Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Халық қалаулылары ел ішінде

9 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Халық қалаулылары ел ішінде

Жұмабай Мұсабек

WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Парламент сенатының депутаттары  Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Толамисов, Сұлтан Дүйсембінов Жетісу облысына арнайы іссапармен келді. Халықтың тыныс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік нысандарды аралады. Олар мамандардың ұсыныстарын тыңдап, республикалық деңгейде жүйелі шешімдер қабылдау кезінде мәселелердің оң шешілуіне ықпал етеді.

Халық қалаулылары алдымен қалалық көпсалалы ауруханаға бас сұқты. Мұндағы бірқатар мәселелерге назар аударды. Мекеме директоры Арман Жансеңгіров емдеу орталығының жұмысымен таныстырып, ұсынысын айтты. Аурухананың қабылдау бөлмесінің тарлығы жұмыс істеуге кедергі екенін, сондықтан мәселені шешу үшін үкімет тарапынан қаржылық қолдау қажеттігін алға тартты.

– Біздің аурухана 350 орынды болып салынған. Бірақ қабылдау бөліміне күніне шамамамен 160 адам келеді. Сондықтан ол жер өз функциясын қазір толық атқара алмай жатыр. Сол үшін біз қабылдау бөлімді үлкейтсек деп отырмыз. Одан бөлек бір ота бөлмесі керек. Алдағы уақытта шешімін табар деген үміттеміз, – деді ол.

Депутаттар аутизм және басқа да ментальды бұзылулары бар балаларға арналған орталықтың жұмысымен танысты. Ғимарат 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл жерге бүгінде 125 бала келеді. Аз уақыт ішінде жақсы нәтиже көрсетуде. Мәселен өткен жылы 5 баланы мектепте оқуға бейімдесе, биыл 8 бала 1 — сыныпқа барады деп жоспарлап отыр. Десе де бұл мекеменің басты проблемасы жалақы. Психолог, дефектолог сынды  мамандарға төленетін айлық  төмен. Осы ретте Сенат депутаттары бұл мәселе жақын арада оң шешім табады деп сендірді.

– Мемлекет басшысының өзі де ең алдымен әлеуметтік мәселеге көңіл бөледі. Негізгі бюджеттің 50%-дан көбі  әлеуметтік бағытта жұмсалады. Сондықтан да іссапарды әлеуметтік нысандарды аралаудан бастадық. Облыс орталығындағы көпсалалы аурухананың жұмысымен таныстық. Онда айтылған мәселелерді Парламент қабырғасында қарастыратын боламыз. Ол жерді кеңейтуге, халыққа жағдай жасауға бар күшімізді саламыз, – дейді ҚР Парламенті сенатының депутаты Амангелді Толамисов.

Ел жанашырлары Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға да барды. Жастармен әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарының жай-күйімен танысып, әскерге шақыру жүйесі бойынша ұсыныстарды тыңдады.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.