Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРНАЙЫ ЖОБА

Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсетілуде

8 мамыр 2025
АРНАЙЫ ЖОБА, КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсетілуде
WhatsAppTelegramFacebook

Жеңістің 80 жылдығына орай облыстық мәслихат депутаттары Ермек Егінбаев, Гүлнәр Тойлыбаева, Қайрат Кереев және Римма Салықова өңірдегі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне арнайы барып, оларға сый-сияпат жасап, мерекемен құттықтады.

Жеңістің 80 жылдығын елімізде 111 майдангер қарсы алып отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 174 болған. Ал Жетісу облысында екі ғана соғыс ардагері қалды. Солардың бірі — Ысқақ Құсайынов. Ол 1942 жылы соғысқа өз еркімен аттанған. Алғашында Украинада даярлықтан өтеді. 1943 жылы Амур әскери-теңіз флотына жіберіліп, Жапон-Кеңес соғысына қатысады. Квантун армиясы талқандалғаннан кейін, 1947 жылы елге оралады. Бейбіт өмірде оқушыларға білім берумен айналысқан.

Ысқақ Құсайынов өзін мерекемен құттықтап келген облыстық мәслихат депутаттарына алғысын айтып, батасын берді.

Ел азаматтары соғыс ардагері Төлеубай Чектыбаевтың да шаңырағына барды. Қарияға себет толы тәттілер, қаржылай сыйақы және Алғыс хат табысталды.

Төлеубай Нұрмұхаметұлы 1943–1944 жылдары Беларусь майданында басқыншыларға қарсы соғысқан. Ол Венгрияның Балатон көліне дейін барған. 1945 жылы Қиыр Шығыс майданына ауыстырылып, 83-атқыштар дивизиясымен Жапон соғысына қатысады. Жеңіс туы көтерілген соң І дәрежелі Отан соғысы орденімен және басқа да мерекелік медальдармен марапатталған.

– Балаларым, еліміз аман, жеріміз тыныш болсын. Құдай бізді бейбіт заманда өмір сүруден айырмасын. Қазіргі өміріміздің жақсы кезең екені шындық. Баршаңызға алғысым шексіз, – деді соғыс ардагері Төлеубай Чектыбаев.

Ғасыр жасаған аталарымыз – бізге өнеге. Олар бейбіт өмірімізге сіңірген еңбегі үшін алғысқа лайық. Ардагерлерге биыл мемлекет тарапынан және облыстық бюджеттен қаржылай көмек көрсетілді. Әлеуметтік барлық жағдай жасалған. Денсаулықтарына байланысты әрдайым бақылауда.

– Ендігі тілегіміз – ол кісілер Жеңістің 90-100 жылдығын көрсе екен, – деді облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Тойлыбаева.

Жеңістің 80 жылдығына орай тылда еңбек еткен қарияларымызға да құрмет көрсетілуде. Облыстық мәслихат депутаттары Гүлжауһар Райымбекованың үйіне де барды. Әжей – елімізге танымал болған Әлімғазы Райымбековтың жары. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ол небәрі 8 жаста болған.

– 5 жыл әкем соғыста болды. Қасында жолдасы болыпты. Ол айтыпты: «Кел, бір-біріміздің қолымызды атайық, содан соң үйге қайтамыз», – деген екен. Әкем оған: «Мен олай істемеймін, егер Құдай алса, осы жерде алады», – депті. Бірақ, шүкір, екеуі де аман-есен елге оралды, – дейді тыл ардагері Гүлжауһар Райымбекова.

Ұрпағына алаңсыз бейбіт өмір сыйлаған батыр ақсақалдарға құрмет көрсету – баршаның парызы. Олардың өмір жолы – көпке үлгі.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.