Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Рух көтерген рәміздер

Мемлекеттік рәміздер күнін талдықорғандықтар «Рәміздерім – мақтанышым!» атты патриоттық акциямен атап өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ қатысты.

5 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Рух көтерген рәміздер
WhatsAppTelegramFacebook

«Жастар» саябағында Мемлекеттік Туды көтеру салтанатына, көгінде қыраны қалықтаған, аспанын бұлт торламаған еліміздің рухын көтеретін шараға қала тұрғындары да ағыла келіпті. Еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін кеудесіне қолын қойып, Рәміздерімізге тәу етуге келгендері көрініп-ақ тұр. 92 метр биікте, шырқау көкте желбіреген алып Тудың астында көзіне жас алып, сезімге еріксіз бой алдырған қарияларды да көз шалды.

Салтанатты мезіретте Оқушылар сарайының, Қ. Байсейітов атындағы музыка колледжінің құрама хоры мен Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияның солистері Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Шараға қатысушылар да хорға қосылып рух көтерді.

Іс-шара әскери оркестрдің, әскери қызметкерлердің, спорт, мәдениет, білім, этномәдени бірлестіктер өкілдері, сондай-ақ, жастар мен еріктілер қатысқан салтанатты шеруге жалғасты. Ал шерудің соңы Орталық алаңда «Көк Тудың желбірегені» патриоттық акциясымен аяқталды.

Акцияға белсенді қатысушылардың бірі Лариса Котельникованың айтуынша, достық пен татулықтың мекені атанған Қазақстанның Көк байрағы қашан да биікте болуы керек.

Қазақстанның Туы ашық аспан, нұрлы күн және қыран құстың еркін ұшуын бейнелейді. Қай жерде болсақ та мемлекеттік рәміздерімізді әрбіріміз мақтан тұтамыз. Татулықтың мекені болған еліміздің рәміздерінен асқан құндылық жоқ. Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен кеудемізде рух оятар Әнұранымызды қастерлеуге әрбір ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі тұлға. Ал олар ертеңімізді жарқын етуі үшін бүгін елжандылыққа, елсүйгіштікке бейімдеуіміз керек. Шыны керек, жүрегіміз даланың әуені мен әніне толы! Тәуелсіздік және біртұтастық біздің күшіміз, – дейді Лариса Котельникова.

Рух көтерер рәсімді жыл сайын үзбей тамашалайтын тұрғындар да бар екен. Қала тұрғыны Жания Құнарбаева жыл сайын балаларын ертіп, еліміздің басты құндылығын дәріптеу арқылы ұрпағын тәрбиелеуді әдетке айналдырыпты.

Балаларым – еліміздің ертеңі. Ана ретінде олардың отансүйгіш болып өскенін, еліміздің болашағын жарқын етер тұлғаға айналғанын қалаймын. Сондықтан еліміздің рәміздерін танып-білулері үшін, тәу етулері үшін осы күні жыл сайын осы жерден табыламыз, – дейді қала тұрғыны.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.