«Қазтелерадио» АҚ 2025 жылғы 15–18 шілде аралығында Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасында жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Осыған байланысты бірқатар телеарна мен радиостанцияның жұмысы уақытша тоқтатылады.
Техникалық жұмыстар келесі кесте бойынша жүргізіледі:
-
15 шілде – 08:00-ден 17:00-ге дейін
-
16 шілде – 06:00-ден 17:00-ге дейін
-
17 шілде – 08:00-ден 17:00-ге дейін
-
18 шілде – 08:00-ден 17:00-ге дейін
Осы уақыт аралығында цифрлық эфирлік телехабар тарату қызметтері уақытша қолжетімсіз болады. Атап айтқанда, төмендегі телеарналар уақытша эфирден алынады:
Уақытша өшірілетін телеарналар:
-
QAZAQSTAN
-
Хабар HD
-
24KZ
-
BALAPAN
-
ЕЛ АРНА
-
Jibek joly
-
ABAI TV
-
Первый канал Евразия
-
Almaty
-
QAZSPORT HD
-
МИР
-
Astana TV
-
КТК
-
НТК
-
Седьмой канал
-
31 канал
-
Alatau
-
ATAMEKEN BUSINESS
-
МИР 24
-
Жетысу
-
Sport Plus Kazakhstan
-
Телекомпания MZ
-
TДК-42
-
Новое телевидение
FM-диапазонындағы радиостанциялар:
-
Эльдорадио Алматы – 91,7 МГц
-
Radio City – 88,9 МГц
-
LUX FM – 87,7 МГц
-
QAZAQ RADIOSY – 101 МГц
-
Energy FM – 102,2 МГц
-
Classic радиосы – 102,8 МГц
-
Love Radio – 103,5 МГц
-
Radio MONTE CARLO – 104 МГц
-
Русское радио Азия – 104,7 МГц
-
Авторадио Қазақстан – 105,4 МГц
-
Радио NS – 106 МГц
-
Шалқар радиосы – 106,5 МГц
-
Европа Плюс Казахстан – 107 МГц
-
Народное радио – 100,2 МГц
-
Той Думан радиосы – 101,8 МГц
-
Жулдыз FM – 101,4 МГц
-
Радио Дача – 91,3 МГц
-
Business FM – 89,6 МГц
-
Ретро FM Qazaqstan – 107,5 МГц
-
Orda FM – 99,3 МГц
-
Beu FM – 97,7 МГц
-
ASPAN FM – 98,9 МГц
«Келтірілуі мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет», – делінген «Қазтелерадио» АҚ мәлімдемесінде.
Анықтама:
«Қазтелерадио» АҚ – Қазақстан Республикасындағы ұлттық телерадиохабар тарату операторы. Компания халықты эфирлік және спутниктік желі арқылы телерадио бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз етеді.





