Жұмыссыздықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын ашу және нәтижелі жұмыспен қамту негізінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту – өзекті мәселелердің бірі. Соған байланысты 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағытында шаралар атқарылуда.
Биыл 1 шілдедегі жылдық жоспар 25 560 болғанына қарамастан нақты 17 101 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде тұрақты – 14038, уақытша – 3063. Одан бөлек, ашылған жұмыс орындарының ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде – 6746, жеке бастамалар бойынша – 10355 жұмыс орны ашылды.
Тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі ауылшаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, көлік және логистика, сауда, білім беру, денсаулық, экономиканың басқа салаларында.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын атқару халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Шараға 23,9 мың адам, оның ішінде 12,6 мың жұмыссыз, 3,3 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандар тартылды.
Бағдарлама аясында барлығы 17,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандар 9,6 мың адамды немесе 55,2 % құрады. Сондай-ақ, 2019 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру үшін 12,2 млрд. теңге қарастырылып, 25 076 адамды қамту жоспарланған. Бүгінгі күнге жұмыспен қамтудың шараларымен 14 887 адам қамтылды.
Бірінші бағыт шеңберінде 3,5 млрд. теңгеге 10 477 адамды оқыту көзделген. Оның ішінде: тегін кәсіптік-техникалық білім беруге 1,7 млрд. теңгеге (15-24 жастағы) жастар қатарынан 1535, қысқамерзімді кәсіптік оқытумен 1,8 млрд. теңгеге орта жастағы 8942 адам қамтылмақ.
Техникалық және кәсіптік білім бойынша кадрларды даярлау қыркүйек айында басталады. Қазіргі таңда контингентті қалыптастыру жүргізілуде. Ал қысқамерзімді кәсіптік оқытуға 26 колледж бен 22 оқу орталықтарына 65 сұранысқа ие мамандықтар бойынша 4473 адам жіберілді. Оның 1711-і оқуды аяқтап, 575-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Екінші бағыт бойынша 6,1 млрд. теңгеге 5 148 адамды қамту қарастырылған. Оның ішінде 1299 қатысушыға (ауыл – 1226, қала – 73) 4,9 млрд. теңгеге шағын несие беру жоспарлануда. Сонымен қатар, қалаларда және ауылдарда микро-кредиттерді кепілдендіруге 140 млн. теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді.
Жыл басынан 403 ауыл тұрғыны 1,7 млрд. теңгеге шағын несие алды. Қалаларда 2019 жылға бөлінген қаражат есебінен 1 адам 5 млн. теңге, 2018 жылғы қаражат есебінен 386,7 млн. теңге сомасына 30 адам шағын несие алды. Талдықорған қаласының жобалары бойынша жалпы кепілдік сомасы 42, 3 млн. теңгеге 5 кепілдік берілді.
Шағын несие беру есебінен қосымша 354 жұмыс орны құрылды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1608 адам жіберілді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 155,3 млн. теңгеге 100 (АЕК) дейін 615 грант беру көзделген. Қазіргі таңда 297 адамға 75,1 млн. теңге көлемінде грант берілді.
Одан бөлек, жастар үшін 200 АЕК мөлшерінде 1374 грант беру үшін 693,9 млн. теңге, табысы аз және көпбалалы отбасыларға 200 АЕК мөлшерінде 360 грант беру үшін 181,8 млн. теңге қарастырылып отыр.
Үшінші бағыт бойынша 2,6 млрд. теңгеге 9,5 мың адамды қамту қарастырылған. Бүгінгі күнге әлеуметтік жұмыс орындарына 1185 адам, жастар практикасына 1053 түлек, қоғамдық жұмыстарға 5874 адам тартылды.
Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру барысында, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың 1-тоқсанында облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-дан 4,7%-ға дейін төмендеді.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.
З. ИЛИМЖАНОВА,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы




