Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Еңбек – ырыс қазығы

Пограничник ауылында шаруаның көзін тауып, ауылдың дамуы жолында өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген кәсіпкерлердің қатарында Бақтыбала Дүйсембекованың есімі аталады.

24 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Еңбек –  ырыс қазығы
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда ауылдық кітапхана қызметкерлері «Еңбек – ырыстың қазығы» атты сыр-сұхбат өткізді. Бұр шара кәсібінен нәсіп тапқан Бақтыбала сынды еңбек адамына арналып ұйымдастырылып, Амангелді ауылдық округінің мәдениет қызметкері Болат Бижақсинов әсем әнмен шашу шашты.

Бақтыбала Уәлиқызы Қарауылтөбе ауылының тумасы, малдәрігерлік мамандығын алып, сол бағытта еңбек жолын бастап мал шаруашылығымен айналысады. 1994–1995 жылдары ұжымшарлар мен кеңшарлар таратылып, жеке шаруа қожалықтары құрылып жатты. Тоқырау заманындағы қиыншылыққа байланысты кәсіпкерлікке аяқ басты. «Сыбаға» бағдарламасымен ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алып, ірі қара, жылқы малын сатып алып, мал шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар, егін шаруашылығына да өзіндік үлесін қосты. 2009 жылы мал сою алаңын ашты. Бұл алаңның игілігін бүгінгі таңда үш ауыл көруде, мал біткен осы жерде сойылады. 2015 жылы «Атамекен» ҰКП құрамында іскер әйелдер қатарында Алматы облысы бойынша ауыл әйелдерінің алғашқы форумына қатысты. Ауылда тұрғаннан кейін ауылдастарына жағдай жасауды басты назарда ұстап, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында 2018 жылы «Рахмет» қайырымдылық дүкенін ашты. Үш ауылда бірде-бір тойхана болмағандықтан 2019 жылы «Рүстем» тойханасын Пограничник ауылынан ұйымдастырды.

Ауыл тұрмысын ажарландыруға қосқан еңбегі ескеріліп «Сарқан ауданының Құрметті азаматы» атағын алды. Сонымен қатар «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталып, 2024 жылы есімі «Қазақстанның алтын кітабына» енді.

Бүгінде Бақтыбала Уәлиқызы 3 баланың анасы, 5 немеренің сүйікті әжесі. Осылайша жылдар жылжып зейнеткерлікке шықса да өз кәсібін дөңгелетіп, істеген игі істері еленіп, өз ісінің маманы атанған ол еңбектің құрметке жетелейтіндігін айналасына дәлелдеп келеді.

Ауылдастарының қошеметіне, алғысына бөленіп жүрген мейірімді жанмен арада болған сұхбат көрермендердің көңілінен шықты. Маңдай тердің өтеуін көріп келе жатқан еңбек адамына жиналғандар тарапынан «Сіз жұмысқа деген шабытты қайдан аласыз?», «Өз мамандығыңызды дұрыс таңдадым деп ойлайсыз ба?», «Алдыңызға қойған тағы да қандай мақсаттарыңыз бар?» деген сауалдар қойылып, кездесу кейіпкері атынан нақты жауаптар алынды.

Жақсылық ИГІМАН

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.