өрлеуі жастардың жасампаздығымен ғана іске асады. Солай болған. Солай бола бермек. Бұл – өмірдің заңы әрі өскелең талабы. «Елің үшін еңбек еткенің, мұратыңа жеткенің» деген екен Ескелді би. «Әділдік болмаған жерде, Алланың да ризашылығы болмайды» деген Балпық бабамның өсиеті енді биліктің бағдаршамына айналмақ. Ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда үлгі көрсеткен сегіз қырлы, бір сырлы жігіт ағасы, ар мен адамгершіліктің шырақшысы, Алматы облысының Құрметті азаматы, Ақсудың түлегі, Талғардың тұлпары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тоқан-Қалимолда Байболовтың өмір жолы бүгінгі жастарымызға жұғысты болғай! Жетіп, пісіп отырған Тоқанның таланты жаңа қырынан ашылып, ел игілігіне жаратыла береріне шүбә келтірмеймін. «Өмір жылжып өткенімен, көңіл шіркін қартаймайды» деп әндеткен Тоқан батырдың Жамалмен қол ұстасып, сесті ұлдарымен, текті немерелерімен бірге өткізер әр күні жақсылықпен жалғассын!

Наурыз ҚЫЛЫШБАЕВ,
Алматы облысының Құрметті азаматы
 

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық келісім және патриотизм

Қоғамдық келісім және патриотизм

16.07.2026
«Таза Қазақстан»: Талдықорғанда мобильді топ кезекті рейдке шықты

«Таза Қазақстан»: Талдықорғанда мобильді топ кезекті рейдке шықты

16.07.2026
Тартысқа толы чемпионат

Ауылдарда спорт инфрақұрылымы дамып келеді

16.07.2026
Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

16.07.2026
Дәрілік заттарды өткізу нарығына талдау басталды

Дәрілік заттарды өткізу нарығына талдау басталды

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.