Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қоянбаев: «Қазақ тілін үйренсек, тіл мәселесі өздігінен шешіледі»

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев Қазақстанда тіл мәселесінің жалғыз шешімі – әр азаматтың қазақ тілін үйренуі екенін айтты. Бұл туралы ол Қанат Бейсекеевтің YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

20 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Қоянбаев: «Қазақ тілін үйренсек, тіл мәселесі өздігінен шешіледі»

Скриншот

WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоянбаев сұхбат барысында қазақ тіліндегі жобалар мен кинолардың бұған дейін назардан тыс қалып келгенін айтты.

«Өз аудиторияма жұмыс істеп келе жатқаныма біраз жыл болды. Біздің жағдай өте қиын болды. Қазақ кинолары алынбады, қазақша бағдарламалар аз болды. Оның бәрінен біз үндемей өттік. Кейде өзін қорғайтындар “Орыс, ағылшын тілінде медицина дамыған, қазақ тілінде әлемді зерттеу қиындау” дейді. Бірақ 3-4 миллион халқы бар Финляндия фин тілінде, 6 миллион халқы бар Норвегия өз тілінде сөйлейді. Тіл проблема емес. Тіл проблемасын шешудің бір-ақ жолы бар – бәріміз қазақ тілін үйренуіміз керек! Болды! Сонда ғана шешіледі», – деді Қоянбаев.

Сондай-ақ ол саясатқа бару ниеті жоғын да айтып өтті.

ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘСЕЛЕСІ: ШЫНАЙЫ ЖАҒДАЙ

Қазақстан Конституциясында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген. Алайда бұл қағидаттың өмірде толыққанды іске асып жатпағаны байқалады. Мемлекеттік басқару, сот, медицина, білім беру, бизнес секілді негізгі салаларда орыс тілінің үстемдігі әлі де сақталып отыр.

Көптеген мемлекеттік қызметкерлер ресми жиындарда қазақ тілінде еркін сөйлеуде қиналып, орыс тілін таңдауға мәжбүр болады. Қазақша жүргізілетін отырыстар мен құжат айналымы сирек кездеседі.

ЖАСТАР – ТІЛГЕ ТІРЕК

Соңғы жылдары қазақтілді жастардың белсенділігі артқаны байқалады. Әлеуметтік желілер мен мәдени алаңдарда қазақ тілінде мазмұнды, сапалы контент өндірушілер көбейіп келеді. Бұл — тілдің қолданылу аясын кеңейтудегі оң үрдіс.

Дегенмен, ірі қалаларда орыстілді орта басым. Балабақшадан бастап университетке дейінгі білім беру жүйесінде қазақ тілінің орны әлі де әлсіз. Бұл жағдай болашақта қоғамда тілдік алшақтық пен әлеуметтік теңсіздік туындатуы ықтимал.

ЗАҢ БАР, БІРАҚ ТЕТІК ЖОҚ

Қазақстанда «Тіл туралы» заң бар. Алайда оның орындалуын талап ететін нақты әрі пәрменді тетіктер жеткіліксіз. Жазалау емес, ынталандыру мен жүйелі саясат қажет. Қазақ тіліне сұраныс қалыптаспайынша, кез келген заң қағаз жүзінде қалып қоя береді.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ

Қазақ тілі – бұл тек мәдени мұра ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тұрақтылықтың және мемлекеттік тұтастықтың негізі. Сондықтан тіл саясаты мәдениет пен білім саласына ғана жүктелмеуі тиіс. Ол – бүкіл мемлекеттік басқарудың стратегиялық бағытына айналуы қажет.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.