Талдықорған: +9°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚЫЗЫЛША ӨСІРУ ТӘСІЛІ ҮЙРЕТІЛДІ

4 сәуір 2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

   Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы, егістікті жүйелі суару, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, егіс алқаптарының көлемін ұлғайту қант өндірісінің дамуына жол ашады. Мамандар қазір бұған айрықша назар аударып отыр. Осыған байланысты көктемгі егіс қарсаңында Күреңбел өңірінде қызылшашыларға арналған оқу семинары ұйымдастырылып, тәтті түбірден мол өнім алудың қыры мен сыры жайлы әңгіме қозғалды.

 

    Талдыбұлақ ауылында өткен басқосуға облыстық ауыл- шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан Омаров, аудан әкімінің орынбасары Серікбай Қожахметов және сала қызметкерлері мен ауылшаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. 
    Айта кетейік, биыл ауданда егілетін егістік көлемі 107 982 гектарды құрайды. Оның ішінде көкөніс, дәнді және майлы дақылдар мен қант қызылшасы бар. Былтыр күреңбелдіктер тәжірибе ретінде барлығы 100 гектар жерге тәтті түбірдің тұқымын егіп, одан мың жарым тоннадан аса өнім алған еді. Бағалы дақылды көптеп өсіруге болатынына көз жеткізген дала еңбеккерлері биыл да қант қызылшасын егуге бел буып, оған арналған егістіктің көлемін 300 гектарға ұлғайтып отыр. Күзде одан он мың тоннадан аса қант қызылшасы алынады деген жоспар бар. 
    Осыған байланысты аталған жиында қант қызылшасын өсірудің қыры мен сыры жайлы кеңінен әңгімеленіп, дәріс оқылды. Қант қызылшасын өсірудің агротехнологиясы жайында сарапшы Абулхайр Бексұлтанов жан-жақты айтып берді. Тәтті түбір өсірудің жаңа технологиялары, оның тиімділігі, мол өнім алу жолдары, өнімнің дұрыс өсіп-жетілуіне қолайлы жағдайлар жасау, талапқа сай күтіп-баптау, жерді өңдеу, топырақ құнарлылығын арттыру, агротехникалық тыңайтқыштар мен гербицидтерді және пестицидтерді дер кезінде беру және оның әдіс-тәсілдерін білу, зиянкестермен күрес жүргізу, өсімдіктерді қоректендіру, оларды әртүрлі аурулар мен арамшөптерден қорғау, жоғары өнім беретін сапалы тұқыммен қамтамасыз ету, ауыспалы егістік жүйесін сақтау, лизингке жаңа техника алу, жерді дұрыс дайындау тәсілін білу, тұқымның жер бетіне өніп шығуы үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау секілді мәселелер жан-жақты айтылды. 
    Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдауларға да ден қойылды. Сала қызметкерлері де шаруалардың талап-тілектеріне құлақ асып, ұсыныстарын тыңдады. Дала еңбеккерлері көкейде жүрген сауалдары мен ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибелі мамандардың тұшымды жауаптарына қанықты. Биыл бірінші рет қызылша өсіруге ынта білдіріп отырған қожалық иелері аталған семинардан мол мағлұмат алып, өздеріне қажеттілерін қағаздарына түртіп алды. 
Ендігі кезекте шаруалар оқып, үйренгендерін егістік алқаптарына қолданамыз деп отыр. Сол себепті ауылдықтар бұл басқосудың маңызы мен пайдасының ұшан-теңіз екенін айтып қуануда. Күреңбелдіктердің басым бөлігі картоп өсірумен айналысады. Олар биыл екі мыңнан аса гектарға осы дақыл түрін отырғызбақ. Осы ретте жиында картоптан мол өнім алудың мүмкіндіктері де қарастырылды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА. 

Қатысты жаңалықтар

Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32
Анаға арналған миллиардтар: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төлем рекорд жаңартты

77 мың медицина қызметкеріне қосымша төлем беріледі

Бүгін, 16:19
Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Бүгін, 16:13
Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Бүгін, 15:18
Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Бүгін, 15:16

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.