Талдықорған: +27°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ІІМ: Биыл 13 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді

21.08.2025
КҮЛТӨБЕ
ІІМ: Биыл 13 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді

kopyl.by

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде цифрландырудың арқасында мемлекеттік қызметтер, банктік және өзге де сервистер онлайн форматта қолжетімді. Алайда осы мүмкіндікті қылмыскерлер де кеңінен пайдаланып, түрлі алаяқтық схемаларды қолдануда. Сол себепті полиция қазақстандықтарды барынша сақ болуға шақырады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы El.kz интернет порталына сілтеме жасап,

Polisia.kz ресми порталының мәліметі бойынша, биыл жеті айы ішінде елімізде 13 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Ең көп кездесетін әдіс – сауда алаңдары сайттарына, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге жалған хабарландыру орналастыру. Әдетте алаяқтар тауарды немесе қызметті тым арзан бағада ұсынып, алдын ала төлемді немесе толық ақшаны сұрайды.

Алаяқтың құрығына түспес үшін:

  • тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз;
  • тауарды тек қолыңызға тигеннен кейін төлеңіз;
  • тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз (мысалы, бейнеқоңыраумен көрсетуді талап етіңіз);
  • егер сатушы басқа қалада болса, тауарды таныстарыңыз арқылы алдыртыңыз.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, азаматтар жылдам пайда табамын деген үмітпен күмәнді брокерлік компаниялар және инвестициялық жобаларға ақша салып, жиі алданып қалады. Тек өткен жылы ғана осындай схемалардың құрбаны болған қазақстандықтардың саны мыңнан асқан. Кейбірі тіпті несие рәсімдеп, бар қаржысын жоғалтқан. Алаяқтар ірі компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құрады. «Менеджерлермен» барлық байланыс тек онлайн жүреді. Сенімге кіру үшін кейде бір реттік «дивиденд» те төлейді.

Алаяқтардың тағы бір кең қолданатын тәсілі – банк немесе құқық қорғау органдары қызметкері болып қоңырау шалу. Қазір байланыс операторлары шетелден жасалған алаяқтық қоңырауларды анықтап, бұғаттап отыр. Осы жүйенің арқасында 65 миллионнан астам жалған қоңырау тоқтатылған. Дегенмен қазір алаяқтар шетелдік нөмірлер арқылы немесе WhatsApp мессенджерін пайдаланып алдап жүр. Биыл осындай 5,9 мыңнан астам жағдай тіркелген, – дейді министрдің орынбасары.

Олар азаматтарға «ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз» деп сендіріп, қаражатты қолма-қол айналдырады немесе басқа шоттарға жібереді. Кейбір адамдар өздері несие рәсімдеп, телефонына қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін қосымшаларды орнатып, банктен келген SMS-кодтарын да айтып қояды. Осылайша, өздері банктің барлық қауіпсіздік жүйесін айналып өтеді. Тіпті кейбір азаматтар пәтерін, көлігін сатып, түскен ақшаны да алаяқтарға аударып жіберген жағдайлар бар.

Банк те, полиция да ешқашан сізден дербес деректерді сұрамайды және телефон арқылы арнайы операция жүргізбейді. Ешқашан жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз. Кез келген жағдайда сақ болуға шақырамын. Қандай да бір күмәнді жағдайға тап болсаңыз, бірден полицияға хабарлаңыз, – дейді Санжар Әділов.

Егер алаяқтардың қақпанына түсіп қалсаңыз, дереу полицияға жүгініңіз. Барлық ақпаратты толық беріңіз:

  • алаяқ хабарласқан нөмір;
  • байланыс түрі;
  • алдау тәсілі;
  • ақша аударылған есепшот;
  • келтірілген шығын мөлшері.

Неғұрлым нақты әрі уақытылы ақпарат берілсе, қылмыстың ашылу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, былтыр 1 шілдеден бастап Ұлттық банкпен бірлесіп «Антифрод» жүйесі іске қосылды. Сол уақыттан бері 60 мыңнан астам күмәнді банктік операция бұғатталды.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі заңнамаға түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуде. Қазір азаматтардың өз банк шоттарын үшінші тұлғаларға пайдалануға бергені үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Ал алаяқтар осыны пайдаланып, ақшаны әртүрлі шотқа аударып, қылмыс ізін жасырады.

Осы орайда ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов алаяқтарды қалай тануға болатынын атап өтті:

  • олар телефон арқылы несие рәсімдеуді, жинақтарды «сақтауды» немесе «қайтаруды» ұсынады;
  • өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, қылмыскерді ұстауға көмектесуді талап етеді (тіпті бейнеқоңыраумен форма көрсетеді, бірақ ресми органдар бұлай істемейді);
  • брокерлік платформаларда немесе инвестициялық жобаларда қысқа мерзімде жоғары табыс уәде етеді.

Сақтану жолдары:

  • телефон арқылы келген ұсыныстарға сенбеңіз, ақша аудармаңыз, несие рәсімдемеңіз, мүлікті сатпаңыз;
  • дербес деректерді, картаның реквизиттерін, CVV-кодын, SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз;
  • белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз;
  • тексерілмеген сайттарға сенбеңіз, алдын ала төлем жасамаңыз;
  • күмәнді жобаларға инвестиция салмаңыз;
  • қосымшаларды тек App Store немесе Play Market-тен жүктеңіз;
  • күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, спам-хабарламаларды ашпаңыз;
  • операторлардан келгендей көрінетін қоңырауларға сенбеңіз, SMS-кодтарды бермеңіз;
  • банк жүйесіне кіру құпиясөзін жиі ауыстырыңыз, қосымша қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;
  • шоттағы ақша қозғалысын тұрақты бақылап отырыңыз.

Интернет-алаяқтардың айласы күн сайын көбейіп келеді. Бірақ қарапайым сақтық шараларын ұстансаңыз, қаржыңызды қорғап, қылмыскерлердің құрбаны болудан аман қаласыз.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.