Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ауылға ауызсу кіреді

19 сәуір 2025
КҮЛТӨБЕ
Ауылға ауызсу кіреді
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданына қарасты Ұмтыл ауылында ауызсумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары басталмақ. Аталған жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен 273 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Жобаның бас мердігері  «Гүлім және компаниясы» ЖШС.

Қазіргі уақытта нысанда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс материалдары, темірбетон мен құбырлар жеткізіліп жатыр. Ауылішілік су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 3 км. 100 м., ал су тарту желілерінің ұзындығы 800 м. болады деп жоспарланған.

Биіктігі 25 метр, сыйымдылығы 50 м3 болатын су мұнарасы мен трансформаторлық қосалқы стансы салу көзделген. Бүгінде 115 метр тереңдіктегі ұңғыманы бұрғылау жұмыстары аяқталған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының алғашқы кезеңі қаржыландырудың кешіктірілуіне байланысты мердігер компанияның өз қаражаты есебінен басталып отыр. 

Мердігер компанияның директоры Саяқхан Нүкебаев бұл іс көп кешікпей толық аяқталатынын айтты.

– Осы жұмысты 15 маман атқарады. Егер барлық жағдай  қолайлы болса, бар болғаны екі айдың ішінде ауылға таза ауызсуды кіргізіп береміз, – деп уәде етті.

Ұмтылдықтар үшін бұл көптен күткен қуаныш. Алдағы уақытта ауыл тұрғындары үшін ауызсу мәселесі біржола шешіліп, тұрмыс сапасы едәуір жақсара түспек.
Жобаның басталуы – тек құрылыс жұмыстары емес, ауыл халқы үшін үміттің жандануы. Ауыл тұрғыны Әсет Мұхамедқалиұлы:

–  Бұл жаңалықты естігелі бері көңіліміз көтеріліп жүр. Судың жоқтығы біз үшін өте өзекті мәселе еді. Жазда бақша суару қиын. Қыста қар ерітіп отырмыз. Енді нақты жұмыс басталады. Бұрын-соңды ауылда мұндай құрылыс болмаған еді, – деп өз пікірін білдірді. Қазіргі таңда мердігер компанияның берген уәдесіне

тұрғындар сенім артады. Ендеше, Ұмтыл ауылының үміті ақталады деп сенейік.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ,
Қаратал ауданы

Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Қатысты жаңалықтар

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.