Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Перизат Қайрат Палестинаға ақша жіберген бе? – прокурор жаңа дерек айтты

22 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Перизат Қайрат Палестинаға ақша жіберген бе? – прокурор жаңа дерек айтты

Instagram

WhatsAppTelegramFacebook

Астана қалалық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашабаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі өтті. Сот отырысында тергеу барысында алынған бірқатар жабық мәліметтер жария етілді, — деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Айыптау актісіне сәйкес, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашабаева «BizBirgemiz Qazaqstan 2030» қайырымдылық қоры арқылы жиналған 559 миллион теңгені жымқырған. Бұл қаржы бастапқыда Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған болатын.

Қаржы заңдастыру жолдары

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, жымқырылған қаражат Rebel Flowers гүл салонын сатып алу арқылы заңдастырылған. Айыптаушылар мұны ақшаны жылыстату әрекеті деп бағалап отыр.

Перизат Қайрат кінәсін мойындамады

Сотта Перизат Қайрат өз кінәсін мойындамай, қаржыны Палестинаға қолма-қол жеткізгенін растады. Оның айтуынша, банк арқылы аударым жасау әскери қақтығысты қаржыландыру ретінде қабылдануы мүмкін еді. Ол шетелге жиі шығуын осы себеппен түсіндіруге тырысты.

Алайда мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекен бұл мәлімдемені жоққа шығарып, Қайраттың сапарлары БАӘ-де қымбат сауда жасау мақсатында болғанын айтты.

Қысым мен жалған мекенжай

Сот отырысында Перизат Қайраттың Kaspi Bank өкіліне қысым көрсеткені туралы тың дерек те жарияланды. Бұдан бөлек, тергеу барысында айыпталушының жалған мекенжай арқылы қор тіркегені белгілі болды.

Жәбірленушілер кімдер?

Іс материалдарына сәйкес, «BizBirgemiz Qazaqstan 2030» қорына ел азаматтары 30 мыңнан 200 миллион теңгеге дейін қаражат аударған. Жәбірленушілер қатарында кәсіпкерлер, мұғалімдер, жұмыссыз азаматтар мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдері бар. Kaspi Bank тарапынан аударылған сома 620 миллион теңгені құраған.

Айыптау тарабының сұранысы

Мемлекеттік айыптаушы соттан Перизат Қайратты 10 жылға, анасы Ғайни Алашабаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.

Сот үкімінің нақты қашан шығатыны алдағы күндері белгілі болады.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.