Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

2,5 жыл бос тұрған лауазым: Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісіне журналист тағайындады

8 сәуір 2025
КҮЛТӨБЕ
2,5 жыл бос тұрған лауазым: Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісіне журналист тағайындады
WhatsAppTelegramFacebook

Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады. Екі жылдан астам уақыт бос тұрған лауазымға Виктор Майко қызметке кірісті.

«Виктор Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалсын», — делінген Зеленскийдің жарлығында.

Бұл қызметке келмей тұрып, Виктор Майко Украинаның Түрікменстандағы елшісі болған. Қазақстандағы Украина елшісінің орны 2022 жылдың қазан айынан бері бос тұрған еді. Сол кезде елші Петр Врублевский дипломатиялық жанжалдан кейін қызметінен босатылды.

Жаңа елші 1960 жылы 6 шілдеде Украинаның Днепропетровск жерінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1982 жылы Тарас Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы экономика ғылымдарының кандидаты (Украинаның сыртқы сауда академиясы) ғылыми атағын алды.

1982-1984 жылдары «Знамя соревнования» басылымының тілшісі болған.

1984-1989 жылдары әскери қызмет.

1989-1991 жылдары Украина Ішкі істер министрлігінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының бас ғылыми редакторы.

1992 — 1994 жылдары «Интерпрофсервис» директоры.

1994-1999 жылдары Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде Украина елшілігі құрамындағы сауда-экономикалық миссиясы басшысының орынбасары, басшысы.

1999-2000 жылдары инвестициялық ынтымақтастық және валюталық реттеу басқармасының бастығы, Украинаның сыртқы экономикалық байланыстар және сауда министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы.

2000-2005 жылдары «Интербудмонтаж» басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2005-2010 жылдары Украинаның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі, Украинаның Ауғанстан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2006-2010).

2010-2014 жылдары Украинаның сыртқы істер министрінің орынбасары.

2014-2020 жылдары Украина сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

Украина президентінің 30.12.2020 жылғы № 610/2020 жарлығымен Украинаның Түркіменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған. 

Дереккөз: president.gov.ua
Фото: hronikatm.com

Қатысты жаңалықтар

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.