Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«БОСАТЫЛАДЫ»: ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҢ БЕС ЖІГІТІНЕ ҚАТЫСТЫ ПРОКУРАТУРА ӨКІЛІ СҮЙІНШІ ХАБАР ТАРАТТЫ

24 желтоқсан 2019
САЯСАТ
"БОСАТЫЛАДЫ": ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҢ БЕС ЖІГІТІНЕ ҚАТЫСТЫ ПРОКУРАТУРА ӨКІЛІ СҮЙІНШІ ХАБАР ТАРАТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қытайлықтарды соққыға жыққан бес жігітке қатысты сот отырысы бүгін тағы да кейінге қалдырылды. Қытайлық жәбірленушілер сот залынан тағы да көрінбеді. Бұл туралы Ақсу ауданындағы сот отырысына арнайы барған «Жетісу» газетінің тілшісі Мәулен Әнербай хабарлады.

Жәбірленушілердің тарапынан тек автобус иесі мен полиция қызметкері келді. Адвокаттардың бірі Жанар Балғабаева Алматы облысында «шетелдіктермен төбелесті» делінген Қызылағаштың бес тұрғыны прокурормен процессуалдық келісім жасасқаны туралы айтты. Сот отырысынан соң шамамен 500-ге жуық адам: «Бостандық!» — деп ұрандап, бес жігітті алып бара жатқан көліктің жолын бөгеді. Олардың талабы — сот процесін созбай, бес жігітті бостандыққа шығару. Қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай мен Ақсу аудандық прокурорының орынбасары Әділет Асқарұлы полицейлердің көлігінің үстіне шығып, халықты сабырға шақырды.

— Бауырларым, сәл сабыр етіңіздер! Ақыл керек. Біз халықпыз, осынша адам жиналып тұрғанына біз ризамыз. Ел бар, қазақ деген халық бар елдің намысын қорғайтын. Бес батыр болса, бес батырдың артында бес мың, бес жүз мың, бес миллион халық бар. Биліктің көзін жеткіздік біз. Қазір сәл сабыр етіңіздер. Заң бар, тәртіп бар. Тәртіпке бағынуымыз керек. Мен сіздердің аттарыңыздан талап қойдым. Сот процессін созбасын. Судья ертеңге қалдырып отыр, соған келіспей отырмыз. Солай ғой? Сондықтан, біздің талабымыз, сот процессін қайта бастасын. Қазір біз қайтадан өтініш жасаймыз. Жігіттерді еркіндікке кепіл арқылы, не болмаса қолхат арқылы, не болмаса үйқамақ арқылы бостандыққа шығаруын талап етеміз. Жәбірленушілерді келтірсін. Сот процесін қысқартсын, — деді Рысбек Сәрсенбай.

Одан кейін аудандық прокурордың орынбасары Әділет Асқарұлы:

— Жерлестер, барлықтарыңыз білесіздер. Жаңа естідіңіздер, сот процесін ертеңге қалдыруға келісілді. Уақыт керек. Ертең үштегі сот процесіннен соң жігіттер сот залынан босатылады. Сондықтан, Рысбек аға айтқандай, заңға бағынайық, қоғамдық тәртіпті бұзбайық. Шыдамдылық танытайық, келістік пе? Бізді де түсініңіздер. Ертең сағат үште процестік келісім бекітілгеннен кейін жігіттер сот залынан босатылады, — деді.

Осыдан кейін халық жолды босатты. Жиналғандар Мемлекеттік Гимн шырқап, тағы да «бостандық» деп ұрандатты. Сот отырысына еліміздің жан-жағыннан адамдар келді. Тіпті, жиналғандардың ішінде Өзбекстаннан ат арылтып келгендер де бар.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото — автор

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.