Талдықорған: -7°C
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақ тілінен ұялу – ұлт болмысынан ұялу емес пе?

26.06.2025
КҮНДЕРЕК
Қазақ тілінен ұялу – ұлт болмысынан ұялу емес пе?

blog.booksamillion.com

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі, мәдени коды және тарихи жадын сақтайтын қасиетті қазына. Ол – халықтың жан дүниесі мен болмысын айқындайтын басты белгі. Соған қарамастан, бүгінгі таңда ана тілінде сөйлеуден қымсынатын, қазақша сөйлеуге қашқақтайтын жастардың қатары көбейіп барады. Мұндай жағдайды жай ғана тілдік мәселе деп қарастыруға болмайды. Тілді менсінбеу түптеп келгенде, ұлтты менсінбеумен пара-пар.

2024 жылғы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, еліміздегі мектептердің 47 пайызы орыс тілінде білім береді. Бұл көрсеткіш – қазақ тілінің өрісін кеңейтуге елеулі кедергі болып отыр. Сондай-ақ, көптеген ата-аналар балаларын қазақ балабақшасына беруге құлықсыз. Мысал ретінде, Алматы қаласында қазақ мектебіне қабылданған оқушылардың 38 пайызы үй жағдайында тек орыс тілінде сөйлейді. Мұндай орта балаға қазақша білім алу барысында қиындықтар туғызады. Тіл білмеуді қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын көзқарастың қалыптасуы да алаңдатарлық. Ана тіліне деген құрметсіздік – ұлттың іргетасына балта шабады.

Жастардың қазақ тілінен қашқақтауының себептері әртүрлі. Көп жағдайда олар тілді еркін меңгермегендіктен, ойын еркін жеткізе алмай, сөз табуға қиналады. Кейбір ортада қазақша сөйлеу «артта қалушылық» немесе «қала мәдениетіне сай келмейді» деген қате түсінік қалыптасқан. Мұндай көзқарастар кеңестік кезең идеологиясының бүгінге жеткен сарқыншақтары. Сонымен қатар, отбасында қазақ тілінде сөйлеспеген бала кейін тілді меңгеруге ұмтылмайды. Мұның бәрі ұлттық сана мен тілге деген көзқарастың әлсіздігін көрсетеді. Қазақ тілінен ұялу – шын мәнінде, қазақ болудан ұялу.

Тілге деген құрмет ең алдымен отбасында қалыптасады. Бала дүниеге келген сәттен бастап ана тілін естіп өсуі керек. Алайда қазіргі жас отбасылардың көпшілігі баламен орысша сөйлесуге бейім. Осындай әрекет баланы ана тілінен алыстаудың алғашқы кезеңі болып саналады.

Осы мәселеге байланысты Семей қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Гүлдана Ткешева өз тәжірибесіне сүйене отырып, былай дейді:

– Қазіргі қоғамда жастардың қазақ тілінде сөйлеуден ұялуы – алаңдатарлық мәселе. Бұл тек тілдің тағдырына емес, ұлттық болмысымызға да тікелей әсер етеді. Өз ана тілінде сөйлеуге қысылу – өзінің кім екенін ұмыта бастаудың белгісі. Менің тәжірибемде көп балалар қазақ тілінде сөйлемейді, өйткені отбасында солай қалыптасқан. Ата-әжелері де орыс тілін таңдап алған. Мұндай балалар кейін мектепке келгенде тілдік кедергілерге жиі ұшырайды. Мұның соңы – балада өз тілінен қысылу, өзін толық көрсете алмау мәселесіне ұласады. Қазақ баласы ең алдымен қазақша сөйлеуі керек. Тілді үйрету балабақша мен мектептің ғана емес, ата-ананың да міндеті. Ұлттық тілді құрметтеу – ұлтқа құрмет.

Жас маман тілден алшақтаудың алғашқы себептерін отбасынан көреді. Оның айтуынша, бала тілі шықпай жатып-ақ, ата-аналар онымен өзге тілде сөйлесуге бейімделіп алған.

– Менің байқауымша, бұл мәселе бала тәрбиесінің ең бастапқы кезеңінен басталады. Қазір жас ата-аналар сәбилерімен орысша сөйлесуге тырысады. Тіпті ата-әжелердің өзі «бала қазақша түсінбейді» деп, немересіне бейімделіп, орысша сөйлейді. Ал бала сол тілде ой қалыптастырған соң, ата-анасы оны қазақ балабақшасына немесе мектепке берген кезде түрлі қиындыққа тап болады. Мұндай жағдайда жауапкершілік баланың өзінде емес, оны солай қалыптастырған ортасына жүктеледі, – деді жас маман.

Сарапшының сөзінше, тілге деген құрмет тек сөзбен емес, іспен дәлелденуі керек. Қазақ баласы алдымен қазақша сөйлеуге тиіс.

– Егер әр ата-ана баласымен қазақ тілінде сөйлессе, оны ұлттық санада тәрбиелесе, бұл мәселе мүлде туындамас еді. Ана тілін қадірлеу – ұлтты қадірлеу. Мұндай міндет әрбір азаматтың рухани жауапкершілігі, – дейді Гүлдана Ткешева.

Тағы бір назар аударарлық жайт – қазіргі балалар тұтынатын контенттің тілі. Балалар арналарындағы мультфильмдердің басым көпшілігі орысша немесе ағылшынша. Тіпті қазақ тіліндегі нұсқалар болса да, сапасы көңіл көншітпейді.

– Қазіргі балалар көретін мультфильмдердің көпшілігі өзге тілде. Ал олардың сөйлеу ырғағы өте жылдам, мазмұны таяз, кейде тіпті бала санасына кері әсер ететін элементтерге толы. Біз бала күнімізде қазақ тіліне сапалы аударылған, тәрбиелік мәні бар анимациялық фильмдерді көріп өстік. Олар біздің тілімізді байытып, ұлттық дүниетанымымызды қалыптастырды. Қазір ондай контент азайып бара жатыр. Cоның салдарынан тілдің күнделікті қолданыс аясы шектелуде, – деді ол .

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Мұны қоғамның әр мүшесі, әсіресе ұстаздар қауымы терең түсінуі тиіс. Көп тіл білу – бүгінгі заман талабы, бірақ ана тілді құрметтеу – мәңгілік міндет.

– Көп тіл білу – байлық. Бірақ әр адам ана тілінен бастау алуы керек. Қазақ жерінде тұрып, өз тілімізде сөйлеуге ұялу – бұл рухани еркіндіктен айырылу. Біз, ұстаздар, ең алдымен, осыны өзімізден бастап, оқушыға үлгі көрсетуіміз керек. Ана тілін сүю – туған жерді, ата-баба аманатын, ұлт рухын сүюмен тең. Егер біз өз тілімізді өзіміз бағаламасақ, оны өзгелер де бағаламайды, – деді Гүлдана Ткешева.

Бүгінгі таңда балалардың тілді меңгеруі көбіне мультфильмдер мен YouTube контенті арқылы жүреді. Алайда олардың басым бөлігі орысша немесе ағылшынша. Қазақ тіліндегі мультфильмдердің саны аз, сапасы да сын көтермейді. Сөйлеу ырғағы тым жылдам, мазмұны таяз, кейде тіпті бала психологиясына теріс әсер ететін элементтерге толы. Кейбірінің аудармасы жасанды, cөйлеу ырғағы түсініксіз. Ал тілді үйрену үшін сапалы контенттің мазыңы зор.

Бұрын қазақ тіліне сәтті аударылған, тәрбиелік мәні бар мультфильмдер көп болатын. Қазір ондай туындылар сирек кездеседі. Балалар қазақша емес, өзге тілдегі өнімдерге қызығады. Бұл жағдай ана тілін меңгеруді екінші кезекке ысырып тастайды.

Қазіргі медиа кеңістікте қазақ тіліндегі контенттің орны әлі де әлсіз. Баланың алғашқы тілі естіген сөзімен қалыптасады. Егер ол күн сайын орысша немесе ағылшынша мультфильмдер көрсе, сол тіл миына сіңеді. Қазақша сапалы, мазмұнды контент болмаған соң, бала тілді меңгермей өседі. Білім және ғылым министрлігінің бастамасы аясында қазақша мультфильм жобалары қолға алынғанымен, олар жеткіліксіз әрі кеңінен таралмай отыр. Қазақ тілі заманауи медианың барлық алаңында – YouTube, TikTok, Instagram сынды платформаларда болуы шарт.

Мемлекет тарапынан тілді дамытуға бағытталған бастамалар жоқ емес. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған тіл курстары, мектеп бағдарламаларының жаңартылуы, оқулықтардың жетілдірілуі, дубляждалған фильмдердің көбеюі – соның дәлелі. Дегенмен, бұл шаралар жеткіліксіз. Әсіресе қалалық ортада, жастар арасында тілге сұраныс төмен. Қазақ тілін жастардың стиліне сай, тартымды түрде насихаттау қажет. Ол үшін әлеуметтік желідегі қазақша контентті көбейтіп, жастар арасындағы қазақтілді блогерлерге қолдау көрсеткен жөн.

Қазақ тілінен ұялу – бұл рухани дағдарыстың көрінісі. Қоғам тілге құрметпен қарамаса, ол келер ұрпаққа жетпейді. Ана тілінен айырылған ұлт – болашағы жоқ ұлт. Сондықтан қазақ тілінде сөйлеу – артықшылық екенін әр қазақ жүрегімен сезінуі тиіс. Қазақ тілін құрметтеу – туған жерді, ата-бабаны, ұлт рухын сүюмен тең. Бұл – әр азаматтың борышы.

 

Аяулым ШЫНГАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Президент: Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар

Президент: Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар

13.03.2026
Чемпиондардың шеберлік сабағы

Чемпиондардың шеберлік сабағы

13.03.2026
«Таным» орталығы ашылды

«Таным» орталығы ашылды

13.03.2026
Паралимпиада ойындарындағы тарихи алтын

Паралимпиада ойындарындағы тарихи алтын

13.03.2026
Елена Рыбакинаны тарихи рекордтан кейін не күтіп тұр?

Елена Рыбакинаны тарихи рекордтан кейін не күтіп тұр?

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.