Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұландықтар жағажайда жоғалған балаларды тапты

19 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Ұландықтар жағажайда жоғалған балаларды тапты
WhatsAppTelegramFacebook

Жаздың аптабында елдің оңтүстігі қатты ысыды. Тұрғындар мұндайда шомылуға болатын ең жақын су қоймаларына жаппай ағылады. Қонаев қаласының маңында орналасқан Қапшағай су қоймасы мен Алматының орталығындағы Сайран жасанды көлі – осындай демалыс орны екені белгілі.

Кішкентай балалары бар отбасылардың жағажайға келуі ерекше алаңдаушылық тудырады.

3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қапшағай су қоймасының жағасында жоғалған және қараусыз қалған екі баланы тапты. Екеуі де ата-аналарымен аман-есен қауышты.

Әскери жасақ командирі, қатардағы жауынгер Азамат Байғұлға кешкілікте жүзінде үрей бар әйел адам келіп жүгінген. Ол он екі жасар ұлын таппай жатқанын айтып, суға батып кетуі мүмкін деген қорқынышы барын жасырмады. Қатардағы Байғұл өз әріптестері – Айбек Тағайхан мен Бақберген Сәріпбекпен бірге жедел іздеу жұмыстарын ұйымдастырады. Көп ұзамай бала  жағажайдың қарама-қарсы жағынан табылып, анасына қайтарылды.

Екінші жағдайда да бөлімше командирі, қатардағы жауынгер Қанафия Әбдікәрімнен әйел адам көмек сұраған. Оның айтуынша, төрт жасар қызын ұйықтатып кеткен, алайда біраз уақыттан кейін келгенде қызы ұйықтап жатқан орнында болмаған. Шарқ ұрып іздегенмен, нәтиже болмай, сарбаздарға жүгінген. Командир шұғыл түрде патрульдік топтарға ақпарат таратады. Қатардағы жауынгерлер Әліби Айдархан мен Ержігіт Батырбектің үйлесімді әрекеттері мен ұқыптылығының арқасында балақай табылып, ата-анасына табысталды.

Сол күні кешке ұландықтарға Сайран көлінің жағасында бес жасар баланың жоғалып кеткені туралы хабар келіп түседі. 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері – әскери жасақ бастығы қатардағы Абзал Иманқұлов, сондай-ақ қатардағы Жанболат Мұса мен Шерхан Жүсекеев баланы тез арада тауып, анасына тапсырды.

– Соңғы кездері балалардың жағажайларда адасып кету жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты біз барлық демалушыларға, әсіресе балалармен келгенде өте мұқият болуды ескертеміз. Ешбір жағдайда баланы қараусыз қалдыруға болмайды. Баланың қауіпсіздігі үшін ең алдымен ата-ана жауапты. Бұл туралы ұмытпауымыз керек! – дейді батальон командирінің орынбасары капитан Бақытжан Момбиев.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы су айдындары мен демалыс аймақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.