Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Финалға бір қадам қалғанда…

20 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Финалға бір қадам қалғанда…
WhatsAppTelegramFacebook

Спорттың сан салалы жолына енді түсіп, бағытын айқындап, келешекке көп үмітті арта еңбектеніп жатқан көкқанаттардың бастамасын көргенде сүйсінесің. Талдықорғанда Орталық бассейн жұмыс істегелі су спортындағы жетісулықтардың нәтижесі оң бағытқа бет алып, көш арасынан айқын көріне бастаған. Кейінгі жылдары еліміздегі су добының нәтижесі төмендегенімен балалардың арасында танымалдылыққа кеңінен ие болып, жарыстан жүлделі оралып жүр.

Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының шешуші сәті. Былтыр күзде басталған чемпионат еліміздің әр қаласында өтті, енді жарысты Талдықорғанда қорытындыламақ. Оған себеп – бассейннің мүмкіндігі, талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуінде. Су добынан мемлекеттік жаттықтырушы Ерік Көпбергенов: ­­­«Талдықорғандағы финалдық ойындардың түгелі ютуб желісінде тікелей көрсетіліп жатыр. Осы спорт түрінен толық хабары бар азаматты арнайы шақыртып, комментаторлық міндетті жүктедік. Бұл жарыста көзге түскендер Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Мықты ойыншылар бар, оларды тізімдеп алдық. Биылғы жарыстың жөні басқа. О баста «ақтық мәреге тек төрт команданың қатысуына мүмкіндік береміз бе?» дегенбіз, бәсекелестіктің күштілігінен Астана, Тараз, Семей, Талдықорған, Орал, Атырау қалаларынан алты команда қатысып отыр. Былтыр чемпионат тек үш айналымнан тұрса, биыл халықаралық жарыстардың ережелерін назарға алып, бес айналым жасадық. Жалпы биылғы чемпионатқа 12 команда қатысты», – дейді.

Су добынан 2012-2013 жылы дүниеге келгендер арасындағы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Тараз қаласының спортшылары Астанадан келгендерді 10:7, 10:8 есебімен жеңді. Ал Талдықорғанның балалары бірінші күні 11:6 есебімен Атыраудың ойыншыларынан басым түскенімен келесі күні 13:18 нәтижесімен жеңіліп, екі күннің көрсеткіші бойынша доп айырмасы есептеліп, тең түскендіктен пенальти сериясы финалисті анықтады. Бұл сында былтыр ІІ-орын алып, биыл нәтижені жақсартамыз деген талдықорғандықтар сүрініп, 4:5 есебімен жеңілді. Енді жетісулықтар қола медаль үшін сынға түседі. Ал финалда Астана мен Тараздың спортшылары чемпионды анықтайды.

– Әрине, біз ойлағандай болған жоқ. Жартылай финалдағы екінші ойындағы қателіктерден сабақ алып, қорытынды шығарамыз. Балалардың талабына, қызығушылығына ризамын. Алдағы уақытта еліміздің абыройын асқақтататын шеберлердің шығатындығына сенімдімін, – деді Талдықорған құрамасының бас бапкері Мади Болатов.

 Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.