Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Қ.ТОҚАЕВ: «БАСШЫҒА СӨЗ ДАЙЫНДАУ КІМГЕ ҰНАСЫН?!»

16.05.2019
САЯСАТ
Қ.ТОҚАЕВ: "БАСШЫҒА СӨЗ ДАЙЫНДАУ КІМГЕ ҰНАСЫН?!"
WhatsAppTelegramFacebook

Редакциядан: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ осыдан бірнеше жыл бұрын жарық көрген «Нұр мен көлеңке» атты кітабы бар. Бұл — Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі сын-қатерлерді бүкпесіз баяндаған туынды. Соның ішінде Президент сыртқы саясаттың қандай сынақтан өткенін қаз-қалпында қағазға түсірген. Бұл туралы «Dalanews» ақпарат агенттігі мақала жариялап, Мемлекет басшысының аталмыш кітабынан үзінді келтірді.

«Біздің шетелдегі дипломаттарымыздың жұмысына келсек, ол бөлек әңгіменің тақырыбы. 90-жылдардың басында біз мамандар таңдау барысында үлкен қиындықтарға кездестік. Шет елдердегі елшіліктерге ағылшын Сыртқы істер министрлігі (СІМ) орталық аппаратының үздік қызметкерлерін жіберуге тура келіп, ал Орталықта кәсіби мамандардың тапшылығы сезілді, жұмыстың ауырлығы да еселеп арта түсті. Бірақ басқа жол жоқ, өйткені, басты назар шет елдегі дипломатиялық инфрақұрылымды күшейтуге бөлінді.

Кейінде мұндай кадрлық саясат, менің ойымша, дипқызметтің бір-бірінен ажыратуға болмайтын екі бөлігі – елшіліктер мен СІМ аппаратына бірдей пайдалы жүзеге асырылды және өзін толық ақтады, өйткені бірнеше жыл өткен соң сапалы да сауатты дайындалған мамандар буыны қалыптасты.

Маған бірнеше мәрте: елшіліктерге мықты кадрлерді жіберудің не қажеті бар, жаныңда болғаны дұрыс, өзің көбірек демалу үшін олар осында тер төксін деген ұсыныстар айтылды. Менің көзқарасым: жас дипломаттарға орталықта да, «сыртта» да жұмыс істеуге мүмкіндік беру қажет, сонда олардың кәсіби біліктілігі артады.  Оларды, ең бері айтқанда, мәңгілік көмекшілерге айналдырып, маңайыңда «жібермей» ұстау дұрыс емес.

Жұмысқа келсек, мен одан қуана қанағат аламын, «сыбырлаушылардың» жәрдеміне зәру емеспін. СІМ-де жұмыс барысында мен министр Қазақстанның халықаралық қызметінің барлық негізгі мәселелерінің тамырын басып отыруы тиіс деп санадым. Сондықтан көп уақытым маңызды қызметтік құжаттарды оқуға, Президент пен Үкіметке хаттар дайындауға жұмсалды.

Принципті түрде ірі ұжым басшылары, әсіресе, дипломатиялық ведомство сынды өзіндік мекеменің жетекшісі қол астындағыларға кәсіби дайындығы мен еңбекқорлығы тұрғысынан үлгі көрсетуі тиіс деп санаймын. Қарамағындағылардан көп біліп, көп істей алғаны абзал, тек осылайша ұжымда шынайы беделге жетуге болады.

Ең бастысы, өз қызметкерлеріне тапсырмаларды бөліп беруді дұрыс деп санайтын бастықтармен түбегейлі келіспеймін. Мұндай адамдар, әдетте, жұмысқа беріліп кіріспейді, тіпті, қызметтік құжаттармен танысуға да уақыт таппайды. Дәл осылайша, өзімбілемдікке салынып, орынбасарларының тізгінін тартып ұстауды ең басты міндеті санайтын дүлей басшыларды да түсіну қиын.

Неғұрлым қысым көрсеткен сайын, солғұрлым сыйлайды деп санайтын пікірге түбегейлі қарсымын. Ал шындығында, мұндай басшыларды сыйлағаны былай тұрсын, қайта одан сайын жек көреді.

Расында, күні-түні жұмыста болып, қолынан түк келмейтін басшыға анықтама дайындап, ол үшін мақалалар мен сөздер дайындау кімге ұнасын?! Мұндай «қасірет-министрлердің» өз басшылық жұмысындағы «жүйелілікке» сілтеме жасауы ешқандай сын көтермейді. Бұл – өзінің бейқам өмірге құмарлығын ақтаудың әлсіз әрекеті.

Мұндай жұмыс тәсілі жас мамандарға үлгі тәрізді көріне бастауы, әрине өкінішті. Олардың кейбірі бейқамдық пен мансапқорлықтың індетіне ұшырап, ақ-қараға қарамастан, биліктің жалына жармасқысы келеді.

Бір күні мен біздің елшіліктердің біріндегі басшылық қызметке үміткермен әңгіме өткіздім. «Жоғарыдан» ұсынылған жас жігіт шет тілін нашар білетіні, оның үстіне, баратын елінің тарихы мен дәстүрінен мүлде мақұрым екені байқалды. «Мұндай интеллектпен қалай жұмыс істемексің?» – деген сауалыма ол еш абыржымастан: «Мен бастықпын ғой, менің ісім – тапсырмалар беру», – дегені бар.

Ал мамандардың тағы бір бөлігі кейбір басшылардың жұмысқа мұндай көзқарасын көріп, мемлекеттік қызметтен көңілі қалады, оның тек қана көлеңкелі жақтарын байқап, ақыр соңында әділдікке сенуден кетеді. СІМ-ді әспеттеуден аулақпын, бірақ біздің жүйеде белгілі бір моральдық қалыптар сақталды.

Біз әрқашан қабілетті дипломаттардың қызметтік сатымен өрлеуін немесе Елшіліктерге іссапарға жіберілуін қолдауға тырыстық. Дипломатиялық ұжымда өз мамандығына шынайы берілгендік арқасында корпоративтік дәстүр қалыптасты. 

«Қол астындағылардан көбірек біліп, көбірек жасай алу» қағидасы маған дипломатиялық ведомство қызметкерлерімен қарым-қатынастарымда ұдайы көмектесті.

1994 жылғы қазаннан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін премьерлік креслода отырған екі жылдан артық мерзімді қоспағанда, барлығы 23 адам менің орынбасарым болған екен. Сырттай қарағанда бұл кадрлердің тоқтамауы тәрізді көрінеді, бірақ мен басқаша санадым: адамдарға Елші ретінде өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік беру қажет, өз мүддең үшін ғана оларды «қанап» және бойындағының бәрін сығып алу шарт емес.

Сондықтан да Мемлекет басшысына елші лауазымына орынбасарларымның, департамент директорларының үлкен тобына ұсынып отырдым. Мен ұсынған дипломаттардың көпшілігі өздерін жақсы жағынан көрсете білді, бұған әрине, көңілің жылып қалады. Елшілік жұмысқа кәсіби дипломаттарды көптеп тарту Президент Н.Назарбаевтың қолдауынсыз іске аспас еді.

Ол 90-жылдардың өзінде негізгі дипломатиялық лауазымдарға қабілетті  мамандарды таңдап алу міндетін қойды. Мемлекет басшысы бұл күрделі де қауырт жұмыстың барлық кілтипандарын кәміл түсінеді, кадрлерге мұқият қарайды, көптеген дипломаттармен жеке әңгіме өткізеді. Бірде-бір Жарлыққа Елшілік жұмысқа немесе министрдің орынбасары лауазымына үміткердің кәсіби қабілетін мұқият зерделеп алмайынша қол қойылған жоқ. 

Бұл факт Президенттің дипломатияға, әсіресе, оның басшылық құрамын қалыптастыруға баса назар аударатынын растайды. Басқаша болуы мүмкін де емес, өйткені Н.Назарбаев барлық мәселелерге қатысты өзінің тиянақтылығымен мәлім. Сондықтан дипломатиялық қызмет мемлекет басшысының жеке қарамағында тұрғандықтан, оның назарынан ешуақытта тыс қалған емес.

Президент Конституцияға сәйкес, елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Басқаша айтқана, Қазақстанның сыртқы саяси бағытын тікелей жүзеге асырады.

Бұл – жай сөз емес, істің нақты шындығы. Мұны толық түсіністікпен және жауапкершілікпен айтып отырмын, олай дейтінім, он бес жылдың көлемінде мен біздің еліміздің басшысын күрделі дипломатиялық істің қайнаған ортасында көру мүмкіндігіне ие болдым».

(Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Нұр мен көлеңке» кітабынан үзінді. 2008 жыл)

Қатысты жаңалықтар

Қараталда тәртіп бұзған тұрғын 25 тәулікке қамалды

Қараталда тәртіп бұзған тұрғын 25 тәулікке қамалды

29.01.2026
16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

29.01.2026
Ауа райына байланысты синоптиктер маңызды ескерту жасады

Жетісу облысында ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді

29.01.2026
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

29.01.2026
Руслан Желдібай қызметінен босатылды

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.