Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандық оқушы халықаралық STEM олимпиадасында топ жарды

16 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстандық оқушы халықаралық STEM олимпиадасында топ жарды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандық оқушылар Испания астанасы Барселонада өткен халықаралық STEM олимпиадасында тамаша нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. Зияткерлік сайыста математика, ғылым, технология және инженерия бағыттары бойынша бақ сынаған шәкірттеріміз бірнеше алтын, күміс және қола медаль иеленді.

Халықаралық білім бәйгесінде жарқырап көзге түскендердің қатарында елордалық Иса Қожасбай да бар. Ол 6–8-сынып оқушылары арасында математика пәнінен күміс, ал жаратылыстану ғылымы бойынша қола жүлдеге қол жеткізді.

Сайысқа әлемнің 130 елінен 1700-ден астам оқушы және 38 мыңнан аса студент қатысқан. Қазақстан намысын Астана, Алматы және Павлодар қалаларынан барған дарынды жастар қорғап, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

  • Иса Қожасбай — математикадан күміс, ғылымнан қола;

  • Георгий Ким — математикадан алтын, ғылымнан қола;

  • Әлішер Ниетқалиев — математикадан күміс, ғылымнан қола;

  • Медина Қайыпова — математикадан қола;

  • Мейірбек Исаев — ғылымнан қола;

  • Нұрасыл Рысқұлбеков — кодтау бойынша алтын, ғылымнан үздік 30-дық;

  • Арман Әубәкір — математикадан алтын, кодтау бойынша күміс;

  • Жәнібек Нұрхамитұлы, Арман Әубәкір, Бижан Ашыяхатов — кодтау бойынша күміс;

  • Әлихан Танат, Нұрасыл Рысқұлбеков — кодтау бойынша қола;

  • Айша Темірхан — ғылымнан күміс;

  • Жәнібек Нұрхамитұлы, Нұрмұхамбет Лағылай — математикадан күміс;

  • Әлихан Таңат, Мадина Ержанқызы, Нұрасыл Рысқұлбеков — математикадан қола.

Байрақты білім додасында ерекше көзге түскен оқушылардың жетістігі ел Президентінің назарынан тыс қалмады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарды арнайы құттықтап, оларға жеделхат жолдады.

«Бұл – Қазақстан білім беру жүйесінің қарқынды дамуының айқын дәлелі. Мемлекет өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауды жалғастыра береді. Сіздермен мақтанамыз! Алдағы уақытта толағай табыстар тілеймін!» – делінген Президенттің құттықтауында.

Еске сала кетейік, былтыр да отандастарымыз Нидерландыда өткен халықаралық білім сайысында жоғары нәтиже көрсеткен болатын.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.