Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мәжілісте мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын таңғы 7-де бастау ұсынылды

11 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Мәжілісте мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын таңғы 7-де бастау ұсынылды

freepik.com

WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин орталық атқарушы органдар, ұлттық компаниялар және оларға қарасты ұйымдардың қызметкерлері үшін жұмыс күнінің басталу уақытын жылжытуды ұсынды. Оның пікірінше, бұл шара Астана мен басқа да ірі қалалардағы көлік кептелістерін азайтуға көмектеседі. Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісмен Асылбек Нұралин премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Ол Астана мен еліміздің басқа да ірі қалаларындағы көлік инфрақұрылымының шамадан тыс жүктемесіне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, мегаполистер жүйелі түрде кептелістерге, қоғамдық көліктер қозғалысындағы іркілістерге тап болуда және жол-көше желісіне түсетін жүктеме артып барады. Бұл жағдай халықтың күнделікті өміріне және қала инфрақұрылымның дамуына кері әсер етеді.

«Астана мен Алматының ерекшелігі – агломерациялық өсімнің жоғары қарқыны, маятникті көші-қон мен өздігінен жүретін урбанизация қатар жүруде. Бағалаулар бойынша, жақын жылдары Астананың халқы екі миллион адамға жетуі мүмкін. Жұмыс орындарының және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының басым бөлігі қаланың орталығында шоғырланған. Қарбалас уақыттарда қала маңынан келетін тұрғындар легімен бірге көлік коллапсы пайда болады», – деп атап өтті депутат.

Нұралин келтірген мәліметке сүйенсек, елордада жұмыспен қамтылған халықтың жартысынан астамы мемлекеттік органдарда жұмыс істейді. Осыған байланысты ол орталық атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен оларға қарасты ұйымдардың қызметкерлері үшін жұмыс күнінің басталу уақытын өзгерту арқылы көлік ағынын қайта реттеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Зерттеулерге сәйкес, таңғы уақыт еңбек өнімділігі тұрғысынан анағұрлым тиімді. Жұмыс кестесін 09:00-ден 07:00 немесе 08:00-ге жылжыту ұсынылып отырған шараларға сай келеді», – деді Нұралин.

Депутат сондай-ақ көлік саясатын әзірлеу кезінде халықаралық озық тәжірибелерді ескеруді ұсынды: қоғамдық көлікке басымдық беру, велосипед және жаяу жүргінші инфрақұрылымын дамыту, автотұрақтарды шектеу, бағдаршамсыз магистральдар, көпдеңгейлі жол айырықтары және қаланың кіреберісіне орналастырылатын тұрақтар.

Мәжілісмен көлік саясаты саласында шаралар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға қосымша бюджет қаражатын қарастыруды, сондай-ақ көлік ағындарын, жаяу жүргінші өткелдері мен жол айырықтарын жоспарлау, салу және басқару кезінде орталық және өңірлік құрылымдар арасындағы үйлестіруді күшейтуді қажет деп санайды.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.