Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сөз – аманат,  қалам – жауапкершілік

29 шілде 2025
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Сөз – аманат,  қалам – жауапкершілік

Фото: mospravda.ru

WhatsAppTelegramFacebook

«ҚЫРТ» ТІРЛІКТЕН ЖЕРІГЕН ЖОҚПЫЗ БА?» – деп басталған құрбы хаты қолыма тигелі бері біраз жылдың жүзі өтті. Алайда сол жазудағы сауал  санадан өшер  емес. Құлаққа түрпідей тиетін «қырт» сөзі алғашында ерсілеу көрінгенімен, қоғамда қордаланған шындықтың жалаңаш бет-бейнесін дәл ашып тұрғандай.

Арман Сқабылұлының «қазіргі журналистер – көкезу қырттар» деген солбір сөзі ел ішінде ғана емес, журналистиканың өз ордасында жүргендердің де жүрегіне тиіп, сана-сезімді сілкіп өткені анық. Бір қарағанда бұл – ауыр, ащы, тіпті шектен шыққан баға сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ сәл кідіріп, айналамызға көз салсақ… сөздің төркіні қайдан шыққанын ұғатын сияқтымыз.

Рас, бір кездері журналистика – шындықтың жаршысы, халықтың үні, әділеттің найзасы саналатын. Ол уақытта журналист – тек жаңалық жеткізуші емес, қоғамдық пікір қалыптастырушы, билік пен бұқара арасындағы алтын көпір рөлін атқарушы еді. Бүгін ше?  Журналистика – шоу мен шудың көлеңкесінде қалды. Ақпарат құралдарының бір бөлігі енді ойлы сөзге емес, оңай контентке, терең сараптамаға емес, тез өтетін видеоларға мұқтаж. Жаңалықтың да, журналистің де жаны жеңіл тартып барады. Білімі үстірт, тілі шұбар, ойы жүйесіз репортерлердің көбейгені – күнделікті көрініске айналды. Ең сорақысы – осыны қалыпты деп қабылдап келе жатқанымыз.

Қоғамды селт еткізер өткір сөз азайды. Себебі сөздің қадірі емес, форматы маңызды боп қалды. Ал журналист шындықты айта алмаса, шындық кімнің тілімен айтылады? Журналистикада енді кәсіби дайындық емес, экрандағы бейне маңызды. Кей БАҚ басшылары: «Өткір дүние жазба, тыныш жүр», – деп ашық айтады. Бұл – қалам еркіндігіне емес, өз болашағымызға балта шабу. Сөз – аманат, ал қалам – жауапкершілік. Егер журналист өз жазғанына сенбесе – қоғам оған сенбейді. Егер журналистика қоғамнан алыстаса – ел шындықтан алыстайды.

Бүгінгі таңда журналист – шындықты қорғай ала ма, әлде сұранысқа сай формат жасай ма? Шындықпен бетпе-бет келуден қашқан қаламгер кімге керек? Қоғамдағы әділетсіздікке үн қатпаған тілші нені жазады? Ендеше,

айтары бар адам болайық. Түйсігі терең, тілі анық, талғамы биік журналист болайық.  «Қырт» атанбас үшін – шындықтың жағында тұрайық.

Журналистика – жай кәсіп емес, жүрекпен сезінетін миссия. Ол қоғаммен бірге ауырып, бірге жазылатын тетік. Бізге сол тетіктің шын қызметін қайтару керек. Сонда ғана журналистика – қайтадан төртінші билікке айналады.

Сарби  ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.