Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ АНТ БЕРДІ

20.03.2019
САЯСАТ
ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ АНТ БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқы алдында ант берді. Тарихқа алтын әріппен енетін алқалы жиынның төріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ айрықша құрметпен шақырылды. Тұңғыш Президент мінберге көтеріліп, өз орнына жайғасқанша халық қалаулылары ұзақ уақыт бойы қол соғып тұрды. Шараға депутаттардан бөлек, Конституциялық Кеңес пен Үкімет мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары қатысты. Толқынысқа толы тарихи сәт отандық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді.

Ант беру шарасы Мемлекеттік Ту мен ҚР Конституциясының салтанатты түрде кіргізілуімен басталды. Жиын тізгінін ұстаған ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин бұдан кейінгі кезекте еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құрметпен шақырды. Ант беру рәсімінде Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәмидің сөзінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңымызға қолын қойып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, жүктелген мәртебелі міндетті адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деді.

Бұл рәсім Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес жүзеге асырылды. Ант беру рәсімі аяқталған соң Мемлекеттік Гимн шырқалып, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт Кемелұлына Президент куәлігін, омырауға тағатын белгісін, байрағын және «Алтын Қыран» орденін тапсырды.

— Аса қадірлі Елбасы! Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері! Қымбатты отандастар! — деп бастады сөзін Қасым-Жомарт Кемелұлы. — 19 наурызда әлем жұртшылығы аса маңызды тарихи оқиғаға куә болды. Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған ұлы тұлға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Елбасының бұл маңызды шешімі оның жаһандық деңгейде және тарихи ауқымда танылған саяси қайраткер ретіндегі ұлылығын көрсетті.

Салтанатты шарада сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өз тәуелсіздігіне Тұңғыш Президентіміздің қажырлы еңбегінің нәтижесінде жеткенін, кеңестік империядан кейінгі күрделі кезеңде жаңа мемлекеттің іргетасын қалап, асқан кемелділікпен көш бастағанын айрықша атап өтті. Ұлт Көшбасшысының реформаторлығын, саяси қайраткерлігін сөз еткен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тұңғыш Президенттің бүкіл еңбек жолын тек халықтың әл-әуқатын арттыруға арнағанын нық сеніммен айтты. «Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нарықтық экономикасы бар қуатты мемлекет құру ісіне білек сыбана кірісті. Қиындыққа толы осы жолда ол теңдессіз табыстарға қол жеткізді», – деген Қазақстанның жаңа Президенті жыл сайынғы Жолдауларға, барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан Ассамблея жұмысына, «Мәңгілік Ел» Тұжырымдамасына, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларына, басқа да игі бастамаларға, жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды.

— Жаңа Елордамыздың бой көтеруіне Тұңғыш Президентіміздің сіңірген еңбегі ерекше. Астананың құрылысы Елбасының тарихи ерлігі саналады. Бас қаламыз тәуелсіз еліміздің шынайы бет-бейнесіне, халқымыздың мақтанышына айналды. Елорда жаңа мемлекеттің идеологиясы ретінде киелі ұғымға ие болды. Астанамыз, шын мәнінде, өткеннің құндылықтарын дәріптей отырып, күллі әлемге Қазақстанның жаңа бейнесін паш етті. Елордамыз саммиттер және басқа да маңызды халықаралық кездесулер өтетін ірі орталық ретінде қалыптасты. 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған ЭКСПО көрмесі өтті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз ойын осылай өрбіткен ол Тұңғыш Президенттің саяси мұрасын жадымыздан шығармау қажеттігін, тарихи еңбегіне лайықты құрмет көрсетуіміз тиіс екендігін әңгімелеп, Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсынысын ортаға салды. «Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын: біздің Астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстар бұрын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында да парламентарийлермен, депуттармен айтылған болатын. Бұдан бөлек, біздің елордада Тұңғыш Президенттің құрметіне монумент орнатуды ұсынамын. Барлық облыстық қалалардың басты көшелерін Нұрсұлтан Назарбаев деп атау дұрыс деп есептеймін. Елбасы біздің мемлекеттің ең жоғарғы атақтарына лайықты. «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» атағын беруді ұсынамын. Сенаттың бұрынғы төрағасы ретінде Елбасына Құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп есептеймін. Тұңғыш Президент түсірілген барлық суреттер мен фотолар жариялы нысандардың, мемлекеттік қызметшілер кабинеттерінің, оқу орындары ғимараттарының міндетті атрибуты ретінде қалады. Сонымен бірге, Елбасының бүкіл өмір жолы Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы туралы заңға және өзге де заңнамалық құжаттарға сәйкес қамтамасыз етілетін болады. Елбасының атында барлық қызметтік инфрақұрылымдар қалады», – деп жалғастырды сөзін Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Салтанатты шарада Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің саяси ұстазына мемлекетті басқаруға зор сенім артқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді. Алдағы уақытта да Елбасының жалғыз тілегі бар. Ол – мемлекет тәуелсіздігін сақтау және нығайту. Бұл тек Президентке ғана емес, барша Қазақстан халқына ортақ міндет.

Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретінде бірінші шешім шығарғанын айтты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы Конституциялық және Мемлекеттік наградалар туралы Заңдарға сәйкес, тәуелсіз Қазақстанды орнатуға қосқан тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамуға, Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген аса зор еңбегі үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» ордені мен «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Қатысты жаңалықтар

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026
Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

29.01.2026
Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

29.01.2026
Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

29.01.2026
Ербол Мәндібек. Қалтамызға қарамай өмір сүреміз

Ербол Мәндібек. Қалтамызға қарамай өмір сүреміз

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.