Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құрмет пен алғысқа лайық

13 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде жыл сайын 13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – ҰҚК ардагерлері мен қазіргі қызметкерлердің еңбегі бағаланатын айрықша мереке. Отанға адал қызмет ету үлкен ерлік пен табандылықты қажет етеді. «Ел тыныштығы – ең үлкен байлық» десек, сол байлықты қорғап жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Бұл қызмет саласы сырт көзге көрінбегенімен ел болашағы үшін маңызы зор.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысы – аса құпия, жауапты әрі қауіпті. Қауіпсіздік қызметкерлері терроризм мен экстремизмге қарсы күреседі, шетелдік барлау құрылымдарының әрекеттерін анықтап, дер кезінде тойтарыс береді, мемлекеттік құпияларды сақтауға атсалысады, киберқауіпсіздік, шекаралық қауіпсіздік және ақпараттық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Жуырда аталған мерекеге орай Құман Тастанбеков атындағы аудандық Мәдениет үйінде шекара қызметі мен аудандық әкімдіктің бірлесіп ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Іс-шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Алмас Байғонысов қазіргі жаһандық геосаяси сын-қатерлер жағдайында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мінсіз жұмысы, жоғары жауапкершілігі мен кез келген жағдайда жедел әрекет етуге дайын болуы – азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі екендігін айта келіп, ел игілігі жолындағы қызметтеріне толағай табыс тілеп, мерекеге орай бірқатар қызметкерге Алғыс хат табыстады. Одан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков қызмет бабында жүрген әрбір маманға зор денсаулық, мызғымас ерік-жігер және жаңа кәсіби жетістіктер, отбасыларына амандық тіледі. Келесі сөз кезегін алған ҚР ҰҚК Жетісу облыстық департаментінің Сарқан аудандық бөлімінің басшысы, подполковник Ринат Рамазанов ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір азаматтың борышы екендігін айтып, әріптестерінің отбасыларына амандық тіледі. Сарқан шекара бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Тикенбаев өз сөзінде: «Арнайы орган қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Еліміздің тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлердің жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілеймін», – деп елге тыныштық, тұрақтылықты және ұлттық мүддені қорғап жүрген жандарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Ел тыныштығы жолында уақытпен санаспай қызмет атқаратын әріптестеріне бағалы сыйлық табыстады.

– Бұл салада қызмет атқарғаныма он жылдай уақыт болды. Үш баланың әкесімін. Әкем ішкі істер органдарының зейнеткері. Бала күннен погон тағуды армандадым. Әкем салған даңғыл жолмен жүріп, мемлекетіміздің тыныштығын қорғау мақсатында аз да болса үлес қосып қызмет атқарып жүрміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – дейді ҰҚК қызметінің капитаны Тілек Берікболұлы.

Салтанатты шара мерекеге орай аудандық өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Жақсылық ИГІМАН
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.