Талдықорған: +36°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Үкімет тау-кен металлургия кешенін дамытудың жаңа шараларын бекітті

22.07.2025
КҮНДЕРЕК
Үкімет тау-кен металлургия кешенін дамытудың жаңа шараларын бекітті
WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Отырыс барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының тау-кен саласын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үлкен экспорттық әлеуетке ие. Бүгінде мыс, мырыш, темір және алюминий сияқты металдарға сыртқы нарықтарда сұраныс жоғары болып отыр.

«Сондықтан отандық экономиканы әртараптандыру мақсатында өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңызы өте зор. Қазіргі таңда жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі шамамен 14%-ды құрайды және ол кен өндіру саласынан 2%-ға жоғары (12,2%). Осы үрдісті алдағы уақытта да сақтап қалу қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.

Қабылданып жатқан шаралардың қатарында – жоғары деңгейдегі өңдеу жобаларына инвестициялар тарту. Мәселен, биыл Саран қаласында «Qarmet» компаниясының өнімдері негізінде болат құбырлар шығаратын зауыт іске қосылады.

Сондай-ақ ірі жер қойнауын пайдаланушылар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Еліміздің тау-кен металлургия кешенінде 220 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді.

Қазақстандықтардың едәуір бөлігі түпкілікті тұтынушыға бағдарланған ШОБ-та жұмыс істейді. Олжас Бектенов мұндай өндірістерді дамыту үшін қосымша ынталандыру қажет екенін атап өтті.

Индустрия 4.0 құралдарын енгізу, автоматтандыру, үлкен деректер мен жасанды интеллектіні пайдалану арқылы саланы цифрландыру белсенді жүргізіліп келеді.

Қабылданған шаралар тау-кен секторы нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделуге және тиімділіктің, ашықтық пен тұрақтылықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі ресурстық базаны кеңейту.

«Жер қойнауын геологиялық барлау көлемін арттыру үшін биылдан бастап қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтамыз. Біз жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру бойынша аукциондардан түсетін бонустардың қаражаттарын геологияны дамытуға бағыттау туралы шешім қабылдадық. Биыл бұл сома кемінде 30 млрд теңгені құрайды. Аталған қаржы көлемі әлі де арта түсетін болады. Қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүріп жатыр», — деді Премьер-министр.

Металлургтер мен кеншілердің еңбек қауіпсіздігін қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Осыған байланысты өнеркәсіп, экология, төтенше жағдайлар министрліктері ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарымен бірлесіп, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуды, жаңа технологияларды енгізуді және еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр:

  • Өнеркәсіп министрлігі ірі тау-кен кәсіпорындарымен бірлесіп, жүйетүзуші кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құруды ынталандыратын іс-шараларды ескере отырып, жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығару бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.
  • Өнеркәсіп министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, аса маңызды және сирек металдар негізінде технологиялық тұрғыдан инновациялық өнім өндірісін дамытуды қамтамасыз етсін. Жобалар қосылған құны жоғары өнімдер жасауға бағытталуы қажет. Бұл технологиялық күрделі өндірістерді дамыту үшін қажетті құзыреттерді күшейтіп, өсу әлеуетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұйық циклды экономиканы құру үшін металдар мен өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу шараларын әзірлеу қажет.
  • Ғылым және жоғары білім министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп бір ай мерзімде сала мамандарын даярлау бағдарламасын әзірлесін. Сондай-ақ өндіріске жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу үшін ғылымды белсенді түрде тарту қажеттілігіне назар аударылды.

Қатысты жаңалықтар

Асылханның фотосы

Асылханның фотосы

27.06.2026
Ол кездері барлығы өзгеше еді…

Ол кездері барлығы өзгеше еді…

27.06.2026
Қадірлей білер қазынамыз

Қадірлей білер қазынамыз

27.06.2026
Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?

Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?

27.06.2026
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

27.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.