Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Нотариаттық қызметтерге қатысты жаңа сервис іске қосылды

19 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
Нотариаттық қызметтерге қатысты жаңа сервис іске қосылды

Фото: gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Банк Центр Кредит» АҚ-мен бірлесе отырып, bcc.kz мобильді қосымшасында жаңа «Цифрлық нотариат» қызметін іске қосты. Жаңа сервис азаматтарға нотариаттық қызметтерді толық онлайн түрде алуға мүмкіндік береді. Бұл – жедел, ыңғайлы және заңды күші бар рәсім.

Енді сенімхат рәсімдеу, нотариустың нотариаттық келісімін алу немесе нотариустан кеңес алу – тікелей смартфон арқылы кезекке тұрусыз, жол жүрмей, қағазбастылықсыз жүргізіледі. Өтініш беру, төлем жасау және дайын құжатты алу кезеңдерінің бәрі қосымшада жүзеге асады. Жеке басты растау үшін нотариуспен бейнеқоңырау қарастырылған, ал құжаттар ЭЦҚ арқылы қол қойылып, автоматты түрде «Цифрлық құжаттар» бөлімінде сақталады.

«Цифрлық нотариат енгізу – азаматтар мен нотариустар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдететін және бюрократияға жол бермейтін маңызды қадам. Бұрын азаматтар нотариусқа барып, жеке басын растауы керек болса, енді бұл талап бейнебайланыс арқылы орындалады. Жоба іске қосылғалы бері 350 мыңға жуық нотариаттық қызмет көрсетілді. Қызметке деген жоғары сұраныс пен қажеттілікті ескере отырып, біз бұл жобаны «Банк Центр Кредит» платформасында кеңейтіп отырмыз. Бұл – технологиялардың халық игілігі үшін жұмыс істеп жатқанының жарқын мысалы», — деп атап өтті Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

«Біз азаматтардың бұрын тек жеке қатысуымен ғана қолжетімді болған қызметтерді онлайн форматқа көшіру үшін үнемі жұмыс істеп келеміз. Цифрлық нотариат – технологиялардың маңызды өмірлік процестерді жеңілдетудің айқын мысалы. Бұл сервис клиенттеріміз үшін шынымен пайдалы боларына сенеміз», — деді «Банк Центр Кредит» АҚ вице-президенті Жұлдыз Қайыржанова.

Жаңа сервис, әсіресе шетелде немесе нотариаттық қызметтер шектеулі шалғай өңірлерде тұратын қазақстандықтар үшін өте пайдалы. Енді маңызды заңдық мәселелерді кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінде отырып, жылдам әрі оңай шешуге болады.

Жаңа қызметті пайдалану үшін bcc.kz мобильді қосымшасын ашып, «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, «Цифрлық нотариат» бөлімін таңдау жеткілікті.

Дереккөз:  Aikyn.kz

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.