Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Текелінің мақтанышы

21 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Текелінің мақтанышы
WhatsAppTelegramFacebook

Таулы өңірдің табиғаты тамаша! Келген-кеткен адам саф ауасы мен көк жасыл даласына таңдай қағып, тамсанады.

Текеліде туризм дамып келеді. Алдағы уақытта дами беретініне тау бөктерінде демалыс орындарының көптеп ашылып жатқандығы дәлел. Сондай орынның бірі Ермек Кеңесханұлының иелігіндегі «Жасыл әлем» кешені. Мұнда тапшандар, киіз үйлер, қонақүй бар. Ақшасын төлеп той-томалақ жасауға да немесе үйді жалға алып, ас-суды әркім өзі дайындап, тынығуға болады. Сақ, орыс моншасы және суға түсетін бассейнмен ерекшеленетін демалыс орнында би алаңы, банкет залы және тынығатын бөлмелер қарастырылған.

ТМД-дағы ең ұзын көше саналатын Қонаев даңғылының жоғары жағында орналасқан «Жасыл әлем» демалыс орнының жан-жағы жалпақ жапырақты ағаштардың тоғайымен, өзен, таумен көмкерілген. Төрт жыл бұрын ашылған демалыс орнының иесі Ермек Кеңесханұлы Текелі әкімдігімен келісімшарт жасасып, тағы 17-18 сотық жер алып, «Жасыл әлем» атты желілес тынығу орындарын салмақшы. Одан бөлек, Алакөл жағалауындағы Ақши ауылынан туристік орын ашудың қамында. Жер алыпты, енді құрылыс жұмыстарын бастамақшы.

Туризм құлаш жаю үшін инфрақұрылым тартылуы керек. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту жөніндегі кеңесте туристік аймақтарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ісінде түйткілдер көп екенін айтқан болатын. Бұл орайда Текелідегі туристік аймақтарға жол, электр жарығын, су тартумен айналысуда. Жол қарқынды салынуда. Кәсіпкердің айтуынша, «Бұрқан бұлаққа» дейін даңғыл жол салынса аймаққа келушілер қатары өседі. Биатлон да қолға алынып жатқан көрінеді. Соған орай «Жасыл әлемнің» желілес саяхатшылар демалатын орындарын Балқаш көлі, Бурабай, Ақтаудан да ашып, дамытпақшы.

Кәсіпкердің пікірінше, Текеліде ұлттық туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Тек ниет пен ынта болса болғаны. Демалушылардың қатары жыл санап өсіп келе жатқан «Жасыл әлемнің» желілік демалыс орындарының жер-жерден көптеп ашылатынына кәсіпкердің іскерлігі дәлел.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.