Талдықорған: +7°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Серік ШАЛОВ: «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЗДАН БАСТАЛАДЫ»

2 қаңтар 2019
ӘЛЕУМЕТ
Серік ШАЛОВ: "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЗДАН БАСТАЛАДЫ"
WhatsAppTelegramFacebook

Өкінішке қарай, мейірімділік пен қайырымдылық барлық адамға тән емес. Тіпті, біздің заманда оның қажеті де жоқ дегенді естиміз. Алайда бұлай дейтіндер қатты қателеседі. Мейірман және қайырымды болудың амалдары неден басталады? Аздан басталады.

Адамдар әртүрлі. Біреулер жастайынан басқаның қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын болып өседі, ал кейбіреулер керісінше әрекет етеді. Адамның мұндай болмысына генетикалық бейімділігі, тәрбие ерекшеліктері, кімдермен жақсы араласатыны сынды көптеген фактор әсер етуі мүмкін. Бұйрықпен мейірімді және қайырымды болу мүмкін емес.

Айналамызға бір сәт қарайықшы. Кез-келген жерден көмегімізге мұқтаж адамды кездестіре аламыз. Бұл кез-келген адам болуы мүмкін, мысалы, қарт көршіміз, кішкентайын өсіріп жатқан жалғызбасты ана, қиын жағдайдағы танысымыз секілді. Оларға уақытымыз бен назарымызды бөлейік, көмегіміз қажет емес пе екен, сұрайық. Мысалы, қарт адамдарға сыртқа шығу қиын болса, азық-түлігін тасып беріңіз немесе дәрісін әкеліңіз. Бұл көмегіңіз болмашы болса да, ең бастысы, шынайы және шын жүректен шыққан ұсыныс болсын. Мейірімді іс жасағаныңызға өзіңіз де бір сәт риза болып қаласыз. Әлбетте, бұдан кейін де мейірімді істер легін жалғастыруға ықыласыңыз ашыла түседі. Бір дана адам: «Өркениетті қоғамға оның балаларға және қарттарға, яғни, қорғансыз адамдарға қарым-қатынасына қарап баға беруге болады», — деп бекер айтпаған.

Осы орайда өзінің орасан іскерлігімен танымал болған арда азамат, ардақты жерлесіміз, «TAMOS education» құрылыс компаниясының директоры Мұрат Омаров ағамыздың демеушілігімен қайырымдылық шарасын ұйымдастырдық. Жаңа жылдық мерекеге орай әлеуметтік сала бойынша қызметшісі Айнұр Анарбековамен бірге ауылдастарымызды құттықтадық. Бүлдіршіндер мен ата-аналарына кішкентай болса да қуаныш сыйлағанға не жетсін, шіркін! Мейірімді болуға Алла нәсіп етсін!

Серік ШАЛОВ,

Қайнар ауылының әкімі

Райымбек ауданы

«Facebook» парақшасынан алынды

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Бүгін, 16:03
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00
Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 14:00
Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.