Талдықорған: +8°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ОРЫНДАУЫМЫЗ КЕРЕК»: Қ.ТОҚАЕВ ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

25.01.2020
САЯСАТ
"ОРЫНДАУЫМЫЗ КЕРЕК": Қ.ТОҚАЕВ ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысына төрағалық жасаған Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ еліміздің даму көрсеткіштеріне оң баға берді. Күн тәртібінде қаралған тақырыпқа байланысты баяндама жасаған Премьер-Министр Асқар Мамин былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен осы жылға арналған міндеттерді саралады.

Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Nur Otan» партиясының 28 съезінде белгіленген міндеттерді орындауға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға жұмылған Үкімет жұмысының нәтижесі жаман емес.

Мысалы, былтыр халықтың нақты табысы 5,5%-ға өсіп, көлемі 4,5%-ды құраса, жалпы ішкі өнім өсімінің 85%-дан астамын шикізаттық емес салалар қамтыған. Құрылыс, сауда, көлік және өнеркәсіп салаларында да өсім бар. Сондай-ақ, былтыр 2,7 миллион азаматтың жалақысы көбейтіліп, еңбек нарығы тұрақтылыққа қол жеткізген. Мұны жаңа ашылған 423 мыңнан астам жұмыс орнының 279 мыңы тұрақты екендігінен байқауға болады. Мемлекеттік бюджет кірісі 9 триллион 688 миллиард теңгеге жетсе, сыртқы сауда айналымы 97 миллиард долларға дейін өскен. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша 13 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй салынып, 4,4 мың шақырымнан астам республикалық жол жаңартылды, тағы 640 шақырымнан астам жол пайдалануға берілді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 53 ауылда 452 жоба іске асырылды.

Экономикаға салынар инвестиция көлемін арттыру негізінен халықтың нақты табысы мен тұрмыс сапасын арттырумен тең екенін атап өткен Асқар Мамин биыл Үкімет 7 стратегиялық бағыт бойынша жұмысты жалғастыратынын жеткізді. Атап айтқанда, инвестиция тарту, өнімділігі жоғары жұмыс орнын ашу, инфрақұрылымды, экспортқа бағдарланған индустрияландыруды, отын-энергетикалық және агроөнеркәсіптік кешендерін дамыту, экономиканы цифрландыруды арттыру сынды бағыттардың жұмысы жанданады. Сондай-ақ, 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 150 мыңнан астам отбасы баспаналы болады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 190 ауылда сапалы инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша 800-ден астам жоба жүзеге асырылады. Осындай көрсеткіштерді таныстырған Премьер-Министрдің баяндамасын ел Президенті саралады.

– Үкіметтің кеңейтілген отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелердің бәрі де өзекті. Өткен жылы жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік, – деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай көрсеткішке нақты міндеттерді толық орындаудың арқасында ғана қол жеткізілгендігін айтып өтті. – Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,5 пайызды құрады. Экономиканың негізгі салаларында өсу қарқыны байқалды. Бұл көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмыс сапасына оң ықпал етеді. Сайлауалды тұғырнамада айтылған міндеттерді орындауымыз керек. Қазір осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарды талқылаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану.

Келесі кезекте ақша-кредит саясатына қатысты шаралар жөнінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, әлеуметтік даму және еңбекпен қамту жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев баяндама жасаса, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин кезекпен сөз алып, аймақтарда атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырды.

– Былтыр Алматы облысында 25 пайыздық өсіммен 894 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. «Нұрлы Жер», «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламаларының арқасында 2 443 отбасы пәтер алды. Соның 1 мың 779-ы көпбалалы отбасылар, – деген Амандық Баталов Жетісу жұртшылығының жетістіктері мен табыстарын паш етті. – Жыл басынан бері жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл мақсатқа бөлінген 21 миллиард теңге 144 мың адамы бар 28,9 мың отбасыға беріледі. Сондай-ақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге қарастырылған. Оның 3,5 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен облыстың Әлеуметтік картасына салынды. Барлық медицина мекемелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшірілді.

Біздің облыс үшін барлық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету ісі басты міндеттердің бірі болып отыр. Биыл Алматы облысы халқының 56 пайызына көгілдір отын беріледі. Бұған дейін өңір тұрғындарының небәрі 9-11 пайызы ғана көгілдір отынның қызығын көріп келді. Қазіргі уақытта Үкіметтің қолдауымен Алматыдан Талдықорғанға дейін 250 шақырымдық негізгі магистральді газ құбырын тарту жұмысы аяқталды. Бұдан бөлек, өңірдің өз қаражаты есебінен Текелі қаласына дейін газ құбыры тартылып, жол бойындағы Ескелді би ауданы қамтылса, Жаркент, Шонжы, Бақанас, Сарыөзек, Үштөбе сынды кенттерге газ жеткізілді. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласына газ құбырын тарту жұмыстары қолға алынып отыр. Соның арқасында биыл 1 миллион 400 мың адам табиғи газды пайдаланады.

Алқалы жиынға төрағалық етіп отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жартыжылдықтан кейін Жетісу өңіріне сапарлап барып, айтылған жетістіктер мен көрсеткіштерді өз көзімен көретінін жеткізді.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

24.03.2026
Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

24.03.2026
Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

24.03.2026
Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026
Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.