Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

17 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің жасанды интеллект технологияларын білім беру ұйымдарында дамыту мәселесіне қатысты депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің жауабында аталғандай, еліміздің білім беру жүйесіне жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталып кеткен. Бұл бағыттағы шаралар 2024–2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасына және білім мен ғылымды дамыту стратегиясына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі кезде Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесіне жасанды интеллект құралдарын енгізудің мақсаттарын, қағидаттары мен деңгейлерін айқындайтын ұлттық саясатты әзірлеп жатыр. Осы бағытта жаңартылған бастауыш және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына жасанды интеллект элементтерін, құзыреттілікке негізделген тәсілді және STEM бағыттарын интеграциялау бойынша өзгерістер енгізді, — делінген ресми жауапта.

Бүгінгі күні әртүрлі цифрлық платформаларда (мысалы, AI Kitap, MyIDP, TopIQ.kz) жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып жаңа буындағы цифрлық оқулықтар әзірленіп жатыр. Бұл оқулықтар тапсырмаларды автогенерациялау, мазмұнды жекелендіру, ұғымдарды визуализациялау және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне бейімдеу сияқты мүмкіндіктермен толықтырылады. Оның үстіне оқу материалдарының құрылымын, терминологиясын және форматын автоматты түрде сараптауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект алгоритмдері әзірленіп, енгізіліп жатыр.

Мұғалімдер арнайы оқудан өтті

2024 жылдан бері 160 мыңға жуық педагог жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде қолдану бойынша оқытудан өтті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш арта түспек.

Сонымен қатар 2025 жылдың қаңтарынан бастап 180 мектепте бағдарламалау негіздері бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл мектептердің 10–11-сынып оқушылары бағдарламалауды вариативтік компонент арқылы меңгереді.

2024 жылдың шілдесінен бастап nFactorial және Omnium IT-мектептерінде 180 педагог пен «Өрлеу» орталығының 120 жаттықтырушысы арнайы дайындықтан өтті.

Академиялық адалдық пен этикалық нормалар ескеріледі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы оқушылардың білімін бағалау және академиялық адалдықты сақтау мақсатында ЖИ-дің ықтимал теріс әсерін болдырмауға бағытталған жаңа регламенттер мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеп жатыр.

Сондай-ақ Жасанды интеллект институтын ашу жоспарланып отыр. Бұл құрылым ЖИ-ді білім беру жүйесіне енгізу бойынша әдістемелік, зерттеу, этикалық және оқу бағдарламаларын үйлестіреді.

ЖИ-ге арналған тегін онлайн курс іске қосылады

2025 жылдың тамыз айында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін «Жасанды интеллектіні қауіпсіз және тиімді қолдану» тақырыбындағы тегін онлайн курс іске қосылады.

Жоғары оқу орындары үшін де жаңа білім беру бағдарламалары әзірленіп жатыр. Бірқатар шетелдік университетпен бірлескен жобалар қолға алынды.

Үкімет халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұлттық құндылықтар негізінде білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын тиімді әрі қауіпсіз енгізуді кезең-кезеңімен жалғастырады, – делінген Премьер-министр жауабында.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.