Енді нотариустың атқарушылық жазбасын электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы рәсімдеуге болады.
Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Атқарушылық жазба — қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында берілетін нотариаттық құжат. Мұндай құжаттың заңды күші сот шешімімен теңестіріледі және оны орындау үшін сотқа жүгінудің қажеті жоқ.
Егер тараптар арасында нотариалды куәландырылған қарыз шарты немесе атқарушылық жазба жасау туралы ескертуі бар жалдау шарты болса, талапкер сотқа жүгінбей-ақ, тікелей сот орындаушысына шағымдана алады.
Электрондық форматқа көшу – процесті жеделдетіп, азаматтардың уақытын үнемдеуге және құжат айналымының ашықтығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.





