Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қосымша құнсалығы кімдерге қолданылмайды? Аймағамбетовтің мәлімдемесі

7 сәуір 2025
КҮЛТӨБЕ
Қосымша құнсалығы кімдерге қолданылмайды? Аймағамбетовтің мәлімдемесі
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қай салаға қосымша құн салығы енгізілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта дәрі-дәрмек, медициналық қызметтер, кітаптар мен картадан картаға аударымдар бойынша ҚҚС 0% мөлшерлемесін сақтауға қатысты көп сұрақтар туындаған. Аймағамбетов бұл салаларға ҚҚС енгізудің қажеті жоқ екендігін алға тартып, салық кодексіне енгізілген депутаттық түзетулерді түсіндірді.

«Ауыр, созылмалы және өмірге қауіп төндіретін аурулар, оның ішінде онкология, диабет, аутоиммунды және сирек кездесетін аурулар үшін дәрі-дәрмектердің бағасын қымбаттатуға жол беруге болмайды. Қосымша құн салығының енгізілуі бұл өнімдердің бағасын күрт көтеріп, халықтың ең осал топтарына – науқастар мен олардың отбасыларына ауыртпалық түсіреді», – деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат, сонымен қатар, кітаптарға қосымша құн салығын енгізудің дұрыс болмайтынын атап өтті. Бұл шара отандық авторлар мен баспаларды қиын жағдайға әкелері сөзсіз. «Қазақстандағы әдебиетті дамыту үшін кітаптардың бағасын көтермей, керісінше, оны қолдау қажет», – деді ол.

Аймағамбетов қаржылық қызметтерге ҚҚС енгізуге де қарсы. Оның пікірінше, көптеген елдерде қаржылық қызметтер ҚҚС-тан босатылады, себебі бұл қызметтердің қымбаттауы халықтың әлеуметтік жағдайына теріс әсер етеді. Банктік аударымдар, карталар мен зейнетақы операцияларына ҚҚС енгізу қызметтерді қымбаттатып, әсіресе зейнеткерлер, студенттер мен шағын бизнес үшін қиындық тудырады.

Депутат салық саясатын әділетті және теңгерімді жүргізу қажеттігін айтты. «Біз әлеуметтік тұрғыда осал азаматтарды қорғау үшін, сонымен қатар экономиканы тұрақты дамыту мақсатында, акциздерді, корпоративтік табыс салығын және басқа салықтарды дұрыс реттеуіміз керек», – деп қорытындылады Асхат Аймағамбетов.

Ол қазіргі уақытта бұл мәселелер бойынша талқылау жүріп жатқанын да атап өтті.

Фото: baq.kz

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.