Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда пәтер сатқаннан кейін қандай жағдайда айыппұл салынады

Пәтер сатқан кезде көп адам бұрынғы мекенжай бойынша тіркеу (прописка) өздігінен жойылады деп ойлайды. Алайда бұл — қате түсінік. Krisha.kz сарапшыларының айтуынша, ескі тіркеуді уақтылы алып тастау маңызды. Бұл сатып алушы үшін де, сатушы үшін де салдары бар мәселе.

16 маусым 2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақстанда пәтер сатқаннан кейін қандай жағдайда айыппұл салынады

pixabay.com

WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы 7-su.kz aқпараттық порталы Liter.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда мекенжай бойынша тіркеу не үшін маңызды?

Қазақстанда тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелу — міндетті талап. Бұл:

  • көші-қон қызметі,

  • құқық қорғау органдары,

  • әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету жүйелері үшін аса маңызды.

Тіркеусіз (пропискасыз):

  • Баланы балабақшаға немесе мектепке орналастыру мүмкін емес;

  • Поликлиникаға тіркелу қиын;

  • Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға, тұрғын үй кезегіне тұруға болмайды.

Пәтер сатушысы міндетті түрде тіркеуден шығуы керек пе?

Жоқ, пәтер не үй сату кезінде арнайы тіркеуден шығудың қажеті жоқ. Өйткені жаңа мекенжай бойынша тіркелген кезде бұрынғы тіркеу автоматты түрде жойылады.

Алайда жаңа мекенжай бойынша тіркелуді кейінге қалдыруға болмайды. Заң бойынша адам жаңа жерге көшкен соң 30 күн ішінде тіркелуі тиіс. Бұл тіркеу міндетті түрде фактілік тұрып жатқан мекенжайы бойынша жүргізілуі керек.

Ескерту: Егер азамат тұрақты түрде шетелге көшіп жатса, онда ХҚКО-дан (ЦОН) арнайы «кету парағын» рәсімдеуі қажет.

Жаңа пәтер иесі не істеуі керек?

Пәтерді сатып алғаннан кейін жаңа меншік иесі сол пәтерде бұрын тіркеуде болған барлық азаматтарды — соның ішінде бұрынғы иелерін де — тіркеуден шығара алады. Бұл үшін:

  • Сату-сатып алу шарты тіркелгеннен кейін,

  • Бұрынғы тұрғындардың келісімінсіз тіркеуден шығару рәсімін жүзеге асыруға болады.

Неліктен бұл маңызды?
Егер пәтерде іс жүзінде тұрмайтын адамдар тіркеуде қала берсе, бұл фиктивті тіркеу ретінде бағаланып, меншік иесіне айыппұл салынуы мүмкін.

2025 жылғы тіркеу тәртібін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері

Сатушы үшін:

Егер адам жаңа мекенжайға 30 күн ішінде тіркелмесе:

  • 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде айыппұл салынады;

  • Егер бұзушылық жыл ішінде қайталанса — 13 АЕК (51 116 теңге).

Сатып алушы үшін:

Егер оның меншігіндегі пәтерде іс жүзінде тұрмайтын адамдар тіркеуде болса:

  • 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Пәтерде кімнің тіркеуде тұрғанын қалай білуге болады?

  • eGov.kz электронды үкімет порталында;

  • eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы көруге болады.

Қатысты жаңалықтар

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.