Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ҚУАНТАДЫ

Аймақтың көркейіп, жылдан-жылға дамуы салынып жатқан құрылыс нысандарының сәулетті болып бой көтеруіне тікелей байланысты. Бұл бағытта Ақсу ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осыған орай облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ жұмыс сапарымен аудандағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады.

03.05.2025
КҮЛТӨБЕ
ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ  ҚУАНТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аймақ басшысы алдымен Көлтабан ауылындағы орта мектептің құрылысымен танысты. «Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1978 жылы салыныпты. Сол жылы сегізжылдық мектеп ретінде қолданысқа берілген. Білім ордасында бүгінде 9-сыныпқа дейінгі оқушылар оқиды. 10-11- сынып оқушылары қалаға барып-келіп оқуға мәжбүр. Мектеп жанындағы шағын орталықта 24 бала тәрбиеленеді. Заманауи үлгіде жөнделіп жатқан 120 орынды мектеп құрылысы аяқталса, қалаға қатынап оқитын балалар қайта өз мектептеріне көшіріледі. Мамандардың айтуынша, мектепке дейінгі білім беру орталығымен салынып жатқан құрылыс жұмысының 35 пайызы аяқталған. Қазан айында оқушылар су жаңа мектепте білім алмақ. Сондай-ақ мұнда жылыту қазандығы да салынбақ. Айта кетейік, Көшкентал ауылдық округіне қарасты Көлтабан ауылында 73 түтін, 435 тұрғын бар.Аймақ басшысы құрылыста ең әуелі сапа қажеттігін, содан кейін уақытында аяқталу керегін айтып, жауапты мамандарға бірқатар тапсырма жүктеді.Бейбіт Өксікбайұлы «Лепсі-Ақтоғай» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолдың жұмысын көрді.Сапар барысында «Жол» ЖШС-нің басшысы Сергей Гейдаров:

– Біз туристік маусым ашылғанға дейін асфальт жабынының төменгі қабатын төсеп, жолды ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Жол ашылған соң үстіңгі қабатын жүргізе береміз. Қаржы бөлінді, техника мен жұмысшылар жеткілікті, – деді.

Жол құрылысына 150-ге жуық жұмысшы, 40 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, Лепсі ауылына жаңа көпір салынып, электрлік қосалқы стансылары да дайындалуда. Туристік маусым басталғанша жұмысты толық аяқтамақ.
Келесі кезекте Жансүгір ауылындағы екі 5 қабатты, 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аралады. Биыл сәуір айында басталған құрылыс жұмысы қызу жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, көпқабатты тұрғын үй қыргүйек айының аяғында беріледі.
Осыдан кейін Ақсу ауданының орталық ауруханасының сейсмикалық күшейту жұмыстарымен танысты. Мұнда 37 адам жұмыс істеуде. Құрылыс жұмыстарын көрген Бейбіт Өксікбайұлы:

– Құрылыс жұмыстары өте жай жүріп жатыр. Сіздерге адам санын көбейту керек. Ішкі әрлеу жұмысын жаз айына дейін бітірулеріңіз қажет. Енді әр айға нақты жоспар құрылып, сол бойынша тексеріс жүргізіледі. Бір айдың жұмысы кешіксе, компаниямен жұмысты тоқтатамыз. Өйткені аурухананың салынғанын халық күтіп отыр, – деп жауапты мамандарға нақты тапсырма жүктеді.

Жеке құрылысшы «МК Констракшн Инжиниринг» ЖШС әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға арнап салған 24 пәтерлі тұрғын үйді толық аралап шыққан облыс басшысы бірқатар сын-ескертпелер айтты. Мамандар кемшілікті жойып, жұмысты уақытылы атқаратынын жеткізді.
Сапар соңында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Жансүгіров ауылындағы Қ. Сәтбаев орта мектебіне барды.
1200 балаға арналған мектепте сейсмикалық күшейту, қасбеті, нысанның негізін арматуралау, ішкі жылу жүйелерін бұзу, ішкі электр желілерін орнату, ішкі сылақ, шатырдың демонтаждық жұмысы толық біткен. Құрылыс жұмыстарына 90 адам, 5 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінде құрылыстың 43 пайызы аяқталыпты.
«Нұр-шапағат-құрылыс» ЖШС директоры Қайрат Кереев:

– Құрылыс жоспары бойынша біз 3 айға алда келеміз. Негізі құрылыстың аяқталу мерзімі 8 қараша. Бірақ біз оқу жылы басталғанға дейін, шамамен шілде айында білім ордасын пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Оған толық мүмкіншілігіміз бар. Материал, техника мен жұмысшылар саны да жеткілікті, – деп қыргүйекте оқушылар су жаңа мектепте білім алатынын қуанышпен жеткізді.

Айдар ҚАЛИЕВ,
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.