Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Автонесиелеу үлгісін қолдану қажет»: Депутат ипотекаға үй алуды жеңілдетуді ұсынды

12 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
«Автонесиелеу үлгісін қолдану қажет»: Депутат ипотекаға үй алуды жеңілдетуді ұсынды

Ерболат Сатыбалдин Facebook парақшасынан

WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин депутаттық сауалында тұрғын үй сатып алуды қазақстандықтар үшін қолжетімді етуге бағытталған бірқатар ұсыныстарын айтты. Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісмен өз сөзінде баспана – қазақстандықтар үшін өзекті әрі күрделі мәселе екенін атап өтті.

«Тұрғын үй – адамның негізгі конституциялық құқығы. Бұл құқық еліміздің басты заңында нақты бекітілген. Алайда іс жүзінде үйлі болу ұзақ процесс. Мәселен 30 миллион теңгеге көлік сатып алу оңай, ал дәл осы сомаға баспана алу қиын. Тұрғын үй алғысы келген азамат кем дегенде 30% бастапқы жарна төлеуі керек және банктің 18-20% жоғары мөлшерлемесіне келісуге мәжбүр. Ол құжаттарды жинау сияқты күрделі рәсімдерден өтеді, бірақ соның өзінде ипотека мақұлданбауы мүмкін. Мемлекеттік саясаттың қазіргі таңда көбіне автокөлік сатып алуды қолдап отырғаны, ал өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз ететін тұрғын үй мәселесінің екінші орынға ысырылғаны алаңдатады», – деді Ерболат Сатыбалдин.

Осыған байланысты ол «кейін сатып алу құқығымен жалға беру» жүйесін енгізуді ұсынды, мұнда ай сайынғы жалдау төлемінің бір бөлігі болашақ бастапқы жарнаға есептелетін болады. Бұл азаматтарға бір мезгілде қаржы жинап, төлем қабілеттілігін растауға мүмкіндік береді.

«Мысалы, адам ай сайын 200 мың теңге төлесе, оның 50 мың теңгесі бастапқы жарна ретінде есептелуі мүмкін. Осылайша, үш жыл ішінде азамат бастапқы жарнаның бір бөлігін жинап қана қоймай, өзінің төлем қабілеттілігін де дәлелдейді. Мұндай жүйе әсіресе жастар, жалғызбасты аналар және әлеуметтік осал топтар үшін пайдалы болар еді. Бұл – әзірге баспана алуға дайын болмаса да, оған ұмтылысы мен әлеуеті бар азаматтар үшін жақсы мүмкіндік», – деп мәлімдеді депутат.

Сонымен қатар ол автонесиелеу үлгісімен ипотеканы онлайн рәсімдеу механизмін енгізу қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік органдар мен банктердің деректер базасын біріктіру арқылы рәсімдеу процесін жеделдетуге және тұрғын үй алудағы бюрократияны жоюға болады.

Ол тек «Отбасы банкімен» шектелмей, тұрғын үй жинақ жүйесіне басқа банктерді де тарту керек екенін айтты.

«Сондай-ақ, ипотекалық несиелеуді ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қаражатын тарту қажет. Бұл пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге көмектеседі. Бұл бәсекелестік туғызып, азаматтар үшін таңдау мүмкіндігін кеңейтеді және несиелерді қолжетімді етеді. Мемлекеттік қолдаудың әділетті және тиімді бөлінуі де маңызды. Мемлекеттік бағдарламалар ең алдымен баспанасы жоқ, мұқтаж азаматтарға бағытталуы керек. Субсидиялар тек алғашқы тұрғын үйді сатып алуға бөлінуі тиіс, екінші нарықты және инвестициялық сатып алуларды болдырмау қажет. Сонымен қатар тұрғын үй саясаты өңірлік даму бағдарламаларымен тығыз байланысты болуы тиіс. Бұл көші-қон үдерістерін теңгеруге және өңірлерді кешенді дамытуға көмектеседі», – деді Ерболат Сатыбалдин.

Ол бұл ұсыныстар қосымша бюджет шығындарын қажет етпейтінін, бірақ тұрғын үйдің қолжетімділігін айтарлықтай арттыратынын айтты. Олар тек ипотекаға негізделген қазіргі модельге балама ұсынады.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.