Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ТҮБІМІЗ — ТҮРІК, ДІНІМІЗ — ИСЛАМ

04.12.2018
ЕКІ ТІЗГІН
ТҮБІМІЗ - ТҮРІК, ДІНІМІЗ - ИСЛАМ
WhatsAppTelegramFacebook

Біз Қазақстан мемлекетінің жаһандану көшінде алпауыт елдермен иық тірестіріп, ұлттық құндылықтарын Рухани жаңғыру үдерісінде ұрпаққа насихаттап, бабалар ұстанымын, дінін, тілін, ділін темірқазық тұтып, болашаққа бекем бет бұрған заманда өмір сүріп отырмыз. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз түбіміз – түрік, дініміз – Ислам, кітабымыз – қасиетті Құран»  деген жалқы сөзі де дәлел.

Кеудесін шариғи хатқа, жыр-дастандарға толтырған кемеңгерлер де ұрпағының, яғни, біздердің осы мұратта қуат-күшімізді жұмылдыруымыз керек екенін көксеген. Көксеңгір көңіліндегі сол асыл арманын Қабылиса жыраулардан тартып, бергісі данышпан Абайға дейін жырмен насихаттаған. Ал бүгін сол бабалар аңсаған арда арманды жүзеге асырдық. Елдігімізді әлемге мойындатып, ерлігімізге тәнті еткіздік. Дәргейге келген өзге ұлттарға кең құшақты айқардық. Ұстыны бөлек болса да бір мақсатқа жұмылдырдық. Осылайша жасампаз елдің жарқын жетістіктерін айғақтайтын ұлы уақыттың жылдарын жеңіспен түздік.
Елбасы күллі Еуразия кеңістігіне тұлпарының тұяқ ізін қалдырған түркі екенімізді айшықтады. Жоғарыда Елбасы айшықтаған жүрек нұрландырар сөздің төркінінде ұлы сыр жатқанын аңдаймыз. Ол қазақтың саф болмысының, шежіресінің алтын арқауы болса керек. Рас, бүгінгі таңда жаһандану үдерісіне сай қабілет-қарымы жетілген ұрпақ ретінде тірлік кешуіміз керек. Оған дау жоқ. Алайда замана желіне қарай желкен көтереміз деп түп-тарихымызды ұмытуымызға жол жоқ. Сондықтан  Мемлекет басшысы атап өткен ұлы сөзді ұрандай қабылдау исі Алаш ұлысына парыз.
Біз ширек ғасырдан астам уақыт аралығында хақ дініміздің өркендеуі жолында да кемел істер атқардық. Қазақстан мемлекеті Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өтетін орталыққа айналды. Астанадай бас шаһарымыз тыныштық пен бейбітшіліктің бесігі деп танылды. 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер          І съезі өтсе, үш жыл сайын аталмыш басқосу жалғасын тауып келеді. Күллі түркі әлемінің Көшбасшысы деп танылған Елбасы осылайша әлем халықтарының алтын тіні, ұстанымы саналған әртүрлі дінге құрмет көрсетіп, асыл дініміздің мерейін асқақтатуда. Мұны күллі қазақ елі біздің тәуелсіздігімізден кейінгі ұлы жетістіктеріміздің бірі деп білген жөн. 
Президентіміз бір сөзінде: «Халық Алласына сеніп, ертеңгі күнін, ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниеде мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін», – деп атап өткен еді. Бұл да түрлі ағымдар жетегіне еріп кеткен кей жастарымызға ой салатын, мұқым елдің мұратына темірқазық болатын асыл пайым. Рас, бүгінгі таңда әртүрлі ағымдар қуаң тартқан орманға түскен шырпы ұшқынындай үрей туғызып тұр. Алайда мемлекетті талай асу белестен өткеріп, дамыған елдердің қатарына қосуға күш-жігерін салып, әлем елдерінің тыныш та бейбіт ғұмыр кешуіне тегершік болып келе жатқан Мемлекет басшысының осы бір сөзіне қарап өзгелер ойланса дейміз-ау.
Осыдан біраз жыл бұрын: «Еліміздегі дәстүрлі Исламның бірден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы. Діни қатынастарды реттейтін жақында қабылданған Заңда мемлекет халқымыздың рухани өмірінде исламның ханафи бағытының орны мен рөлін мойындайтыны атап көрсетілді. Бұл – өте дұрыс. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен тағаттылықты нығайтуға бағытталған. Бізде діни сенім бостандығына Конституция кепілдік береді. Діни басқарма өкілдері тек дін саласында ғана емес, өзге салаларда да өз білім-біліктерін арттыруға тиіс», – деп Елбасы атап өткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы құрылды.
Бүгінгі таңда Елбасымыз айшықтағандай, діни басқармасы кемел ұстанымның келешегі мен кемеңгер елдің ұлы мұраты жолында жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар жоғарыда атап өткендей, сан салада толайым табысқа жетумен қатар, күллі әлем елдерінің тыныштық бесігіне айналдық.

 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.