Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

МҰҒАЛІМ БЕДЕЛІ — ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ

10.12.2018
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook

Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың басы қосылса төрдегі орын мұғалімдікі» деген сөзі ұстаз беделінің қаншалықты жоғары екендігін айқындайды.

Педагог өзінің ісімен, сөзімен, жүріс-тұрыс мәдениетімен, тіпті мектептен тыс қоғамда да тәрбиенің эталондық бейнесі іспеттес. Өйткені мұғалімнің алдынан өткен әрбір оқушы оған қарап бой түзейді, ой түзейді. Сондықтан да мұғалімнің беделін мүмкіндігінше арттырып отыру – мемлекетіміздің білім беру саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі болуы қажет.
Мемлекет білім беру саласына бейжай қарамайтындығын тағы бір рет айқындады. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жобасын әзірлеуді ұсынды. 
Елбасы Жолдауында «Мұғалімдер мен тәрбиешілерді негізсіз тексерулерден, қажетсіз жұмыстардан босату керек. Оларға бұл үшін ешкім ақша төлемейді. Олар ол тапсырмамен жұмыс істеп, дайындалуы керек қой, ал ол үшін мұғалімдерге ешқандай қаражат төленбейді», – деген болатын. 
Осы тұста кәсіподақтың мұғалімдер беделін арттыру жолындағы жұмыстарын атап өтуге тиістіміз. Заң жобасына ұсыныстарды қарапайым мұғалімдердің өздері де енгізуі керек. Ендігі кезекте педагогтар мәртебесінің көтерілуі үшін нендей мәселелердің назардан тыс қалмауы керектігін бүгіннен бастап талқылай беру қажет. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты барлық аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттері осы заң жобасына өздерінің ұсыныстарын талқылау мақсатында жиындар өткізіп, оны аумақтық ұйымға жолдады. 
Облысымыздың педагогтарын толғандырған мәселелердің тағы бірі – жыл сайынғы тегін медициналық тексеруден өту болатын. Бұл мәселе аумақтық ұйымның тиісті орындарға ұсыныс енгізуінің нәтижесінде оң шешімін тапты. 2018-2019 оқу жылы қарсаңында Панфилов ауданындағы білім қызметкерлеріне медициналық тексеруден өту үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Кәсіподақ осындай көмектің білім саласында қызмет ететін басқа категориядағы жұмысшыларға берілуі үшін де жұмыс жасайтын болады. 
 Қоғамдық бірлестіктің негізгі бағыттарының бірі – құқықтық жұмыс. Яғни, кәсіподақ тарапынан ұстаздар қауымына әрдайым құқықтық кеңес беріліп отырады. Сонымен бірге еңбек заңдылықтарының, ұжымдық шарттағы міндеттемелер және келісімдердің сақталуы да үнемі бақылауда.
Сала ардагерлерімен жұмыс жүргізіліп, үнемі назарда ұсталынып келеді. Олардың зейнеткерлікке шықса да мектеп өміріне араласып тұруын, білім ошағы мен кәсіподақ комитеті бірлесе ұйымдастырып өтетін шараларға қатысуын қамтамасыз етеді. Осы негізде білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан педагогикалық ардагерлер кеңесі құрылған. Оған 14 ардагер ұстаз мүше. Ал аудан бойынша педагог-ардагерлердің саны 667-ні құрайды. Кәсіподақ оларды мереке сайын құттықтап, құрмет көрсетіп келеді. Бағалы сыйлықтар табыстауды да дәстүрге айналдырған. 
Қазіргідей жаһандану кезеңінде көп нәрсенің қаражатқа келіп тірелетіні белгілі. Ал мектепке жаңадан жұмысқа келген жоғары білімді жас маманның жалақысы бастапқы кезеңде белгілі мөлшерден аспайды. Бұл бұғанасы қатпаған жас маманның ұстаздық қызметтен кетуіне себеп болып жатады. Сондықтан кәсіподақ жас мамандарды ынталандыруды да ұмытпайды. Тек еңбек өтіліне қарап емес, жеткен жетістігі, қоғамдық жұмысқа араласуына қарай оларды марапаттау, шипажайларға жолдама беру ісі де жолға қойылған. 
Әрине, ең алдымен беделді қалыптастыратын мұғалімнің өзі. Дегенмен, мұғалімге жан-жақты қолдау керек. Ал кәсіподақ ұйымы – мұғалім мәртебесін асыруды мақсат тұтып, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік мәселелерін шешуге, еңбек пен оқу үшін тиісті жағдай жасауға күш-жігерін бағыттай отырып жұмыс істей беретін болады. 

Молот СОЛТАНАЕВ, 
Талдықорған аумақтық ұйымы жанынан 
құрылған ардагерлер кеңесінің мүшесі 

 

Қатысты жаңалықтар

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026
Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

02.02.2026
Бір ойын – бір ғұмыр

Бір ойын – бір ғұмыр

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.