Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Кәсіби мереке қарсаңында журналистерге құрмет көрсетілді

27 маусым 2025
КҮЛТӨБЕ
Кәсіби мереке қарсаңында журналистерге құрмет көрсетілді
WhatsAppTelegramFacebook

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында журналистика саласында ұзақ жылдар еңбек еткен әріптестеріміз марапатқа ие болды.

Солардың бірі – ардагер журналист Болат Абаған. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолынан ол «Құрмет» орденін салтанатты түрде алды. Болат Абаған 1994 жылдан бастап «Jetisý» газетінде еңбек етіп, зейнеткерлікке дейін Жетісу өңірінің тыныс-тіршілігін насихаттауға үлес қосты. Газетте тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактор, сондай-ақ «Өлке тынысы» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі де болды. Ол – «Қазақстанның Құрметті журналисі», «Ақпарат саласының үздігі», «Қазақ журналистикасының қайраткері» атақтарының иегері.

Сондай-ақ, «Jetisý» газетінде меншікті тілші, редакция меңгерушісі, сайттың веб-редакторы қызметін атқарған, қазіргі уақытта Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қуаныш Тұңғатар да «Ақпарат саласының үздігі» атағына ие болды.

Ал ұзақ жылдар бойы өңірдің бас басылымында табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі журналист Гүлжан Тұрсынның да еңбегі еленді. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қолынан марапат алып, кәсіби мерекеде Астана төрінен құрметке бөленді. Гүлжан Тұрсын – 30 жылдан астам уақытын 100 жылдан астам тарихы бар басылымға арнаған қаламы қарымды журналист.

Редакция ұжымы атынан марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейміз. Қаламдарыңыз мұқалмасын, шығар биіктеріңіз асқақтай берсін!

Құрметпен, «Jetisý» газетінің ұжымы

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.