Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Пайдалы жаз: Жетісуда балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады

Биыл Жетісу облысында 113 мыңнан астам оқушы жазғы демалыс шараларымен қамтылады. Өңірде қала сыртындағы 13 балалар сауықтыру лагері жұмыс істейді

20 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Пайдалы жаз: Жетісуда балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады
WhatsAppTelegramFacebook

Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беру ұйымдарының 1-10 сыныптарындағы 121 694 оқушының 113 112-сін қамту жоспарланып отыр, бұл — оқушылардың 93%. Оның 9 932-сі — әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылардан шыққан балалар.

Оған қажетті қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен, демеушілердің, соның ішінде «Қазақстан халқына» қорының есебінен, кәсіподақ ұйымдары тарапынан қарастырылады. Осылайша оқушылар жазғы демалысты туристік саяхатпен, еңбекпен, шығармашылықпен, интеллектуалдық шыңдаумен өткізеді. Жазғы сауықтыру лагерлеріне 12342 педагог тартылмақ, соның 112-сі — қала сыртындағы лагерлерде, 12000-ы мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын лагерьлерде болады. Сонымен қатар балалар демалыс орындарына педагогикалық колледждердің  150 студенті, 80 ерікті тартылады.

«Жетісу облысында балалардың жазғы демалысы 6 жоба аясында «Ұлттық құндылықтар», «Білімнен мамандыққа дейін: еңбек әлеміне экскурсия», «Жасыл клуб»,  «Жазғы экран», «Жетісу сақинасы»  «Ұлттық құндылықтар», «Туристята» жобасы шеңберінде ұйымдастырылады. Мәселен, балалар өңірдегі зауыттар мен цехтарға барып, техникалық-кәсіппен танысып, қарапайым материалдардан өнімдер қалай жасалатынын көреді. Сол сияқты облыстың көрікті жерлеріне, ұлттық саябақтарға, музейлерге т.б. табиғи, тарихи, мәдени, туристік орындарға экскурсиялық саяхат жасайды. Бұл ретте қауіпсіздік мәселесіне, санитарлық талаптарды сақтауға баса көңіл бөлінеді. Демалыс арнайы бекітілген бағдарлама негізінде методикалық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі», – делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Жалпы облыстағы 13 балалар сауықтыру лагерінің 11-і  — қала сыртындағы жазғы сауықтыру орталығы, 1 — мүгедектігі бар балаларға арналған жазғы сауықтыру орталығы, 1 — дарынды балаларға арналған лагерь. Солардың бірі – Алакөл ауданындағы «Жансая» жартылай стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемесі жанындағы Ерекше балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс істегеніне биыл үшінші жыл. Осы уақыт ішінде онда аймақтың әр түкпірінен 300-ге жуық бала тегін демалды.

– Биыл Алакөл жағалауында орналасқан Ерекше балаларға арналған сауықтыру лагерінде жазғы кезең 24 маусымда басталады. Биылғы жылы онда ерекше қажеттілігі бар 160 бала тегін демалады. Әр бала 5 күннен демалады. Балалар І-ІІІ топтағы мүгедектігі бойынша тіркелген жеріндегі дәрігер ұсынысының немесе қорытындысының негізінде қабылданады. Орталыққа жетуді ұйымдастыруды заңды өкіл немесе бірге еріп жүретін адам тұрғылықты жерінен Үшарал қаласына дейін дербес жүзеге асырады, бұдан әрі оларды Ақши ауылына, лагерьге жеткізуді біз ұйымдастырамыз. Жалпы, мұндай белсенді демалыс балаларды сауықтыруға ғана емес, әлеуметтендіруге де оң ықпал етеді, – деп атап өтті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

Айта кетейік, 6 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған 40 орындық жазғы сауықтыру лагері 2023 жылы Алакөл ауданы әкімдігінің резиденциясы ғимаратының базасында ашылған болатын. Сапалы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында оған қажетті күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балаларға Алакөл көлінің жағасында демалу үшін барлық жағдайлар жасалды.

Еске салсақ, осы жылы өңірде 131 675 оқушы, атап айтқанда 11 сыныпты 7 866 түлек, 9 сыныпты 12 968 түлек аяқтайды. 23 мамырда 1-11 сынып түлектері үшін Соңғы қоңырау шарасы мектеп аумағында өтіп, «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.