Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тексерістер басталып, мобильді аударымдар бұғатталады

02.05.2025
КҮЛТӨБЕ
Тексерістер басталып, мобильді аударымдар бұғатталады
WhatsAppTelegramFacebook

Қаржы министрлігі қазақстандықтардың мобильді банк қосымшаларындағы ақша қозғалысын егжей-тегжейлі тексеру туралы жаңа бұйрық әзірлеуде, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов ақпарат құралдары арқылы халыққа «суыт» хабарын жариялады. Мобильді аударымдар бойынша жаңа ережелер туралы әрбір адам біле жүргені жөн.

Вице-министрдің түсіндіруінше, тексерушілер енді «әртүрлі 100 адамнан астам аударым» қағидатымен шектелмейді.

Осыдан бір жыл бұрын Ержан Біржанов мобильді аударымдарға қатысты «жеке шотына қатарынан үш ай ішінде 100 және одан да көп адамнан мобильді аударымдар алған тұлғалар бақылауға ілігетінін» жариялаған болатын.

Оның айтуынша, мұндағы маңыздысы: ақша аударушылардың саны 100-ден аспауға тиіс. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл – кәсіпкерлік қызметтің белгісі саналады.

Сонымен бірге вице-министр әртүрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне бағытталған аударымдарға шектеулер жоқ екенін нықтаған еді.

Алайда енді шенеуніктер ойын ережесін қайта өзгертіп жатыр.

Қаржы министрінің орынбасары бұған дейінгі талап бойынша салық органдары үш ай қатарынан және ай сайын әртүрлі 100-ден астам адамнан ақша аударымын алған тұлғаларға назар аударып келгенін еске салды.

Бұл критерий қалады. Бірақ ары қарай бір адамның өзгелерден алатын ақша аударымдарының жалпы сомасы басты өлшемшартқа айналады. Егер қандай да бір қазақстандықтың өзгелерден ай сайын алатын ақша аударымы 12 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) көлемінен асып кетсе, бұл құзырлы органдардың тексеруіне негіз болмақ.   

Осы орайда салықшылар енді ол адамның 100-ден аз адамнан ақша алғанына да қарамайды.

2025 жылы 1 ЕТЖ 85 мың теңгеге тең. Демек, 12 ЕТЖ 1 020 000 теңгені құрайды.

Біржановтың мәліметінше, Мәжіліс 2025 жылғы 30 сәуірде қолданыстағы Салық кодексіне түзетулерді қабылдады. Онда мобильді аударымдар бойынша норма да бар. Құжатты Сенаттың мақұлдауы және Президенттің қол қоюы ғана қалды.

Заң күшіне енген соң Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірлескен бұйрық қабылдап, онда жаңа критерийлерді бекітеді.

«Тұтастай алғанда, қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеру бойынша тәсілдемелер анықталып болды. Олар айқын: егер бір адам 3 ай бойы және ай сайын әрбасқа 100-ден көп адамнан ақша аударымын алса немесе енді жаңа талап бойынша – аударымдардың жалпы сомасы ЕТЖ-нің 12 еселенген мөлшерінен, яғни, биыл 1 миллион теңгеден асып кетсе, онда бұл тексеріске негіз болуы мүмкін», – деді вице-министр Біржанов.

Сарапшылар жаңа бұйрық маусым айында күшіне енгеннің өзінде банктер салық органдарына жартыжылдықтың емес, бүкіл күнтізбелік жылдың деректерін тапсыратынын еске салды. Мысалы, 2025 жылы – 2024 жылдағы ақша аударымдар бойынша толыққанды есеп береді,ал, келесі жылы биылға қатысты мәліметтерді табыстайды.

Ендеше егер былтырғы жылы бөтен адамдардан бір ай ішінде алған аударымы 1 миллион теңгеден асып кеткен азаматтар болса, салықшылардың «тергеуі» мен тексеруіне дайындала берсе, артық болмайды.

Сонымен бірге Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі да мобильді аударымдарға қатысты өз «реформасын» жасап жатыр. Оған сәйкес, банктер қазақстандықтардың мобильді қосымшаларын олардан сұрамай-ақ бұғаттап тастай алатын болады.

Мобильді банкингке қатысты жаңа қағидалары бар бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 30 сәуір күні аяқталды. Қашан күшіне енетіні әзірге жарияланбады.

Қаржылық реттеуші бұл шаралар бірінші кезекте, банк қызметін тұтынушыларды қорғау үшін қажет деп отыр. Мысалы, егер телефонның микрофоны қосулы болса, онда банктің мобильді қосымшасы автоматты түрде бұғаттап тасталады.

Ведомствоның түсіндіруінше, бұл азаматтардың дербес деректерін «тың тыңдаушы» алаяқтық қосымшалардан қорғау үшін керек.

«Операцияны бұғаттау банктің мобильді қосымшасының ішінде, бағдарламалық деңгейде жүзеге асырылатын болады. Смартфонның микрофонына белсенді қолжетімділіктің іске қосылғаны әшкереленсе, ақшамен байланысты операцияларды жүргізу функционалы уақытша шектеледі. Бұғаттау тұрақты емес, уақытша сипатта болады. Ол активацияланудың себептері жойылғанға дейін сақталады. Яғни, микрофонға белсенді қосылу доғарылғанда, бұғаттау да алып тасталады», – деп хабарлады агенттік.

Оның сарапшыларының сендіруінше, егер клиент қауіпсіздік шарттарын сақтаса, оның ақша аудару операциялары автоматты түрде қайта жанданады.

Сондай-ақ жаңашылдықтар аясында агенттік барлық банктердің клиенттерінің тұлғасын растауға да қосымша тексеріс түрлерін енгізгісі келеді. Мысалы, қандай да бір қазақстандық жаңа телефон сатып алып, мобильді банк қосымшасына содан кірсе, онда қосымша тексерулерден өтуге мәжбүр болады.

Сонымен қатар банктер ақша аударымдарына қатысты кез келген «күдікті жағдайларды» мұқият қадағалап, олар туралы ақпаратты жеке сақтап қоюға міндеттелмек.

Банктер мұндай оқиғаларды талдау үшін жасанды интеллектіге құрылған арнайы жүйелер енгізуде. Енді оны пайдалану міндетті іске айналады.

Мәдина Әбілқасымова басқаратын агенттік бұл шараларды «шоттарға санкцияланбаған қолжетімділіктің алдын алуға көмектесу» үшін қажет деп отыр.

Алайда сарапшылар осы және басқа тетіктер арқылы қазақстандықтардың үстінен бақылау қарқынды түрде күшейтіліп жатқанына алаңдаулы. Өйткені дәл осы мақсатта қаптатып енгізілген бұрынғы бақылау, қадағалау және тексеріс тетіктерінің ешқайсысы интернет-алаяқтықты тыя алмады.

Фото: Digital Business

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.