Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы: сандар мен дәйектер

25 шілде 2019
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жұмыссыздықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын ашу  және нәтижелі жұмыспен қамту негізінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту – өзекті мәселелердің бірі. Соған байланысты 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағытында шаралар атқарылуда. 


Биыл  1 шілдедегі жылдық жоспар 25 560 болғанына қарамастан нақты 17 101 жұмыс орны құрылды.  Оның ішінде тұрақты – 14038, уақытша – 3063.  Одан бөлек, ашылған жұмыс орындарының ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде – 6746, жеке бастамалар бойынша – 10355 жұмыс орны ашылды. 

Тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі ауылшаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, көлік және логистика, сауда, білім беру, денсаулық, экономиканың басқа салаларында. 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын атқару халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Шараға 23,9 мың адам, оның ішінде 12,6 мың жұмыссыз, 3,3 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандар тартылды.

Бағдарлама аясында барлығы 17,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандар 9,6 мың адамды немесе 55,2 % құрады. Сондай-ақ, 2019 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған  «Еңбек» бағдарламасын іске асыру үшін 12,2 млрд. теңге қарастырылып, 25 076 адамды қамту жоспарланған. Бүгінгі күнге жұмыспен қамтудың шараларымен 14 887 адам қамтылды.
Бірінші бағыт шеңберінде 3,5 млрд. теңгеге 10 477 адамды оқыту көзделген. Оның ішінде: тегін кәсіптік-техникалық білім беруге 1,7 млрд. теңгеге (15-24 жастағы) жастар қатарынан 1535, қысқамерзімді кәсіптік оқытумен 1,8 млрд. теңгеге орта жастағы 8942 адам қамтылмақ. 

Техникалық және кәсіптік білім бойынша кадрларды даярлау қыркүйек айында басталады. Қазіргі таңда контингентті қалыптастыру жүргізілуде. Ал қысқамерзімді кәсіптік оқытуға  26 колледж бен  22 оқу орталықтарына 65 сұранысқа ие  мамандықтар бойынша 4473 адам жіберілді. Оның 1711-і оқуды аяқтап, 575-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт бойынша 6,1 млрд. теңгеге 5 148 адамды қамту қарастырылған. Оның ішінде 1299 қатысушыға (ауыл – 1226, қала – 73) 4,9 млрд. теңгеге шағын несие беру жоспарлануда. Сонымен қатар, қалаларда және ауылдарда микро-кредиттерді кепілдендіруге 140 млн. теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді.

Жыл басынан 403 ауыл тұрғыны 1,7 млрд. теңгеге шағын несие алды. Қалаларда 2019 жылға бөлінген қаражат есебінен 1 адам 5 млн. теңге, 2018 жылғы қаражат есебінен 386,7 млн. теңге сомасына 30 адам шағын несие алды. Талдықорған қаласының жобалары бойынша жалпы кепілдік сомасы 42, 3 млн. теңгеге 5 кепілдік берілді.

Шағын несие беру есебінен қосымша 354 жұмыс орны құрылды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1608 адам  жіберілді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 155,3 млн. теңгеге 100 (АЕК) дейін 615 грант беру көзделген. Қазіргі таңда 297 адамға 75,1 млн. теңге көлемінде грант берілді. 

Одан бөлек, жастар үшін 200 АЕК мөлшерінде 1374 грант беру үшін  693,9 млн. теңге,  табысы аз және көпбалалы отбасыларға 200 АЕК мөлшерінде 360 грант беру үшін  181,8 млн. теңге қарастырылып отыр.

Үшінші бағыт бойынша 2,6 млрд. теңгеге  9,5 мың адамды қамту қарастырылған. Бүгінгі күнге әлеуметтік жұмыс орындарына 1185 адам,  жастар практикасына  1053 түлек, қоғамдық жұмыстарға 5874 адам тартылды.

Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру барысында, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың 1-тоқсанында облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-дан  4,7%-ға дейін төмендеді. 

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады. 

З. ИЛИМЖАНОВА,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.