Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жасөспірімдер суициді неге көбейіп барады?

Соңғы жылдары елімізде жасөспірімдер арасындағы суицид деректері жиілеп кетті. Бұл жай ғана медициналық мәселе емес. Шын мәнінде әлеуметтік, психологиялық, білім беру жүйелерінің шұғыл әрі үйлесімді қимылын талап ететін, қоғамның өзегіне айналған күрделі жағдай. Жасөспірім неге өлімді таңдайды? Қай жас қауіпті? Бұл туралы тереңнен зерттеп жүрген психолог Назира Сейдахметова пікір білдірді.

14.07.2025
РУХАНИЯТ
Жасөспірімдер суициді неге көбейіп барады?

psy.su

WhatsAppTelegramFacebook

Әр баланың жан дүниесіне мән беру ең мықты профилактика

Жасөспірімдер арасындағы суицидпен күрестің ең тиімді жолы оның алдын алу. Яғни, бала қиындыққа тап болғанда емес, оған дейін әрекет ету қажет. Әлемдік тәжірибеде дәлелденгендей, профилактиканың үш деңгейі бар: жалпы, нысаналы және жеке бағытталған көмек.

Жалпы профилактика – бұл мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Өйткені бала өмірінің көп бөлігін өткізетін орта мектеп екені белгілі. Мұнда оның мінез-құлқы мен көңіл-күйіндегі алғашқы өзгерістер байқалады.

  • Бастысы балаға психикалық денсаулық жайлы қарапайым тілмен түсіндіру: сезімді тану, басқару, өз ойын жеткізу, көмек сұрау дағдыларын үйрету.
  • Тренингтер мен ашық сабақтар арқылы эмоцияны ашық айтуға мүмкіндік беру керек.
  • Психологиялық қиындық туса, кімге жүгінуге болатынын нақты көрсету. Байланыс нөмірлері, сенім телефоны, психологтардың мекенжайы әр балаға қолжетімді болуы тиіс.
  • Мектеп қызметкерлері, яңни мұғалім, директор, вахтер бәрі де балалардың мінез-құлқындағы өзгерісті ерте байқап, дұрыс әрекет етуді үйренуі керек.

Осы әдістер бірнеше елде сәтті жүзеге асып, Қазақстанда да 2015 жылы БҰҰ Балалар қорының жобасында жақсы нәтиже берген. Айта кетейік, елімізде 24/7 режимде жұмыс істейтін 111 сенім нөмірі бар. Бұл тегін психологиялық көмек көрсететін ұлттық желі.

Қауіпті топ – ерекше қолдауға мұқтаж

Кейбір жасөспірімдер басқаларға қарағанда көбірек тәуекелге ұшырайды. Олар өз еркімен немесе психолог пен мұғалімнің кеңесімен көмекке жүгінген балалар. Осы санаттағы жасөспірімдермен психологтар, психотерапевттер немесе қажет болса, психиатрлар жұмыс істеуі қажет.

Мәселен, Канадада жүргізілген зерттеу (Wasserman et al., 2012) көрсеткендей, суицидтік ойлар көп жағдайда депрессиямен қатар жүреді. Демек, бұл жай қыңырлық немесе жасөспірімдік «бұлдану» емес, нақты психологиялық дерттің белгісі екенін ата-аналар түсінуі қажет. 

Көп ата-ана баласының көңіл-күйіндегі өзгерістерді «жасөспірімдік өтпелі кезең» деп қабылдап, шынайы қиындықтың бар екенін елемей жатады. «Үнемі ұйықтай береді», «жымиып жүрмейді», «жалғыз отыра береді», «ештеңеге қызықпай кетті» деген белгілерді шаршау немесе еркелік деп ойлап, мән бермейді. Бірақ дәл осылар депрессия мен суицидтік ойдың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Жасөспірім өзін сөзсіз жақсы көретін, ешқашан кінәламайтын, тек тыңдай білетін жанды іздейді. Егер оны үйде таба алмаса, ол ішкі күйзелісін жасырып, жалғыздықтан тығырыққа тірелуі мүмкін. Ата-аналарға айтарым, баланың дене қызуы көтерілгенде дәрігер шақырамыз, ал оның жан дүниесі ауырғанда неге күтеміз? Психологиялық көмек те дәл солай қажет. Жасөспірім «өмірден шаршадым», «ешкімге керек емеспін», «ештеңе қызық емес» десе бұл бей-жай қарайтын дүние емес, дейді психолог Назира Сейдахметова.

Неге бала суицидке барады?

Баланың өз-өзіне қиянат жасауы бір ғана себепке байланысты емес, күрделі, көп факторлы жағдай. Жасөспірімнің өміріндегі әрбір оқиға, эмоция үлкен рөл атқарады.. Қауіп тудыратын негізгі факторларды айтайық:

  • Буллинг (қорлау, мазақ ету) – ең қауіпті триггер. АҚШ-тағы CDC зерттеуіне сүйенсек, буллинг құрбандары суицидке 3 есе жиі барады.
  • Отбасындағы проблемалар – зорлық-зомбылық, немқұрайлық, ажырасу баланың ішкі дүниесін күйретеді.
  • Жалғыздық пен жауапсыз махаббат – эмоцияға толы кезеңде жасөспірім қолдаусыз қалса, өзін мүлде керексіз сезінеді.
  • Психикалық бұзылыстар – депрессия, мазасыздық, биполярлық ауытқулар кәсіби көмекті қажет етеді.
  • Қаржылық қиындықтар – әсіресе ауыл жастары үшін болашаққа деген сенімсіздік өзекті проблема.
  • Алкоголь және есірткі – шынайылықтан қашып, уақытша босап көргісі келген бала өзіне зиян келтіруі мүмкін.
  • Бұрынғы суицид әрекеті – бір рет жасалған әрекет қайталау ықтималдығын арттырады.

Осы орайда психолог Назира Сейдахметова былай деп пікір білдірді:

Жасөспірімдік кезең – адамның психикасы үшін ең осал әрі күрделі уақыт. Бұл жастағы бала өз-өзіне сенімсіз, ішкі күйзеліс пен сыртқы қысымның арасында қалады. Ата-анамен қарым-қатынасы суи бастайды, достарының пікірі маңыздырақ бола түседі. Егер осы кезеңде бала естілмей қалса, түсінілмесе – ол өз әлеміне шегініп, жалғыздыққа тап болады. Бұл өте қауіпті. Суицидке бірден емес, баяу қадамдармен келеді. Әуелі күйзеліс, кейін үмітсіздік, соңынан өмірден мән жоғалуы орын алады. Сол себепті ата-ана баласының жай-күйіне мұқият қарап, уақытында қолдау көрсетуі керек. Тек қана ‘оқуың қалай?’, ‘сабағың не болды?’ деп сұрау жеткіліксіз. ‘Қазір өзіңді қалай сезініп жүрсің?’, ‘Саған не көмектесер еді?’ деген шынайы сұрақтар ғана бала жүрегіне жетеді. Сонымен қатар, мектеп психологтарының да рөлі өте маңызды. Біз тек кеңес беруші ғана емеспіз, кей жағдайда баланың өмірін құтқарушы болуымыз мүмкін. Сондықтан профилактикалық жұмыстар жүйелі жүруі тиіс. Жасөспірімдердің психикасы – нәзік аймақ. Оларға қолдау мен түсіністік қажет. Ең бастысы – тыңдай білуіміз керек

Қай жас кезеңі аса қауіпті?

ДДСҰ деректері бойынша, 15–19 жас аралығы суицид қаупі ең жоғары кезең. Дәл осы кезең эмоционалды тұрғыдан тұрақсыз, ішкі жанжал көбейетін, өз-өзін тануға тырысатын уақыт. Жасөспірімдік кезең шамамен 10–19 жасты қамтиды. Бұл кезеңде:

  • Гормоналды өзгерістер жүреді. Бұл көңіл-күйге, ашушаңдыққа, сезімталдыққа әсер етеді.
  • Дене мен дауыс өзгереді, сенімсіздік пен ұялу күшейеді.
  • Эмоция тез өзгереді. Көңіл-күй құбылмалы, импульсивтілік артады.
  • «Мен кіммін?» деген сұрақ мазалайды. Өзін іздеу кезеңі басталады.
  • Ата-анадан алшақтап, достарға бағынышты бола бастайды.
  • Қоғамдық қысым мен өз-өзіне деген күмән күшейеді.

Міне, осы өзгерістер жасөспірімді психологиялық тұрғыдан осал етеді. Кішкентай ғана сәтсіздік – оның көз алдында үлкен трагедияға айналуы мүмкін.

Ата-ана не істеуі керек?

  • Тыңдаңыз. Кінәламай, ақыл айтпай. Тек тыңдаңыз. Балаға ашық сөйлеуге мүмкіндік беріңіз.
  • Сұрақ қойыңыз. «Сенің көңіл-күйің қалай?», «Қазір не қиын болып жүр?» – осындай қарапайым, бірақ жанашыр сұрақтар баланы ашуға көмектеседі.
  • Кәсіби көмек алыңыз. Психологқа жүгіну – әлсіздік емес, қамқорлық.
  • Уақыт бөліңіз. Құшақтап, тыңдап, бірге уақыт өткізу – балаға қауіпсіз әлем екенін сезіндіреді. Ал, психолог қандай кеңес ұсынады?

Балаға көмектесу үшін ата-ананың психолог болуына міндетті емес. Ең бастысы тыңдай білу, қабылдай алу және жаныңда болу. Жасөспірімдер үшін бұл кезең күрделі әрі қайшылыққа толы уақыт. Олар сезімдерін жеткізе алмай қиналады, кейде өздері де не қалайтынын түсінбейді. Осындай кезде ата-ананың қарапайым, бірақ тұрақты әрекеті ең үлкен қолдау бола алады. Ең бірінші, балаға тыңдалу құқығын беріңіз. Сөзін бөлмей, айыптамай, «жұрттың баласы» деп салыстырмай тыңдау бұл сіздің сенімге апарар алғашқы қадамыңыз. Баланың сезімі мен тәжірибесін кішірейтпеңіз: «Бұл – өтеді», «Бос нәрсе ғой» деген сөздер оның ішкі әлемін одан әрі жабады.

Суицид тұқым қуалай ма?

Өзін-өзі өлтіру емес, бірақ оған әкелетін кей психикалық бұзылыстар – депрессия, биполярлық бұзылыс – ген арқылы берілуі мүмкін. Сонымен қатар отбасы мүшелерінің суицид әрекеті балаға жаман үлгі болуы ықтимал.

Мәселен, Brent & Mann (2005) зерттеуінде, ата-анасы суицид жасаған жасөспірімдер арасында суицидтік ойлар 4 есе жиі кездескені анықталған.

Үнсіздіктен – трагедия туады

Жасөспірімдер – ел болашағы. Олардың ішкі жанайқайын ести білу, жәй ғана сөзін бөліп тыңдау, өмірінің ең қиын сәтінде жанында болу – әрбір ересектің, ұстаздың, маманның және ең алдымен ата-ананың ортақ жауапкершілігі. Суицид – үнсіздіктен туады. Біз үнсіз қалмауымыз керек. Өйткені бір жылы сөз, бір тыңдаған сәт – бір өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.