Талдықорған: +18°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ШАТЫРЫНАН СУ АҒЫП ТҰРАДЫ»: МҮШКІЛ МЕКТЕП, СЫЛБЫР ҚҰРЫЛЫС

29.07.2019
ӘЛЕУМЕТ
"ШАТЫРЫНАН СУ АҒЫП ТҰРАДЫ": МҮШКІЛ МЕКТЕП, СЫЛБЫР ҚҰРЫЛЫС
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданына іссапармен келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев өңірдің әлеуметтік нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыс жайымен танысты.

Ақан Жылқышыбайұлы іссапарын Гүлдала ауылындағы №21 мектептен бастады. Ірі мегаполиспен іргелес ауылдағы мектептің жайы мүлдем сын көтермейді. 1967 жылы 900 балаға арнап салынған білім ошағы күрделі жөндеуден өтпеген. Тозығы жеткен мектептің жай-күйін айтудан 7 жыл бойы жалықпаған мектеп директоры Қуан Айтбаев шыдамның да шегі барын жасырмады. Тиісті орындарға сан мәрте тапсырыс бергенімен еш нәтиже болмаған.

– 900 орындық мектепте өткен жылы 2000-ға жуық бала үш ауысыммен оқыды. Жалпы 200 қызметкер бар. Мектепте екі мәрте өрт шығу қаупі туындады. Мектептің материалдық-техникалық базасы өте ескірген, электр желісінің 80 пайызы істен шыққан, шатырынан су ағып тұрады. Кәріз жүйесі мүлдем істемейді. Дәретхана сыртта. Санитарлық-тазалық талаптары сақталмаған. Кабинет жетіспеушілігіне байланысты дәліздерді бөліп, қосымша сыныптар салынды, – деп мектеп директоры Қуан Айтбаев ащы ақиқатты еш бүкпесіз жайып салды.

– Алматымен іргелес ауылдың мектебі осындай болса, басқаларға не жорық?! Мектептің осындай мүшкіл халде екенін көре тұра неге үнсіз отырсыздар? – деген облыс әкімінің орынбасары саланың жауаптыларды сынға алды. Сонымен қатар, мектепті күрделі жөндеуден өткізуге тапсырыс беріп, сыннан қорытынды шығару қажеттігін тапсырды.

Мектеп директорының мәліметінше, бүгіннің өзінде электронды тіркеу арқылы 250 бала 1-ші сыныпқа, ал 38 оқушы жоғары сыныптарға өтінім берген. Ал бұл көрсеткіштің қыркүйекке дейін арта түсетіндігін ескерсек, ескі мектепке сыйып оқуға еш мүмкіндік болмайды. Осындай қиындықтарға қарамастан мектептің білім сапасының көрсеткіші жақсы.

Тұрғындар саны жылдан-жылға өсіп келе жатқан Гүлдала ауылына қосымша жаңадан тағы бір мектеп салу қажеттігі көрініп тұр. Онсыз шиеленіскен мәселенің түйінін тарқату мүмкін еместігі ашық айтылды.

Талғар қаласындағы №4 орта мектептің жағдайы сын көтермейтін ғимаратына биыл күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілетіндігі туралы жағымды жаңалық ата-аналар мен ұстаздарды, оқушыларды қатты қуантқан еді. Алайда…

Ақан Жылқышыбайұлы тамыз айының басталуына санаулы күндер қалғанына қарамастан жасалып жатқан құрылыс жұмыстарының мардымсыздығына реніш білдірді. Ең өкініштісі, едендері мен есік-терезелері түгел сүріліп, жаңартылатын мектепке кәріз құбырын жүргізу жоспарда мүлдем жоқ болып шықты. Яғни, су мен дәретхана құбырлары жоспарда қарастырылмаған. Ал бұған дейін дәл осы мәселелердің сан мәрте сөз болғанын ескермеген мердігер компания басшылығын Ақан Әбдуәлиев сын тезіне салды.

Аталған мектептің күрделі жөндеу жұмысына облыстық бюджеттен 216 млн. 245 мың теңге бөлініп, ашық конкурс нәтижесімен жеңімпаз деп танылған «Капстройгрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы жылдың 26 сәуірінде 194 млн. 621 мың теңгеге келісімшарт жасаған. Құрылыс-монтаж жұмысы тамыздың 20-сы күні аяқталуы тиіс. Бүгінге дейін игерілген қаражат – 101 млн. 52 мың теңге. Жұмыстың 45 пайызы ғана аяқталған. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға 57 жұмыскер тартылған. Бірақ құрылыс алаңындағы сылбырлық жұмыстың белгіленген уақытта аяқталатындығына күмән тудыратындай.

Білім ордаларынан кейін 2011 жылы пайдалануға берілген аудандық ауруханаға барған Ақан Жылқышыбайұлы денсаулық сақтау мекемесінің жағдайымен танысты.

Жасыратыны жоқ, халық саны 200 мыңға жуықтайтын үлкен ауданның орталық ауруханасында рентген аппаратының жоқтығы науқастарды әуре-сарсаңға салады. Оған мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Бірге қызмет істейтін талғарлық әріптесіміздің аяғын жарақаттап алып, рентгенге түсіру үшін Алматыға шапқылағанын көзіміз көрді. Ол жүздеген науқастың бірі ғана. Ал аппараттың жоқтығынан қаншама науқастың қиындық көретіндігі айтпаса да түсінікті. Аурухананың бас дәрігері бұл мәселенің бірер аптада толық шешім табатындығына сендірді. Құны 52 млн. теңгені құрайтын рентген аппаратын орнататын арнайы кабинет әзірленіп жатқандығын да айтты.

Тағы бір олқылық «жедел жәрдем» бөлімшесінде орын алды. Бөлім меңгерушісі еңбек демалысына кеткенімен орнына міндетін атқарушының тағайындалмауы, сондай-ақ, жедел жәрдем көліктерінің жетіспеушілігі, диспетчер мамандардың тапшылығы  мұнда да бірқатар проблемалардың барын білдірді. Мұны осы бөлімшенің жоғары дәрежелі дәрігері Айгүл Түңлікбаева айтты. Мысалы, 49 мың тұрғыны бар Талғар қаласына 6 «жедел жәрдем» машинасы бөлінген. Көліктердің жетіспеушілігінен тұрғындардың жиі шағымданатындығын да жасырып қалмады.

Аурухананы аралау барысында жас дәрігерлердің жай-күйіне де көңіл бөлген Ақан Жылқышыбайұлы кадр тапшылығын жою мақсатында жас мамандарға мемлекеттік бағдарламалар негізінде көмек көрсетіп, әлеуметтік жағдайларын жақсартуды назарға алуды тапсырды. Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Талғар қаласындағы 1974 жылы іргесі қаланған №9 орта мектеп ғимаратының сын көтермес ахуалын көрді. Сондай-ақ, «Аяла» әлеуметтік қорғау ұйымында болып, сирек кездесетін ауыр диагнозбен жатқан науқас балалардың және ондағы қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын білді.

Сапар соңында Ақан Әбдуәлиев аудандық жұмыспен қамту орталығында болып, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын ашу сынды мәселелер төңірегінде мекеме қызметкерлерімен ой бөлісті.

Осы орайда айтар болсақ, аталған мекемеге жыл басынан бері 5055 отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға өтініш білдірген. Оның ішінде көпбалалы отбасы – 3551. Бүгінде аталмыш көмекпен 4419 отбасы қамтылған.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

13.04.2026
Президент бірқатар Елшіні тағайындады

Президент бірқатар Елшіні тағайындады

13.04.2026
Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

13.04.2026
Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

13.04.2026
«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.