Талдықорған: +29°C
$ 462.30
€ 538.07
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Kaspi.kz мобильді қосымшасында полицияға онлайн жүгіну мүмкіндігі пайда болды

10.07.2025
КҮНДЕРЕК
Kaspi.kz мобильді қосымшасында полицияға онлайн жүгіну мүмкіндігі пайда болды
WhatsAppTelegramFacebook

Kaspi.kz ІІМ және ЦДИАӨМ-мен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы полицияға арызданып, жол-көлік оқиғасы, жол қозғалысы ережелерін бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да оқиғалар туралы хабарлауға болады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:  

«Kaspi.kz суперқосымшасын 15 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. «Мемлекеттік қызметтер» сервисі арқылы біздің сүйікті клиенттеріміз күнделікті көптеген мәселелерін шешеді – жүргізуші куәлігін ауыстыру, көлікті қайта рәсімдеу, цифрлық құжаттарды қолдану, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, бала туу туралы куәлік алу және т.б. Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, Kaspi.kz қосымшасы арқылы полицияға жедел жүгіну мүмкіндігін іске қостық. Жоба ІІМ, ЦДИАӨМ және Kaspi.kz командаларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Мемлекеттік қызметтерді дамыту – бұл біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз және коммерциялық емес бастамамыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз көптеген елдердегі қызметтерден тиімді әрі ыңғайлы онлайн сервистер жасап жатырмыз, бұл қазақстандықтар үшін мақтаныш. Бізге сенім артқаны және мемлекеттік қызметтерді қазақстандықтарға қолжетімді ету мүмкіндігі үшін мемлекеттік органдарға алғыс айтамыз!»

Сәкен Сәрсенов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

«Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында біз Egov Mobile қосымшасында азаматтарға полицияға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервисті іске қостық. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің қосымшаларына ықпалдастыру тетігі де пысықталды. Бұл адамдарға полиция бөліміне бармай-ақ, үйреншікті әрі ыңғайлы сервистер арқылы жүгінуге жол ашады. Жеке атап өткім келетіні, бұл Kaspi-мен алғашқы жоба емес – біз полиция қызметтерін халық үшін қолжетімді әрі қауіпсіз ету бағытында ынтымақтастығымызды біртіндеп кеңейтіп келеміз».

ЦДИАӨМ вице-министрі Ростислав Коняшкин:

«Бұл сервисті Kaspi.kz сияқты екінші деңгейлі банк қосымшасына қосу – оны кеңейту жолындағы қисынды қадам. Бұған дейін біз Ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізбен бірге Egov Mobile қосымшасында сервисті іске қостық, оның аудиториясы – 11 миллион пайдаланушы. Іске қосылған сәттен бастап 100 мыңнан астам отандасымыз бұл қызметті пайдаланды. Біз адамның ең басты қажеттілігі – қауіпсіздікке бағытталған әлеуметтік маңызы бар сервистерді дамытудың оң үрдісін байқап отырмыз. Цифрлық өнімдер Қазақстан азаматтарына қызмет етіп, өмір сапасын жақсартуы тиіс. Бұл – біздің миссиямыз және жобаларымыздың басым бөлігі осыған бағытталған».

Kaspi.kz қосымшасының көмегімен полицияға қалай өтінім беруге болатыны туралы Гид қызметінен оқыңыз.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін  жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Бұл инновацияның негізінде – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр, оны 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады. Онда елдегі жетекші электронды коммерция, төлем және қаржылық қызметтері топтастырылған.

Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізу арқылы тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржысын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Сондай-ақ Kaspi.kz бизнеске арналған Kaspi Pay суперқосымшасын жасап шығарды, оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер қолданады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржы алады, төлем қабылдайды, жарнамалық кампанияларды іске қосады, салық төлейді, Kaspi.kz-тің электронды коммерция және жеткізу платформасына қосылып, бүкіл ел аумағында өз тауарларын сата алады.

Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазды. Бұл материалдар бойынша магистратура студенттері бірнеше жылдан бері білім алып жүр.

Дереккөз: stan.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды: Тоқаев Ұлттық қордағы қаражат туралы айтты

Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды: Тоқаев Ұлттық қордағы қаражат туралы айтты

28.08.2026
Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды

Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды

28.08.2026
Президент Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатурасын қашан тағайындайтынын мәлімдеді

Президент Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатурасын қашан тағайындайтынын мәлімдеді

28.08.2026
Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салуды қолдады

Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салуды қолдады

28.08.2026
Президент Құрылтайдың бірінші сессиясында бірқатар маңызды заңдарды қабылдауды тапсырды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясында бірқатар маңызды заңдарды қабылдауды тапсырды

28.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.