Талдықорған: +10°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Түркияның тасы да аңыз, ал біздің…

7 ақпан 2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

 

Үйрену үшін әуелі ниет керек. Егер ниеттенсе бір азамат бір ауылды бүтіндейді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Лаззат Тұрлашов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшыларымен өткен семинарда айтты.

Жиында аталған орталық сарапшылары: «Шағын қалаларда  шығынға шырмалып жабылып қалған мәдени нысандарды қалайша қомақты табыс табатын нысан етуге болады?» – деген сұрақты негізге алып, «Архимедов тетігі» негізінде жасалатын жобалар бойынша баяндама жасады.        Осы ретте Лаззат Махатұлы аудан орталықтарын, қала берді ауылдық жерлерді дамытуда тың талпыныстың, тартымды тәжірибелік жұмыстардың керектігін атап өтті. Мәселен, ол өзімізбен бауырлас ел Түркияға сапарлай барған жағдайда ондағы түрік ағайындардың ауылы түгіл, қарапайым бір тасына дейін аңыз қып айтып, тарихымен байланыстыра таныстырғанда таңғалатынын жеткізді.

– Демек, ауылды сүю, оның әлеуметтік әлеуетін көтеру – Отанды сүю деген сөз. Ол үшін іскер азаматтар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығына жүгіне отырып, өңірдің гүлденуіне ат салысуы керек. Егер ниет болса, бір азамат-ақ бір ауылды бүтіндейді, – деді Лаззат Тұрлашов.

Бір ауылды бүтіндейді демекші, елді мекендерде немесе шағын қалаларда халық санының аздығы кәсіпкерлердің жасаған өніміне сұраныстың төмендігіне, сәйкесінше, жергілікті бюджетке түсетін салық көлемінің де аз болуына әкеліп соғады. «Міне, бұл мәселе», – дейді қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы төрағасының орынбасары Талғат Матаев. Оның айтуынша, бұл тығырықтан шығудың да амалы бар.

– Ол үшін шағын қалада біріккен әлеуметтік мәдени хаб қалыптастырып, қаржылық зияткерлік мүмкіндікті бір алаңда топтастыру керек. Осы ортақ күш арқылы тоқыраған шағын қалаларды дамушы шаһар дәрежесіне жеткізуге болады. Бұл МЖӘ механизмдерінің тиімділігін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында тілге тиек еткен болатын, – дейді Талғат Мұстафаұлы. Ал біздің бұдан түсінгеніміз, «саусақ біріксе жұдырық болады, ел біріксе береке келеді» деген сөздің аталығы.

                                               Қозыбай ҚҰРМАН

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.