Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандағы әйелдер жиі шалдығатын 5 ауру аталды

28 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстандағы әйелдер жиі шалдығатын 5 ауру аталды

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда әйелдер арасында жүрек, онкология және тыныс алу аурулары жиі тіркеліп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми жауабына сүйенсек, жас ерекшелігіне байланысты ауру түрлерінің де айтарлықтай айырмашылығы бар.

BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрлігі әйелдер денсаулығына қатысты өзекті мәліметтерді ұсынды. Ведомство дерегінше, елімізде әйелдер жиі шалдығатын аурулар бірнеше негізгі топқа бөлінеді.

1. Жүрек-қан тамырлары аурулары

Бұл дерт – әсіресе 50 жастан асқан әйелдер арасындағы өлім-жітімнің басты себебі. Артериялық гипертензия, жүрек ишемиясы, инсульт секілді аурулар жиі кездеседі.

2. Онкологиялық аурулар

Әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігі мен жатыр мойны обыры – ең жиі таралған қатерлі ісік түрлері. Ерте диагностика мен профилактикалық тексеріс бұл аурулардың алдын алуға көмектеседі.

3. Тыныс алу жолдарының аурулары

Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары (ӨСОА), демікпе және басқа да тыныс жолдары дерттері – әйелдер арасында жиі тіркелетін аурулар қатарында.

4. Тірек-қимыл аппаратының аурулары

Остеопороз және артрит секілді аурулар, әсіресе егде жастағы әйелдерде жиі байқалады. Бұл – қимыл-қозғалысты шектеп, өмір сапасын төмендететін факторлардың бірі.

5. Психикалық бұзылулар

Депрессия мен мазасыздық – әйелдер арасында жиі кездесетін психикалық денсаулық проблемалары. Стресске төзімсіздік пен гормоналды өзгерістер бұл жағдайларды ушықтыруы мүмкін.

Жас ерекшелігі бойынша аурушаңдық қалай өзгереді?

30 жасқа дейінгі әйелдер: Бұл кезеңде гинекологиялық аурулар, инфекциялар және репродуктивті жүйеге қатысты басқа да дерттер жиі кездеседі.

30-50 жас: Жүрек-қан тамырлары ауруларының белгілері арта бастайды, қатерлі ісікке шалдығу қаупі де осы жаста байқалады.

50 жастан жоғары: Онкология, жүрек аурулары мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары жиіледі.

Репродуктивті денсаулық және ана өлімі

Министрліктің мәліметінше, бедеулік, эндометриоз және жатыр миомасы сияқты аурулар репродуктивті жастағы әйелдер арасында кең таралған.
Қазақстанда отбасын жоспарлау мен репродуктивті денсаулық қызметтерін жақсарту бойынша бірқатар бағдарлама іске асып жатыр. Бұл көрсеткіш ана өлімінің төмендеуіне де ықпал етіп отыр. Дегенмен, шалғай өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігі әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда балалар мен жастар арасында жиі кездесетін 6 ауру түрі жөнінде жазған едік. Денсаулық сақтау министрлігі дерегіне сәйкес, балалар мен жасөспірімдер санатындағы азаматтар арасында бірқатар ауру түрлері жиі кездеседі.

Сонымен қатар, Қазақстанда зейнеткерлер арасында жиі кездесетін 6 ауру түрі туралы да жаздық. Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаментінің мәліметінше, бұл құбылыс тек Қазақстанда ғана емес, көптеген елдерде байқалады.

 

Дереккөз: Baq.kz

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.