Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алкаголизмнің артериялық қан қысымына зияны

16 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Алкаголизмнің артериялық қан қысымына зияны

psicentr.medgis.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Алкогольдік артериялық гипертензия – бұл алкгольді ішімдіктерді шамадан тыс және тұрақты тұтынудың нәтижесінде дамитын, артериялық қысымның тұрақты жоғарылауымен сипатталатын патологиялық жағдай.

Қан қысымының жоғарылауы алкогольді қабылдау кезінде де, оның ағзадан шығарылуы кезеңінде де орын алуы мүмкін және бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін. Қан қысымының жоғарылауының нақты ерекшеліктері алкоголь метаболизмі генотиптік ерекшеліктеріне, аурудың сатысына, қабылданған алкогольдің мөлшеріне және оны қабылдау түріне байланысты болуы мүмкін. Қан қысымының 160-200/90-100 мм сын.бағ. дейін жоғарылауы, тыныштықта 100-110 соққы/минутына тұрақты тахикардия, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу байқалады.

Аурудың ерте кезеңдерінде артериальды гипертензия тұрақсыз болады, қан қысымының қалыпқа келуі әдетте дәрі-дәрмек қолданбай-ақ жүреді. Алкогольді ұзақ уақыт бойы асыра қолданған жағдайда артериальды гипертензия тұрақты болып, нысаналы мүшелерге: жүрекке, бүйректерге, миға, көздің тамырларына зақым келтіруі мүмкін. Алдымен сол жақ қарыншаның гипертрофиясы мен тамырлардың өзгерістері байқалады. Келешекте миокард инфарктісі, геморрагиялық инсульт сияқты асқынулардың дамуы мүмкін.

Жалпы алкогольді гипертензия үшін гипертониялық криз тән емес. Дегенмен, делирийге дейінгі кезеңде гипертониялық энцефалопатия жағдайы дамуы мүмкін. Ұйқының бұзылуы мен көңіл-күйдің төмендеуі белсенді қозу күйімен ауысады. Қан қысымының едәуір жоғарылауы (200-220/100-120 мм сын.бағ.) байқалады, қатты бас ауруы, жүрек айну, көз алдында шыбындардың қалқуы сияқты белгілер байқалады. Қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде спирттік ішімдік қолданғаннан кейін  қан қысымының біртіндеп төмендеуі байқалады.

Алкогольдік артериялық гипертензияның белгілері:

Бет қызаруы  , қолдың дірілдеуі , қозғалыс координациясының бұзылуы , жүректің шекараларының  солға қарай ұлғаюы байқалады. Аускультация кезінде жүректе систолалық шуыл , аорта үстіндегі екінші тонның акценті байқалады.

Лабораторлы белгілері :

Алкогольдік артериялық гипертензияның арнайы лабораторлы белгілері жоқ. Созылмалы алкогольдік интоксикация салдарынан болатын интоксикация белгілері байқалуы мүмкін. Оған эритроциттердің шөгу жылдамдығының ұлғаюы , биохимиядв  АЛТ және АСТ мөлшерінің ұлғаюы байқалады.

Алкогольдік артериялық гипертензияны емдеу мақсаттары:

-Алкоголизмнің алғашқы сатысында алкогольді қолдануды тоқтатса , алкогольдік артериялық гипертензияның алдын алуға болады. Емнің негізгі мақсаты – қан қысымын қалыпты жағдайға түсіру болып табылады. Сонымен қатар , алкоголь зақымдайтын негізгі ағза мүшелерінің асқынып кетіуінен сақтау болып табылады.

Алкогольдік гипертензияны емдеу үшін учаскелік терпевт пен дәрігер наркологтың кеңесіне міндетті түрде жүгіну керек. Өз еркімен дәрігердің көмегінсіз ем алу көптеген асқынуларға алып келуы мүмкін.

Алкогольдің ұзақ уақыт бойы қолданылуы нейрогуморальды, тамырлық және метаболикалық өзгерістер арқылы артериялық қысымның жоғарылауына әкелетіні дәлелденген. Алкогольді тұтынуды азайту немесе толық тоқтату қан қысымын тұрақтандыруға және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қаупін төмендетуге ықпал етеді. Алкогольге тәуелділік пен гипертонияның кең таралуын ескере отырып, артериялық гипертензияны емдеуде алдын алу, скрининг және өмір салтын өзгертуге ынталандырудың маңызы зор.

Ұлт болашағы – дені сау ұрпақта. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда !

 

 

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ   ШЖҚ  «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны дәрігер наркологы Құдайбергенова Салтанат Галымжановна

 

 

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.